tom: 0pt;»> tories/icapnmzra.jpg» />Өмір дегеніңіз – қозғалыс. Бірақ, өміріміз құрысса, яғни арқамыз, бұлшықеттеріміз және сүйектеріміз ауырса не істеу керек? Мұндай сәттерде әрине, қуаныш, жеңілдік дегендер ұмытылып, өмірдің сапасы айтарлықтай төмендейді.
tom: 0pt;»> Егер сіз денеңізде дискомфортты сезсеңіз, буындарыңызда қозғалыс шектелсе, арқаңыз және жауырын аймағының сыздағанын сезсеңіз, онда сіздің ағзаңыздан кальцийдің шайылуы жүріп жатыр деген сөз. Ал бұл өз кезегінде — остеопороздың бірінші симптомдары болып табылады. Біз бәріміз де еркін қозғалғымыз, жұмысқа барғымыз, қоғамның белсенді мүшесі болғымыз келеді, сондықтан да сүйектер мен буындардың жағдайы туралы ойлануға тура келеді.
tom: 0pt;»> Остеопороз деген не?
tom: 0pt;»> Остеопороз – бұл сүйектердің төзімділігінің төмендеуі, жұқаруы. Бұл барлық сүйек тінін, соның ішінде сан, білек сүйектерін және омыртқаларды зақымдаумен жүреді. Сүйектердің тығыздығының кішіреюі сан сүйегі мойынның, омыртқа және шынтақ сүйектерінің сынуына себеп болады. Ал,мұндай сынықтардың бітуі нашар немесе сүйек тінінің тығыздығының әлсіздігінен тіпті бітпеуі де мүмкін.
tom: 0pt;»>Бұл маңызды!
tom: 0pt;»> БДҰ мәліметтері бойынша, остеопороз әлемде инфекциялық емес аурулардың ішінде төртінші орында тұр.
tom: 0pt;»>Остеопороздың себептері және белгілері:
tom: 0pt;»> Остеопороз баяу бірнеше жылда дамиды. Алғашында бұл ауру білінбей, жағымсыз сезімдермен мазалаумен жүреді. Аурудың 30-жастан кейін дамитыны шартты деп саналады (дәл осы жаста біздің сүйектеріміздің тығыздығы кішірейе бастайды), және шамамен 40-45 жаста белсенділігі арта түседі. Бұл әйелдердің менопауза кезеңіне сай келеді. Осы кезеңде әйел ағзасында калцийдің және магнийдің сүйектерден белсенді түрде «шайылуы» жүреді де, сүйек тіні компоненттерінен айрылған соң өз кезегінде төзімділігін жоғалтады. Сүйектердің жұқаруы, сонымен қатар жасқа байланысты эстроген деңгейінің (әйелдерде) және прогестерон деңгейінің (ерлерде) төмендеуімен де байланысты. Остеопороздың дамуына өмір сүру салты да себеп болады: ол құрамында кальцийі жоқ біртекті тамақтану; «отырып» жұмыс жасау; никотин және ішімдікпен әуестену. Остеопороз әйелдерде ерлерге қарағанда жиі кездеседі. Оның симптомдары әрқашанда арқа және жанбас-сан аймақтарының сыздап ауырсынуымен қоса жүреді. Кеуде және бел тұсындағы омыртқаның ауырсынуымен байқалуы мүмкін. Жүріс өзгереді, бұл- (бүкір пайда болған тәрізді), қаңқа формасының өзгеруімен байланысты, адамның бойы кішірейеді. Қосымша симптомдарға: дене салмағының төмендеуі, тез шаршағыштық, түнде табан және балтырдың тартылуы, тырнақтың және шаштың сынғыштығы, пародонтоз жатады.
tom: 0pt;»> Емге қарсы шықпаңыз!
tom: 0pt;»> Егер сіз өзіңізден осындай симптомдарды байқасаңыз – емге қарсы шықпаңыз! Маман көмегіне асығыңыз және өмір сүру салтын өзгертіңіз! Әрине, кез келген ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс. Бірінші кезекте – қаңқаны нығайту және сауықтыру керек.
tom: 0pt;»> Ем алу барысында сіздің тамақтану рационыныңыздың маңызы зор. Ағзаға кальций, магний, D витаминінің түсуін қамтамасыз ету керек. Бұлар: дәнді-дақылдар, сүт тағамдары, жеміс-жидектер (мысалы, құрма). Естеріңізде болсын, кальцийдің ағзадан шайылуына газдалған су, консервілер, ет және шұжық, тұзы басым өнімдер әкеледі. Міндетті түрде өз рационыңызға құрамында кальцийі және магнийі бар биологиялық белсенді қоспаларды қосыңыз. Бұл сіздің сүйектеріңізге арналған қосымша тамақтану көзі қаңқаны тиімді нығайтады!
tom: 0pt;»> Есте сақтаңыз, кальций магнийдің көмегінсіз біздің ағзамызда сіңбейді. Дәл осы екі минералдың бірлесуі остеопороз емінде тиімді!
tom: 0pt;»> Аурудың алдын алу: остеопороз өмір сапасына әсер етпеу үшін өз дұрыс тамақтаныңыз. Аурудың мазалағанын күтпей, алдын алуды бүгін бастаңыз!
tom: 0pt;»> Біздің кеңесіміз:
tom: 0pt;»> Күнделікті физикалық жүктемелермен айналысыңыз. Кофеден, шылымнан және ішімдіктен бас тартыңыз. кальций және D дәруменін адекватты дозада қолданыңыз; күнделікті дене шынықтырумен айналысыңыз (бұлшықет аппаратын және байламдарды нығайтатын физикалық жаттығулар жасау). Сүйек тінінің тығыздығын жоғарылатуға бағытталған әсері бар препараттарды қабылдаңыз.Көптеген жастар 30 жастан кейін қайта толық қалпына келмейтін табиғи үдеріс, яғни сүйек тінінің жұқаруы басталатынын білмейді. Сүйек неғұрлым қалың (тығыздау) болса, солғұрлым олардың сынғыштығы аз болады.
tom: 0pt;»> Остеопороз қаупіне көп жағдайда постменопауза кезеңінде жүрген әйелдер (55-60 –жаста) ұшырайды, бұл ауру еркектерді де сырт айналып өтпейді. Осыған байланысты жас әйелдер өздерінің қауіптерін біліп, остеопороздың бетін қайтаруға және дамуын баяулатуға дайын болуы керек.
tom: 0pt;»> D дәрумені неліктен маңызды?
tom: 0pt;»> Ғалымдар D дәруменінің кальцийдің сүйектерге сіңуінде негізгі рөл атқаратынын дәлелдеп отыр. Зерттеулер көрсеткендей D дәрумені егде жастағы адамдардың құлауын 22% төмендетеді. Дегенмен бұл дәруменді шектен тыс қабылдау аса қауіпті кері әсер беруі мүмкін. D дәрумені бар препараттарды емдік дозада қабылдамастан бұрын қан анализін жасап, сізде осы заттың дефициті бар екенін анықтап алған артық болмас.
tom: 0pt;»> Кальций негізі тағаммен түседі, бірақ қазіргі мегаполис тұрғындары ағзаның кальцийге сұранысының тек 50% ғана алады, сондықтан да көптеген адамдар кальцийге бай дәрумендік-минералдік қоспалар немесе өнімдер пайдаланады. Дәрумендердегі кальцийді қабылдағанда дозаны байқап отыру керек, себебі кальцийдің артығы денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Сонда да зерттеушілердің барлығы да Кальцийдің және D дәрумені остеопороздың алдын алуға маңызы зор екеніне келіспейді. Бірақ барлық дәрігерлер остеопорозбен ауыратындарға аурудың үдеуін басу үшін кальцийді және D дәруменін қажетті тәуліктік дозасын міндетті түрде алуына келіседі.
tom: 0pt;»>Остеопопрозды алдын алуға қандай жаттығулар көмектеседі?
tom: 0pt;»> Барлығынан бұрын, спортпен күнделікті шұғылдану керектігін айту қажет. Аптасына 3-4 рет 20-30 минуттық жаттығуларға алып барса жеткілікті. Остеопорозды алдын алу үшін жаяу жүру, жүгіру, баспалдақтан жоғары шығу және төмен түсу, билер, гимнастика жасау пайдалы. Физикалық жаттығулар сүйектерді сау етіп сақтауға, аяқ-қолдардың күшін күшейтетін бұлшықеттік корсет түзеуге көмектеседі. Ғалымдар анықтағандай, күнделікті гимнастиканы орындап жүрген егде жастағы адамдар сирек құлайды, себебі олардың бұлшықеттері мықты және қозғалыс тепе-теңдігі бұзылысымен аз қиналады.
tom: 0pt;»>Бекмурзаева Э.К.
tom: 0pt;»>Терапия бакалавриат кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор
tom: 0pt;»>Бетті дайындаған: Нұрлан Әлімбаев
tom: 0pt;»>«Қызмет» ақпарат
tom: 0pt;»>{jcomments on}
Leave a Reply