Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төлемге өтінімді электрондық форматта беруге болады

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтінішті енді электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – eGov.kz порталы) арқылы беруге болады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын өтініштер ХҚКО және медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімдері арқылы қағаз түрінде қабылданған еді.

Қызмет көрсетудің жаңа онлайн-форматы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

eGov.kz порталы арқылы «Отбасыларға көмек» бөлімінде өтініш беру үшін «Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» тармағын таңдау қажет.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті мәліметтерді толтыруы және өтінімге электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюы қажет.

Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Қызметті алу үшін мүгедектіктің болуы және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы ақпарат (МӘС бөлімінің қорытындысы), сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және оған соңғы 24 айда түскен түсімдер туралы деректер талап етіледі, олар Еңбекминінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тексеріледі.

 

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика