Қаржылық сауаттылық — бұл жеке тулғаның қаржылық мәселелерді дұрыс шешу. Қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейі адамға тұрақты қаржылық жағдайды қалыптастыруға және болашаққа сеніммен карауға мүмкіндік береді.
Қаржылық алаяқтық — бүгінгі күні өте өзекті мәселелердің бірі. Жаңа технологиялардың дамуымен қатар, алаяқтар да жаңа әдістер ойлап тауып, адамдардың, сеніміне кіріп,
ақшаларын алдап алуға тырысады. Қаржылық пайда табу мақсатында
жасалатын заңсыз әрекеттер.
Қаржылық алаяқтар олар әртүрлі әдістер мен технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылады. Бұл мақалада
қаржылық алаяқтықтың, негізгі түрлерін, олардың ерекшеліктерін және осы алаяктықтан қалай қорғануға болатынын қарастырамыз.
Қаржылық алаяқтықтың негізгі түрлері:
1. Алаяқтар арнайы бағдарламаларды пайдаланып,басқа құрылғыларға қашықтан кіруге мүмкіндік алады.
Мобильді банкингті толық меңгермеген адамдарға алаяқтар TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hopto Desk, RuDesktop-ты жүктеп алуды ұсынады.
2. Электрондык пошта хаттарындаты вирус: Электрондық пошта немесе SMS арқылы сенімді ұйымдардың, атынан хабарлама жіберіп, жеке меліметтеріңізді немесе банктік деректеріңізді алуға
тырысады.Банк карталарының деректерін ұрлап,ақша қаражаттарын заңсыз алуға ұмтылады.
3. Әлеуметтік инженерия: Адамдардың
психологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып олардың сеніміне кіріп, ақшаларын алдап алып жатады.
4. Элеуметтік инженерия: кауіпсіздік туралы жадынама. WhatsApp-та хат алмасудан бастап, телефонмен хабарласқанда бейне қоныраулармен сөйлескен кезде алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп және қорқыта отырып өздерін: КР ҰҚК к
қызметкері, Полиция департаментінің немесе ІІМ қызметкері; ҚР Ұлттық банкінін Қаржылық бақылау департаментінің қызметкері деп
таныстырады. Алаяқтар қорқытуды, нақты адамдардың фотосуреттері мен аттарын және қужаттардың жалған электрондық көшірмелерін (бұйрықтар, қызметтік куәліктер, хаттамалар және т.б.) пайдаланады. Олар ақша аударымын жасауды немесе басқа әрекеттерді орындауды талап етеді.
5. Үшінші тұлғалардың қолжетімділігі: Сіздің компанияңыздың қызметкерлері ақпараттық қауіпсіздікке немқұрайлы қарайды және үй-жайдан шыққан кезде жұмыс компьютерін бұғаттамайды, компьютерге кіруді күрделі парольмен қорғамайды немесе есептік жазбада кұпия сөзі мүлдем жоқ. Бұл жалған мәмілелер жасау және басшының ЭЦК-сымен қол койылған шоттарды қолдан жасау сияқты заңсыз әрекеттерге әкелуі мүмкін. Егер алаяқтар кілтіңізге қол жеткізсе, Сіз компанияңызды және компанияның, шоттарынан барлық қаражатыңызды жоғалтуыңыз мүмкін, өйткені олар сіздің кілтіңіздің көмегімен кұжаттарды қайта ресімдей алады.
Қазір жаһандану заманында қаржы пирамидасына алданып қалу өте оңай. Дегенмен сыни ойлау жүйесі жақсы дамыған тұлғаның ондай арбаудың құрсауына түсуі екіталай. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидалары мен алаяқтарды анықтау бойынша бірқатар жұмыс атқарып жатыр. Құрылған алгоритм 2022 жылы қаржы пирамидалары белгілері бар 6,5 мың сайт пен аккаунтты бұғаттауға мүмкіндік берді. Ал биыл бұғаттауға 2,5 мың сілтеме енгізілді. Оның нәтижесінде соңғы 5 айдың ішінде 39 мың азаматқа ескерту хабарламалары жіберілген, олардың 90% (38000) күдікті аккаунттардан бас тартты.
“ Зиянды өтеу бойынша да оң динамика байқалады. Егер 2020 жылы залалдың тек 1% (890 млн. — нан 9,5) өтеуге болатын болса, қазір аяқталған тергеулер бойынша екі есе дерлік қамтамасыз ету (5,7 млрд. — тан 8,3) бар, оның 7,8 млрд. теңгеге (573 млн. өтелген) тыйым салынған мүлкі бар. Зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін оны іске асыру туралы шешімді сот қабылдайды”-деді ҚР Қаржылық агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов.
Қаржылық алаяқтықтан қалай сақтануға
болады?
• Ешкімге кұпия сөздеріңізді айтпаңыз.
• Күмәнді сілтемелерге баспаңыз және белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға жауап бермеңіз.
• Тек ресми сайттар арқылы төлем жасаңыз.
• Банк картаңызды үнемі бақылап
отырыңыз.
Қаржылық алаяқтық — заманауи
қоғамның маңызды проблемаларының
бірі. Алаяқтар әртүрлі әдістерді қолдана отырып, адамдардың сенімін
пайдаланады. Сондықтан қаржылық
сауаттылықты арттыру жеке
мәліметтерді қорғау және күмәнді
ұсыныстардан аулақ болу қажет. Көп азамат қаржылық сауаттылық үнемдеу деп ойлайды. Бірақ қаржылық сауаттылықты қаржыны орынды, парасаттылықпен жұмсау деп айтатын едім. Қазіргі уақытта өзіңізді дамытуға ақшаны аяудың қажеті жоқ. Өзіңіздің жақындарыңыздың алдында жомарттық танытқан да дұрыс. Бірақ оның барлығы ретімен болуы керек .Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында әркім өз білімін жетілдіріп, қаржылық мәселелерді түсінуі тиіс. Қаржылық сауаттылықты дамыту арқылы әр адам өзінің және өз отбасының болашағын қауіпсіз әрі табысты ете алады.
Фарангиз Саматқызы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті.
Leave a Reply