Базарқақпа тұрғын алабындағы аспалы көпір ашылды

Үшінші мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Естеріңізде болса, демеуші азамат есебінен Сайрам су өзені үстінен ұзындығы 43 метр, ені 5 метр болатын аспалы көпір салынып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
Айта өтейік, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым аумақтарды жіті назарда ұстайды.  Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.
Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.
Шаһарға қарасты Өтеміс және Базарқақпа елдімекендерінде  жөндеуден өтіп жатқан жолдарда  көп.  Қаратау ауданы аумағында орналасқан Өтеміс тұрғын алабында ағымдағы жылы ұзындығы 5,1 шақырымды қамтитын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.
Бүгінде Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелерінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.  Ал ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метрді құрайтын КХ-42 көшесінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
«Сапаға жұмыс істеуіміз керек. Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек» деп, ескертті Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика