Еңбекші ауданында үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек аудан аумағында ІІ-ші кезеңмен іске асырылып жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Ағымдағы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында І-ші кезеңмен 52 көпқабатты үй аулаларында абаттандыру және жеке тұрғын үйлер секторында 6 ойын алаңша құру жұмыстары аяқталу сатысында.
Сонымен қатар, ІІ-ші кезеңмен 21 көпқабатты үй ауларын абаттандыру және жұмыстары басталды. Жыл қорытындысымен жеке секторда 6 балалар ойын алаңшасы және 73 көпқабатты үйласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады. Одан бөлек, тозығы жеткен 5 спорт алаңшасын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Ауланың абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания басшылығымен кездесті. Атқарылып жатқан тірлік тындырымды, сапалы болу керек деп ескертті. Өйткені ауласы көрікті аумақтың тұрғындарының көңілінен шығу керек. Әрі қауіпсіздік  ережесі жіті сақталу тиіс деп ескертті.
Сайрам шағынауданында да 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады.
Еңбекші ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 1,8 есеге артқан. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 миллиар теңге қаралды.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика