tom: 3.75pt;»>tories/i7.jpg» />Қазақ қоғамын айран асыр еткен «Челах оқиғасы» тағы бір жұмбаққа келіп тірелді. Ғаламтор бетінде 14 шекарашы мен аңшыны жалғыз жайратып салды делініп келген Владислав Челахтың қолынан табылған тапанша шекара қызметінің қару базасына тиесілі емес екен деген ақпарат тарады.,
Бұған қоса, тексеру жұмыстарына сәйкес атылған оқ тапаншадан емес, автомат ұңғысынан
шыққандығы анықталғанға ұқсайды. Яғни құрбанын ол біресе алдынан, біресе артынан келіп атқан. Немесе өлген соң аударып қойып тағы атқан. Алайда, Челахтың адвокаты Төлеген Берліқожанов ақпарат көздерінде таратылған бұл ақпараттың жалған екенін, Владтан табылған тапаншаның шекарашылардың қару базасында есепте тұрғанын айтады. «Мұндай ақпаратты тек тергеуші бере алады, бірақ ол бізге бұл жайында ештеңе айтқан жоқ. Тергеу аяқталғаннан кейін, біз іспен танысатын боламыз, тек сонда ғана Челах ұсталғанда одан табылған қару шекара қызметінің есебінде болған, болмағандығын айта аламыз. Бұл тексерілмеген ақпарат деп ойлаймын», – депті Берліқожанов бұқаралық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында. Әскери прокуратура да табылған қарудың шекара қызметінің есебінде тұрмағандығын
растаған жоқ. «Бұл жөнінде еш ақпарат жоқ. Егер ресми ақпарат болса, БАҚ-та таратылады», – дейді әскери прокуратура өкілі.Ал «Новости-Казахстан» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнынан табылған оқтың калибрі еліміздің шекарашылары жарақтандырылған 5,45 мм емес, 5,56 мм болып шыққан, бұл НАТО-ның стандартына сай келеді. Демек, бұл оқ шекарашылардың арасынан емес, сырттан келген болуы да ықтимал делініпті. Сонда Владислав Челах деген кім? Әлде ол батыстың арнайы жіберген агенті ме?
Бүркіт НҰРАСЫЛ
Халық сөзі газеті
{jcomments on}
Leave a Reply