КЕЛЕР ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ БАҒАСЫ АРЗАНДАЙДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КЕЛЕР ЖЫЛДАН БАСТАП ЖЫЛУ БАҒАСЫ АРЗАНДАЙДЫ. Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды.

Бұл мақсатта шаһарды жылумен қамтамасыз ететін «Қуат жылу орталығына» 2 миллиард 356 миллион теңге субсидия бөлінді. Нәтижесінде қала тұрғындары мен жылу тұтынатын өзге де мекемелер қазіргі тарифтен 41,35% төмен ақы төлейді. Жаңадан белгіленген төлемақы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл соңына дейін күшінде болады.

Осыған байланысты, департамент «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның қызметтеріне бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тарифтер бекітті.

Нәтижесінде, қолданыстағы тарифтен 4 637,13 теңгеге немесе 41,35% төмендетіліп орташа босату тарифі 6577,70 теңге/Гкал ҚҚС-сыз құрады. Алдыңғы қолданыстағы орташа босату тарифі 11214,83 теңге/Гкал болған.

Төмендеу тұтынушылардың барлық топтарын қамтиды.

Төмендетілген тарифтер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тақырыпқа тұзды.  2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның барлығы толық қалпына келтірілді. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталды. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендеді.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда. Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар. Сонымен қатар, бюджеттік нысандардың қатты отынға (көмір) қажеттілігі 4,7 мың тонна. Қазірде тасымалдайтын мердігер мекеме анықталуда. Сұйық отынға (диз.топливо) қажеттілігі 655 тонна, бүгінге дейін 8,2 тоннасы тасымалдынды. Қалған сұйық отынға тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

 

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика