Казгидрометтің мәліметі бойынша Шымкент қаласында 2022 жылғы 09 наурызда күннің екінші жартысында, 10 наурызда түнде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
ШЫМКЕНТ Қ.ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
Жел кезінде (14-17 м/сек) көшеде қондырылған жарнамалық щиттер, жеке тіреуіште тұрған транспараттар, жарықдиодтық паннолар құлауы мүмкіндігін ескеру керек.
Дауылды жел кезінде (дейін 24 м/сек) қаладағы ағаштар құлап, электр жарығын беретін сымдар үзілуі мүмкін. Сымдардың үзілуінен от ұшқынынан өрт болуы мүмкін.
Балкондарда жеңіл және көлемді заттарды бекітіңіз немесе бөлмеге кіргізіңіз.
Жеке автокөліктерді ағаштардың және ғимараттардың жанына қоймаңыз.
Қатты жел кезінде жарақаттанып және зардап шегіп қалмау үшін ғимараттан шығуға шектеу қойыңыз.
Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.
Балаларды қараусыз қалдырмай, бақылауға алыңыз.
Егер қатты жел Сіз далада болған кезде болса, жер асты өту жолдарында немесе ғимарат подъездерінде күтуіңізге болады.
Қоғамдық көлік аялдамалардың, жаднама щиттарының, салынып бітпеген құрылыстардың, ағаштардың жанында тұрмаңыз. Қатты жел кезінде электр беру сымдарының және үзілген электр сымдарының қасында тұру қауіпті.
Қауіп кезінде және құтқару іс — шараларын жүргізу қажеттілігінде 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.
Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды
Leave a Reply