АГРОКЕШЕН

Колонт: Жер қатынастары

САРЫАҒАШ ПЕН КЕЛЕС АУДАНДАРЫНДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

Газетіміздің өткен сандарында Түркістан облысының аудандарында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында атқарылып жатқан шаруалар жайлы сөз етіп, ілкімді істерін таныстырып келеміз. Бүгінгі санда да сол дәстүрден айнымай, Сарыағаш және Келес аудандарына назар аударып едік. Бұл қос ауданның тыныс-тіршілігі мен географиялық орналасуы да, күні кешегі уақытқа дейін тарихы да қатар болып келіп еді, атқарылып жатқан шаралары да ортақтығы тақырыпты бірге қарауға мүмкіндік береді екен. Қарап көріңіз.

МЕМОРАНДУМ АРҚЫЛЫ 55 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛМЕК

Сарыағаш ауданында бүгінгі таңда облыс әкімінің тапсырмасы мен ұлттық жобаға сәйкес,елді мекен маңындағы ортақ мал жайылым жерлерді ұлғайту бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, аудан аумағындағы жер пайдаланушылардың егістік жерлері егіннен босағаннан кейін ауыл тұрғындарының малдарын жаюға келісімдер алынып отыр.

Осы мақсатта қазіргі күнге 54 589 га жерге меморандум жасалынды. Ендігі кезекте егіннен босаған аумақтарда ауыл тұрғындары кедергісіз мал жаюға мүмкіндік алып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан бойынша 3219 га жер учаскелері ауылдық округтердің қосымша ортақ жайылымдарына берілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қосымша 1000 гектарға жуық жер учаскелерін ортақ пайдаланудағы жайылымға беру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

Айта кетсек, қазіргі таңда аудан аумағындағы 71 елді мекендердің жер-шаруашылық жоспарларына сәйкес барлығы 28 262 гектар жер ортақ жайылымға бекітілген. Елді мекендердегі ортақ жайылым жерлерді ұлғайту бойынша жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауымен тұрақты түрде жалғасатын болады.

ДАРБАЗАДА 671 ГА, ҚАРАҚАЛПАҚ ПЕН ЖЫЛҒАДА 1233 ГА ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛГЕН

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми парақшасы таратқан тағы бір мәліметке құлақ түрсек, ауыл тұрғындарының мал шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасаудың ісі жалғасып жатыр екен. Сондай шаралардың бірі – ортақ жайылым көлемін арттыру ісі.

Бұл тұрғыда ауданның түкпір-түкпіріндегі ауыл округ әкімдіктері атқарылар шаруаларды реттеп, жүйелеп тастаған. Әсіресе, бұл науқаннан шалғай жатқан ауыл округітері де шет қалмаған. Мсыалы, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған ортақ жайылым жер мәселесі бойынша аудан басшысы ағымдағы жылы нәтижелі жұмыстың арқасында Дарбаза ауылдық округіндегі жалпы 671 га жер ортақ жайылымға берілген.

Ал, Қарақалпақ пен Жылға елді мекендерінде 1233 га жер ортақ жайылымға берілген. Аталған ортақ жайылым мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген екен. Бұл жер мәселесі бойынша жөнінде аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов ағымдағы жылы мәслихат отырысының шешімімен шешілгенін тілге тиек еткен.

ЖЫЛҒАЛЫҚТАРҒА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛЕДІ

Сарыағаш ауданындағы Жылға ауылында жер телімдерінің құжаттары дайын болуына қарай 500-ге жуық азаматқа тұрғын үй салу үшін жер телімдері берілетін болады. Ал қазірге елді мекенінде жер теліміне кезекте тұрған 11 азаматқа алғашқы жер телімдері табысталып отыр.

Жер телімінің құжаттарына қол жеткізген ауыл тұрғындарының барлығы да бірнеше жылдан бері жер кезегіне тұрғандар. Себебі, бұған дейін аудан көлемінде 2012 жылдан осы күнге дейін ешбір елді мекенде жер телімдері берілмеген. Осыған орай,аталған шараға аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, жер иелеріне құқық беруші құжаттарын табыстады.

Бүгінгі таңда аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, тұрғындардың жеке тұрғын үйлерін салу үшін жер телімін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен қатар, тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінгенімен Заң талаптарына сәйкес, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер телімдері табысталмайды. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында Жылға ауылдық округінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып, қазір сол жер телімдерін табыстағалы отырмыз. Болашақта алып отырған жер теліміне құтты қоныс салып, осы жер үлкен орталыққа айналсын!— деді аудан басшысы.

Жер телімін алған ауыл тұрғыны Жарқынбек Қанаев халықтың көкейтесті мәселелерінің бірі шешімін тапқанына қуанышты екендігін, көптен бергі арманының орындалғанын айтып, аудан басшысына алғысын білдірді. Сонымен қатар, ауыл қариялары да елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ақ батасын беріп, жақсы істер жалғасын таба берсін деген ізгі тілектерін жеткізді.

Жылға елді мекенінде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 42 гектар аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 16 шақырым электр желілері және 4 дана трансформатор орнатылды. Сондай-ақ ұзындығы 6 шақырымнан аса көшелерге шағал төсеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданда 18000-нан астам азамат жер телімінің кезегінде тұр. Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін сұрап жазған өтініштер санын азайту мақсатында Дербісек елді мекеніндегі 70 га жаңа қоныстану аймағын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылған. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда аталған аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады.

ҚОРА-ҚОПСЫЛАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Ауыл шаруашылығы саласында ауыртпалық көп. Мәселен, төрт түлік малмен айналысатын әрбір шаруа малды уақытылы залалсыздандыру, түрлі ауруға қарсы екпе салуға тырысады. Негізгі мақсат – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға қарсы егу жұмысын бақылау, ақпараттандыру. Оған қоса аудан көлемінде ауру ошақтарын болдырмау, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау.

Ауданда да аталған бағытта жүйелі бақылау күшейіп, ауруды ауыздықтау мақсатында «Сарыағаш ауданының малдәрігерлік қызметі» коммуналдық кәсіпорынының мамандары тарапынан төрт түлік малдар арасында энзоотиялық аурулардың алын алу, яғни кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде ауданда 75130 бас ірі қара малға, 469450 дана қажетті «Ивервет-Е» препараты жеткізілген. Сонымен қатар, қазіргі таңда 1850000 ш/м қора жайлар мен жапсарлас аумақтарды және 580000 ш/м мал иірімдері мен буферлік аумақтарды залалсыздандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, аудан аумағында жыл санап малшаруашылығы айтарлықтай дамып, төрт түлік малдардың саны өсуде. Бұл агросектордың дамуының негізі екені сөзсіз. Бүгінгі таңда ауданда жеке тұлғалар мен агроқұрылымдардың иелігінде 79379 бас – ірі қара, 664499 бас – уақ мал, 21224 бас – жылқы, 132 бас – түйе, 537483 бас – құс өсірілуде.

ЖЕР БЕДЕРІНЕ ЗИЯН КЕЛТІРІП, ҚАЗЫП ҚОРШАҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕРЛЕРІҚАЙТАРЫЛАДЫ

Келес ауданының әкімі А.Есбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өткен. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралса, олардың ең өзектісі – жер мәселесі мен дұрыс пайдаланылмаған учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару тақырыбы.

Жер қатынастары саласында орын алып жатқан өзекті мәселелер бойынша ауданның жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы С.Тайрахунов баяндама жасады. Бүгінгі таңда аудан аумағында мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлер блйынша арнайы түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1 290 гектар аумақ ауданның арнайы жер қорына қайтарылған. Түгендеу жұмыстары жалғасатын болады.

Өз кезегінде аудан әкімі жер бедеріне зиян келтіріп, қазып қоршаған азаматтардың жерлерін қайтару бойынша заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруға тапсырма жүктеді.

Аудан басшысы өткен аппараттық жиында ішкі талдау жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген болатын. Берілген тапсырма аясында аудан әкімі аппаратының бөлімшелерінің атқарып жатқан жұмыстарына сараптама жүргізіліп, нәтижесінде әр бөлімше функцияналдық міндеттерін орындауда кемшіліктерге жол бергені анықталды.

Анықталған кемшіліктер бойынша бөлімше басшыларының жауапкершілігі қаралатын болды. Алдағы уақытта ішкі талдау жұмыстары әрбір мекеме мен ауыл, ауылдық округі әкімдіктерінде жүргізілетін болады.

Жиын барысында ауданда атқарылып жатқан санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы мәселе қаралып, алдағы атқарылар жұмыстар пысықталды.

МЕМОРАНДУМ ЖАСАСУ АРҚЫЛЫ БОЗАЙДА 15 МЫҢ, ЖАМБЫЛДА 24 МЫҢГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕРГЕ МАЛ ЖАЮҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

Келес ауданындағы Бозай ауылының тұрғындары ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда жүрген өңірлердің бірі. Соның ішінде мал шаруашалығымен айналысатын шарулардың қарасы басым. Мал шаруашылығын дамытамын деген шаруада жайылым жер мәселесі өзектілігін жоғалтпаған.

Аудан басшысының бозайлықтармен алдынғы кездесуінде осы мәселе көтерілген болатын. Тұрғындар мәселесін шешуде өткен 3 ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылған. Жайылым жер телімдерін ортақ пайдалануға енгізу жұмыстары бойынша Бозай ауылдық округі аумағынан 1 375 гектар жайылым жер учаскесіне оң қорытынды беріліп, жерге орналастыру жобасы атқарылды. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің қаулысы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, 15 000 гектар жайылым жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен үш жақты келісім шарт жасау жұмыстары қатар жүріп жатыр екен.

Бұл шара Бозай ауыл округіне көрші жатқан Жамбыл ауылдық округінде де шешімін тауып келеді. Бұл ауыл округіне 5 елді мекен қарайды, орталығы – Бекбота ауылы. Ауылдық округте биыл 2 000 гектар аумақ халықтың ортақ жайылымына берілді. Тағы 24 мың гектар жайылым аумағы үш жақты меморандум арқылы тұрғындардың мал бағуына рұқсат етілмек. Қазіргі таңда шаруалармен келісім жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖОБАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Келес ауданында жасақталған жерге орналастыру жобасын Мемлекеттік корпорацияға әзірлеуші тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл жағдай жеке тұлғалардың қағазбастылықтан арылып, бір терезе қағидаты бойынша қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға жол ашады.

Бүгінгі таңға дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу үшін жердің иесі немесе оның сенімді өкілі келіп тапсыруы қажет болатын. Аталған қызмет түрімен айналысатын Келес ауданындағы «Абай жер» ЖШС бұл жағдайды жеңілдету мақсатында қажетті мекемелерге сұрау салып, қызмет алушы тұрғындардың жұмысын жеңілдетуге қол жеткізді.

Айта кетейік, жерге орналастыру жобасын әзірлеуші дайындалған жоспарын және оның бұрылыс айналма нүктелері координаттарының ведомосін Мемлекеттік корпорацияға жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру үшін береді.

Бетті әзірлеген С.ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика