*АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС*

 

Қазіргі таңда, фишинг яғни, кибералаяқтылық- қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Қулықшылар көбінесе психологиялық әдісті пайдаланып,қысым жасайды.

Олар банктің тіпті полицияның атынан да хабарласа беруі мүмкін. Сондықтан, адамдар оларға алданып қала береді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараты бойынша алаяқтық әрекеттерінің салдарынан 34623 адам зардап шекті оның 15603-і ерлер, ал 19020-ы әйелдер.
Қаржылық алаяқтық бойынша елімізде барлығы 15616 қылмыстық құқықбұзушылықтар орын алған.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар — 102, мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар — 291, зейнеткерлер -1714, мүгедектер – 8.

Қылмыскерлер өздерінің пайдасы үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана бастады. Олар басқа құрылғыларға қашықтан кіре алуға мүмкіндік тапты.

Алаяқтар қаржылық сауаттылықты, мобильді банкингті игермеген адамдарға TeamViewer, RustDesk, Hopto Desk,AnyDesk, ,Rudesktop секілді қосымшаларды жүктеуге ұсыныс тастайды.

Сонымен қатар, электрондық пошта хаттарындағы вирустарға мән берген жөн. Оны негізгі үш қадаммен түсіндіре аламыз.

Бірінші, өтініш тақырыптарына назар аудару.

Екінші, Банк ешқашан ақпаратты электрондық поштаға жібермейді.
Ең негізгі ақпараттар үнемі Onlinebank-тің ішінде орналасады.

Үшінші, салынған күмәнді файлдарды еш уақытта жүктемеу,бұл өте қауіпті болуы мүмкін.

Осы жағдайлардың алдын алу үшін біз күдікті тексере аламыз.
1.Операцияларды бақылау
2.Серіктестерге мұқият болу

ӘЛЕУМЕТТІК ИНЖЕНЕРИЯ:Қауіпсіздік туралы жадынама

Алаяқтар ең алдымен, өзінің болашақ құрбаны жайлы ақпарат жинайды. WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде клон жасайды және шабуыл жасайтын компанияны зерттейді.

Екіншіден:нақты тұлғаның атын және суретін пайдаланады.Сурет қолдану барысында басшының,негізгі қызметкердің,акционердің фотосуреттерін қолданады.

Негізгі әрекеттері:WhatsApp.Хат алмасу,қоңырау шалу,қорқытып сөйлеу әдісін қолданады.Олар өздерін көп жағдайда ҚР ҰҚҚ,ІІМ қызметкері және т.б басқа лауазымды есімдермен таныстырады.

WHATSAPP/TELEGRAM қосымшасындағы шабуылдаушылардың мақсаттары:
1.Ақша аударту.

2.Мессенджерлерге кіру рұқсатын алу арқылы өзіне керек ақпараттарды жинап, сенімді шабуыл жасау.

3.Карта деректерін ұрлау арқылы қолма-қол ақша алу.

4.Фишинг сілтемелерді пайдалану,ішкі желіні бұза отырып,басшының қатысуынсыз шабуылды жеделдету.

5.Жеке және қызметтік ақпараттарды ұрлау.Бұл ақпараттарды бопсалау үшін пайдалану.

6.Әлеуметтік желілерден немесе мессенджерлер арқылы есептік деректерге қол жеткізу.

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

•Бейтаныс адамдардың бейне қоңырауына жауап бермеу.

•Поштаңызға немесе басқа қосымшаңызға келген ақпараттарды жақсылап тексеру.

•Күдікті сілтемелерді ашпау.

•Өтініштер бойынша күдікті қосымшаларды жүктемеу.

“Досқа қоңырау шалу”

Бұл айла алаяқтардың ең сүйікті әдісі.
Негізі, жақын адамдарға,достарға олардың апатқа түскендері жайлы және жедел түрде ақша керек екендігі жайлы қоңыраулар келеді.

Айлакерлер бұл жағдайда психологиялық қысым жасап, ақша аударуды талап етеді.

Осы сияқты жағдайларда мүмкіндігінше бірден жақындарыңызға хабарласыңыз.
Ең бастысы сабыр сақтап, ақша аударуға асықпаңыз. Қылмыскерлердің жеңіске жетуіне жол бермеңіз.

Ақерке Тұрғанбек,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика