ҚОҚЫСТЫ ДҰРЫС ТАСТАМАЙДЫ ЕКЕНСІҢ, ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖЕГІЛЕСІҢ

 

Қазақстандықтар қоқысты дұрыс емес жерге лақтырғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Конституцияның 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.

«Қазір қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстар қолданылады. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекті қолдануға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер бойынша қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет», — делінген жарияланған құжатта.

Құжатта адам ұсақ бұзақылық жасаса немесе қоқысты тиісті жерге тастамай, лақтыра салса, мұндай құқықбұзушы үшін бірнеше АЕК айыппұл орнына қоғамдық жұмыстарды қолдануға болатыны айтылады.

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика