«Kundelik.kz»-тен «BilimClass»-қа: қала мектептері жаңа платформға көшті

Электронды күнделіктер қазіргі заманның технологиялық талаптарына сай әзірленген білім беру құралы болып табылады. Олар оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін оқу процесін басқаруды және ақпарат алмасуды жеңілдетеді. Электронды күнделіктердің келесі мүмкіндіктері бар:

Оқу ақпаратын ұйымдастыру:

– Үй тапсырмалары, сабақ кестесі, және бағалар туралы ақпаратты сақтау және қолжетімді ету.

– Сабақтар мен сынақтардың нәтижелерін уақытылы бақылау мүмкіндігі.

Жылдам коммуникация:

– Мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы байланыс жүйеленіп, хабарламалар жіберу жеңілдейді.

– Оқушылар үшін жеке хабарламалар немесе топтық ескертпелер жіберу мүмкіндігі.

Оқу процесін қадағалау:

– Оқушылардың үлгерімін талдау және жақсарту үшін статистика мен есептерді пайдалану.

– Ата-аналарға баласының оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы мәліметтерді алу мүмкіндігі.

Көп платформалық қолдау:

– Электронды күнделіктер компьютерлерде, планшеттерде және смартфондарда жұмыс істейді, бұл оларды кез келген уақытта және кез келген жерде қолдануға мүмкіндік береді.

Оқушының өзін-өзі дамытуына көмектесу:

– Өз уақытын жоспарлау және оқуын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады.

– Жеке мақсаттарға жетуге көмектесетін ескертулер мен ұсыныстар.

Электронды күнделіктер білім беру мекемелерінің заман талабына сай дамуына ықпал етіп, білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл жүйелер ата-аналардың білім беру процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, оқушылардың жауапкершілігін арттырады.

Қала мектептері 2016 жылдан бері аралас, 2020 жылдан бері мектептердің бағыныстылығына қарамастан толығымен «Kundelik.kz» электронды журналы мен күнделік жүйесімен жұмыс жасады. Аталған электронды журнал педагогтердің қағазбастылық жұмысынан арылту және оқушылар мен олардың ата-аналарының кез-келген уақытта сабақ кестесін, бағалар тізімін, сабақ реттілігін көру үшін ашықтық мақсатында пайдаланылуда. Күнделік электронды журналын жүргізуде жүйенің ұсынған қызметтері Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің бұйрықтары мен жаңа бағдарламаларына сәйкес және төтенше жағдай жарияланған кезеңде мұғалімдер мен оқушыларға жүйелі жұмыс жасауға жағдай жасалғандығын айтуға болады.

Күнделік ЖШС-ның пайдаланушылары мұғалімдердің электронды журналы, оқушылардың электронды күнделігі, ата-аналарға арналған бақылау қызмет түрлері мен мобильді қосымшаларын, апта сайынғы талдау және есептілік жүйесін, КүнделікТрекер қызметін, пәндер бойынша дайын бейнесабақтарды қарау, онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін MS Teams платформасында бейнеконференцтер жасау жұмыстарын жүйелі әрі ақысыз қолданып келеді. Мұнда педагогтер журналды жүргізіп, оқушылар күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады, ал ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен қатысуын бақылай алады.

Республика кесіндісінде 2020-2021 оқу жылында екі рет, 2021-2022 оқу жылында екі рет, 2022-2023 оқу жылында екі рет,  2023-2024 оқу жылында да екі рет иеленіп, жалпы сегіз рет электронды журналды жүйелі жұмыс жүргізуі мен белсенділігі бойынша «Алтын түйме» белгісімен марапатталды. Атап айтсақ, әр жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірлер арасында «Kundelik.kz» компаниясы ұсынған «Алтын белгі» белгісі табысталып тұрды.

Ағымдағы 2024-2025 оқу жылынан бастап қала мектептері толығымен «BilimClass» электронды журнал платформасымен жұмыс істейді. Аталған журнал қызметінің артықшылығы – мұғалімдерге күнтізбелік жоспарлау қарапайым құрылған. Күнделікті журнал толтыруда оқушылардың бағалауы және оларды түгендеу тек стандартты функциялар /дайын шаблондар/ арқылы ғана таңдай алады, шатасулар болмайды. Сондай-ақ, оқушыларды енгізу барысында басқа мекемеге оқушыны шығару функциясы қосылған, қайталану болмайды.

 

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика