Жас балуандар турнирі

tories/434_a24116f3e20d2583cd8e519ed01be17c.jpg» border=»0″ width=»222″ height=»145″ style=»float: left; margin-left: 7px; margin-right: 7px;» />   Жақында №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған І республикалық турнир болып өтті. Оған Астана, Көкшетау қалаларынан, Ақмола облысының Красный Яр ауылынан, біздің облысымыздың Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Тайынша аудандарынан келген 130-дан астам балуан қатысты.  Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Аманбек Махметов спортшыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жарыстың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

   Бозкілемге алдымен қыздар шықты. 27, 30, 40, 43, 46, 49, 52 кг. салмақ дәрежелерінде Айыртау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Қажығали Бадымов пен Әлихан Жүнісовтің тәрбиеленушілері Александра Шамич, Александра Кожаева, Елена Михальская, Сұлушаш Түлендинова, Айя Рақымжанова және Галина Леванавичене жеңімпаз атанды. Сөйтіп, қыздар арасындағы күресте 17 медальдың 14-і айыртаулықтарға бұйырды.

    Жасөспірімдер арасындағы тартыс әсерлі өтті. Айыртаулық жаттықтырушы Петр Барахтиридидің тәрбиеленушілері Құрманғазы Исбасханов, Вильгельм Мутшаль және Георгий Каракозиди тәуір өнер көрсетіп, жүлделі екінші орындарды иеленді, ал Қажығали Бадымовтың шәкірттері Василий Коржев жеңімпаз атанса, Бауыржан Букуев, Данил Горбулько, Алексей Поливкин, Елдар Шахиев, Айбек Әлімжанов екінші және үшінші орындарды еншіледі. Сөйтіп, жасөспірімдер арасында сарапқа салынған 40 медальдың 10-ы жерлестерімізге бұйырды.

   Жас балуандар турнирін ұйымдастырушылар жарысты өткізуге демеушілік қолдау көрсеткен “Айыртау Әліби” ЖШС директоры Александр Палатченкоға, Қарасай-Ағынтай батырлар мемориалдық кешенінің директоры Самеддин Омаровқа және жеке кәсіпкер Асылбек Қадырбековке алғыс білдірді.

Бағлан ҚОЖАҚОВ, журналист.

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика