
Абай ауданы Игілік тұрғын алабында 1 319 отбасы қоныстанған. Халық саны 8431 адамды құрайды. Бүгінде Игілік тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталған. Қазір абоненттеу жұмыстары 250 үйде аяқталып, қалған үйлерге де қосу жұмыстары жүргізілуде.

Елдімекендердің инфрақұрылыммен қамту жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сай, реті және кезегімен жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі