Заңды белден басамын деп қалтасы қағылды

tom: 0pt;»>       tories/icap6y53h.jpg» />Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында «Думан-Назерке» ЖШС-нен заңсыз әрекетпен мемлекетке келтірген 21 879 834 тенге қаржыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
        Ордабасы аудандық прокуратурасы «Думан-Назерке» ЖШС-нің директорына қатысты жинақталған қылмыстық істі қарау барысында «Думан-Назерке» ЖШС-нің директоры кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, салық төлеуден босатылу мақсатында, өзге де мүліктік пайда алу үшін,  «Думан-Назерке» ЖШС-гін өз атына Ордабасы аудандық әділет басқармасы мен аудандық салық басқармасына тіркеп, жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған. Серіктестік тіркеуге алынған уақыттан бастап жұмыс істемеген. Алайда, аталған серіктестіктің банктегі есеп шотына Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсіпорындармен жалған операциялар жасалып, қаражаттар түсіп, олар кассалық чектер арқылы нақтыланған. Осы іс әрекеттің салдарынан мемлекет бюджетіне ірі мөлшерде салық төлемдері төленбеген.

tom: 0pt;»>Сот талапкер өкілінің жауабын тыңдап, іс бойынша жинақталған құжаттармен жан-жақты танысып шығып, «Думан-Назерке» ЖШС-нің заңсыз әрекеті негізінде мемлекетке келтірілген 21 879 834 теңге шығынды өндіру және «Думан-Назерке» ЖШС-нен мемлекеттің пайдасына 656 395 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы шешім қабылдаған.

tom: 0pt;»>         Сот шешімі заңды күшіне еніп, орындауға жолданған.

tom: 0pt;»> Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық
сотының бас маманы: Қ.А.Татаев.

tom: 0pt;»>Бетті дайындаған: Н. Әлімбаев. 

tom: 0pt;»>«Қызмет» ақпарат.

tom: 0pt;»>{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика