*National Geographic Qazaqstan беретін мүмкіндік*

*National Geographic Qazaqstan*– бұл әлемге әйгілі National Geographic Society ұйымының Қазақстандағы филиалы. Ол адамзат өркениетінің өзекті мәселелерін, жаратылыстың ғажап туындысы- табиғатты, археология мен биологияны, тарихты қамтитын әлемдік журнал.

*National Geographic Qazaqstan мақсаты*– қоршаған ортаны зерттеу,бейнелеу, оқырманға ой салу, шабыттандыру.

*National Geographic Qazaqstan маңызы:*
* Қазақстан табиғаты туралы мағлұмат беріп, табиғатының ерекшеліктерін ашады;
* Әлеммен мәдени мұраларымыз, бөлек мәдениетіміз бен дәстүріміз туралы қызықты оқиғалармен бөлісуге мүмкіндік береді;
* Әлемдегі соңғы ғылыми жаңалықтарды қазақ тілінде оқи аламыз;
* Әлемнің түкпір-түкпірін аралап, әртүрлі елдер туралы білуге шақырады;
* Балалардың қызығушылығын оятып, оларды танымдылыққа баулиды.

*Тұңғыш әлемдік деңгейдегі шетел журналы:*
National Geographic Qazaqstan журналы 2016 жылдың ақпанында жарық көрді. 38 тілде шығарылатын журнал, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ана тілімізде басылған тұңғыш әлемдік деңгейдегі шетел журналы болып табылады. Жалпы 133 жылдық тарихы бар журналдың оқырмандар саны 46 миллионға жеткен. Ал брендің жалпы аудиториясы (журнал, телеарна, кітап, әлеуметтік желі) 900 миллионнан асады.

*National Geographic Qazaqstan беретін мүмкіндік:*
Журналдың түрлі-түсті бояуға қанық таңғажайып фотосуреттері мен қызықты мақалалары, өз оқырмандарына үйден шықпай-ақ, саяхаттауға мүмкіндік береді. Баспаның алғашқы нөмірі халықаралық талаптарға сай, Еуропаның жетекші баспаханаларының бірінде шығарылды. Бұндай суреттерді журналдан бөлек, брендттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады. Instagram платформасындағы ресми парақша @natgeoqaz 100 мыңға жуық тіркелім жинаған.
Бүгінде бренд тұтынушыларға киім үлгілерін де ұсынуда. Киім өндірісі үшін тек экологиялық таза шикізат, қайта өңделген материалдар мен табиғи мақта қолданылған. “Жеңіл және дем алатын мата адам денесінде сезілмейді “ — деп, сипаттапты өз өнімін National Geographic Qazaqstan. Бренд сайтының интернет дүкенінде 31 ер адамдарға, 9 қыз-келіншектерге арналған позиция бар.

*Қорытындылай келе*, National Geographic Qazaqstan- бұл қазақ тіліндегі танымдық басылым. Ол әлем мен өзіміздің еліміз туралы көптеген қызықты ақпараттар береді. Әлемді зерттегісі келетін, табиғат пен ғылымға қызығатын тұлға үшін National Geographic Qazaqstan мүмкіндігі көп, күнделікті ізденіс үстіндегі, маңызды журнал.

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Медиажурналистика
Сұлтанғазин Бекарыс Елдарұлы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика