Балаға қандай қауіп төнуі мүмкін?

Маман кеңесі

Ұсақ заттар (түймелер, дәрілер мен кішкене шарлар, қайшылар, пышақтар, шанышқылар, тоқыма біздер, инелер, түйреуіштер, шегелер, шаш түйреуіштер, ұшталған қарындаштар, қаламдар) баланың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
Еденге жақын шкафтардың есіктері кілтпен жабылуы немесе бала оларды аша алмайтындай етіп байлануы керек.
Өткір бұрыштар қалың жұмсақ маталармен, кілемшелермен немесе жастықтармен жабылуы керек. Тамақтандыру кезінде сынғыш шыны заттарпайдаланылмауы тиіс.
Электр құралдары мен резеткелер кішкентайбалаларды аса қызықтырады. Тіпті электрезеткелербиікте орналасқан дегеннің өзінде, оларға міндеттітүрде «бітеуіштер» қою немесе олардылейкопластырмен желімдеу керек.

Ата-аналарға берер кеңесіміз, еңбектей отырыпбүкіл пәтеріңізді «жат планеталық тұрғысынан«, яғни заттардың тағайындалуы белгісіз тіршілік иесіретінде мұқият қарап шығыңыз (бұл қауіпсіздіктіңбірінші деңгейі болады). Осы кішігірім, алайдамаңызды зерттеу барысында өзіңіз үшін танысжәне айқын заттар сіздің балаңызға белгісіз жәнетүсініксіз екенін естен шығармаңыз. Егер белгілібір жерде балаға қауіп төнудің болмашы мүмкіндігібар болса, оны қауіпсіздендіруге тырысыңыз.

Жылыту құралдарына, ашық от бар жерлерге, тамақ дайындалатын жерлерге, сондай-ақ сіріңке, тұтандырғыш, тез тұтанатын сұйықтықтар, шырақтар сияқты заттарға ерекше назар аударуқажет.

Үстелдің шетіне ешқашан ыстық сұйықтығы бар кастрюльдер немесе шәйнектер қоймаңыз жәнедастархандарды уақытша болсын алып тастағанжөн, себебі бала оның шеттерінен тартып үстелдетұрған заттарды өзіне аударып алуы мүмкін. Ескесалатын жайт, күйіп қалубалалар өлімінің жиісебептерінің бірі болып табылады.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика