Оғландардың ордасы осы мектеп

tories/01/dsc00611.jpg» width=»334″ height=»233″ />      «Қызметтің» анықтамасы: ОҚО №1 Олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебінің тарихы 1989 жылдан бастау алады. Сол тұстан бері мектеп спорттың бокс, еркін күрес, дзюдо күресі, самбо күресі, грек-рим күресі және шығыс жекпе-жегі түрлері бойынша шәкірттер тәрбиелеп келеді.   Сонымен қатар 753 спортшылар жаттығады, олардың 1-ЕССШ, 4-ХДСШ, 29-СШ, 123- бірінші дәрежелі спортшылар. Спортшыларымыз Олимпиада Ойындарында, Әлем, Азия, ҚР чемпионаттарында және халықаралық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүлделі   орындарға ие болып жүр.  Мектепте олармен 72 жаттықтырушы жұмыс істеп жатыр, олардың 5-уі ҚРЕСЖ, 8-і жоғары дәрежелі, 30-ы бірінші дәрежелі, 1-еуі екінші дәрежелі жаттықтырушылар қызмет атқарады. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстiк Қазақстан облысының №1 Олимпиада резервiн дайындайтын балалар мен жасөспiрiмдердiң кешендi мамандандырылған спорт мектебiнiң директоры қызметін еркін күресте өз өнер өрнегімен танымал болған белгілі жаттықтырушы Құттыбек Татубаев тізгіндеп келеді. Бүгінде бәйдібектік тума аймақтағы дене шынықтыру мен спорттың жетiлуiне өз үлесін қосып жүрген аптал азамат.

       Бүгінде алаш жұртының мақтанышы — аты аңызға айналған былғары қолғап шебері қазақ боксшыларының арасынан тұңғыш рет 2000 жылы Сидней Олимпиадасында чемпион атағын жеңіп алған Б.Саттарханов, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада Ойындарында екінші орынға ие болған, жауырыны жер иіскемеген палуан Г.Лалиев,  2008 жылы Пекин Олимпиадасында қола жүлдеге ие болып, Қазақстанның көк байрағын аспанға желбіреткен Е.Шыналиевтер осы мектептен шыңдалып шыққан. №1 олимпиадалық спорт мектебі 2000 жылы, 2004 жылы және 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік спорт мектебі болып атанса, 2001-2002 жылдары және 2003 жылы үздіктер қатарынан көрінді. 2005 жылы арнайы жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Б.Жақыпов   облысымыздың ең үздік спортшысы атағына ие болды.

        Мектеп ұжымы сондай-ақ халықаралық дәрежедегі спорт шараларын ұйымдастыруды да дәстүрге айналдырып келеді. Бірнеше жылдар бойы мектептің ұйымдастыруымен еркін күрестен Генерал С.Рахимовты еске алуға арналған Халықаралық жарыс өтеді. Бұл аламан додаға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан және республикамыздың барлық облыстарынан спортшылар келіп қатысады.

       Мектептің ең үздік спортшылары ҚР құрама команда мүшелері қатарында. Осы орайда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген сайыпқыран саңлақтардың жеңісін атап өту орынды. Бокстан Е.Шыналиев Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол Мороккода өткен Әлем Бірінішілігінде 2-орын, Чикагода өткен Әлем Чемпионатында 3-орынға ие болды. Ал Біржан Жақыпов Миньянг /Қытай/ қаласында өткен Әлем Біріншілігінде 3-орын және Мәскеу қаласында өткен Әлем Кубогында 3-орын алды және Пекин Олимпиадасында 5-орын алды. Қытайда өткен халықаралық жарыста Азамат Әлбосынов 1-орын, грек-рим күресінен Жанатбек Раушанов Түркияда өткен халықаралық жарыста 3-орын, дзюдо күресінен Подрядова Александра Доминикан Республикасында өткен әлем біріншілігінде 3-орын, самбо күресінен Құралбай Орынбасар Ташкентте өткен жұлдыздар арасындағы әлем чемпионатында 3-орын, Дархан Сержанов Мәскеуде өткен әлем біріншілігінде 1-орын, Сабыржан Әбілдәұлы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 3-орын, бокстан Әзербайжан кубогында Біржан Жақыпов 1-орын, Түркияда өткен халықаралық жарыста Ж.Шекебекова 1-орын,дзюдо күресінен Қарағанды қаласында өткен ҚР чемпионатында А.Подрядова, С.Әбілдәұлы 2-орын, самбо күресінен Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында С.Әбілдәұлы, П.Жақыпбекова 1-орын, А.Мырзанова, Қ.Нұров, Д.Сержановтар 2-орын, Орал қаласында өткен әлем кубогында С.Әбілдәұлы 1-орын, Лондонда өткен ХХХ-Олимпиада ойындарында бокстан ҚР құрама командасының мүшесі Б.Жақыпов 5-орынға ие болды.

     Мектеп ұжымы бұл жылды да табысты аяқтағалы отыр. Мектептің жүлде қоржыны әдеттегідей қомақты.

     Бокс

       Үстіміздегі жылдың Қаңтар айында Астана қаласында өткен ҚР чемпионатында Б.Жақыпов 2-орын, Бішкек /Қырғызстан/ қаласында өткен Шапахов атындағы халықаралық жарыста А.Әлібеков 1-орынға ие болды. Ал Наурыз айында Кентау қаласында өткен республикалық жарыста Д.Шерахмет 2-орын, Алматы қаласында ҰОС 65 жылдығына арналған республикалық жарыста Қ.Оралов 1-орын, Бұхарада өткен Халықаралық жарыста А.Албосынов 2-орын, Г.Шайханов 3-орын, Орал қаласында Е.Ибраймовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста Қ.Қаратаев 3-орын, Е.Наханов 3-орыннан көрінді.Сәуір айында Ереван /Армения/ қаласында өткен Халықаралық жарыста А.Әлібеков 1-орын, Степногорск қаласында өткен республикалық жарыста А.Ракишев 1-орын, Түркістан қ. Ә.Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық жарыста О.Сыздықов, А.Абдуллаев 1-орын, М.Рахымжанов, Иманқұлов, Е.Наханов 3-орын, Варшавада өткен халықаралық жарыста Б.Жақыпов 1-орын, Шымкент қаласында Ф.Шаназаров атындағы халықаралық жарыста Д.Жармұхамбетов 1-орынның иегері атанды.

       Қостанай қаласында өткен ҚР Біріншілігінде А.Төлеш 1-орын, Астана қ. өткен ҚР Президентінің жүлдесіне арналған Кубогы Б.Жақыпов 1-орын. Қыркүйекте Түркістан қаласында өткен Б.Саттархановтың рухына арналған халықаралық жарыста Е.Ирисметов 1-орын, Х.Ниязов 3-орынды иеленді. Қазан айында Шымкент қаласында өткен республикалық жарыста Д.Ералхан, К.Линник 3-орын, қараша айында Шымкент қаласында өткен ОҚО Чемпионатында А.Төлеш 1-орын, Д.Жармұхамбетов 3-орынды иеленді.

     Дзюдо күресі

       Наурыз айында Талдықорған қаласында өткен ҚР Чемпионатында Б.Аппазова 3-орын,Түркістан қаласында өткен республикалық жарыста Д.Мадияр 3-орынды місе тұтты.

       Сәуір айында Талдықорған қаласында байрағын ҚР Чемпионатында П.Жақыпбекова, Г.Тұрмаханова, М.Алтыбеков 3-орынға ие болды. Мамыр айында Орал қаласында өткен халықаралық жарыста А.Амангельдиева 1-орын, Ленгір қаласындағы ОҚО Ашық Біріншілігінде Е.Кәміл 1-орын, А.Амангелды, Н.Еркенбаев 2-орын, Степногорск қаласында өткен ҚР ауыл ойындарында Б.Аппазова 2-орын алды.

Грек-рим күресі

      Ақпан айында Шымкент қаласында өткен ҚР Чемпионатында Ш.Сыздықов 1-орын, С.Қылышов, А.Чучуладзе, Р.Сайдов, А.Ахметов 2-орын, Б.Мырзабеков, Е.Арыстанбеков, А.Өтегенов, Ашрафов 3-орын, Бішкек қаласында өткен халықаралық жарыста Н.Қарабаев 1-орын, Ж.Жүмалі 3-орын, Шымкент қаласында өткен ОҚО Біріншілігінде С.Сапарбай 2-орын, А.Өтегенов, Д.Мингазитдинов 3-орыннан көрінді.

       Наурыз айында Қарасуда өткен жарыста А.Тұрсынов 1-орын,Д.Савик, И.Адилов 2-орын, Шымкент қаласында өткен ОҚО Чемпионатында И.Ашрафов, А.Өтегенов 3-орын.

       Мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында өткен М.Сапарбаевтың рухына арналған халықралық деңгейдегі жарыста Ш.Сыздықов 1-орын, С.Сапарбай 3-орыннан көрінді.

       Қыркүйек айында Шымкент қаласында өткен ОҚО Біріншілігінде О.Абсаттаров, Н.Талбудин 1-орын, И.Адилов, Р.Құрманалі, Д.Мынгазитдинов 3-орын. Новосибирск /Ресей/ қ. өткен Бүкілресейлік жарыста Ш.Сыздықов 3-орынды иеленіп жүлдегерлер санатынан көрінді.

       Самбо күресі

       Наурыз айында Ақтөбеде ересектер арасында өткен ҚР Чемпионатында Д.Сержанов 2-орын, Қ.Нұров 3-орын. Семейде өткен ҚР Чемпионатында П.Жақыпбекова 1-орын, Б.Қаныбеков, Г.Тұрмаханов, Н.Мырзагелдиева, М.Алтыбеков, М.Нұралиев, А.Абдрашев 3-орынға ие болса, Ходжентте /Тәжікстан/ өткен Орта Азия Чемпионатында П.Жақыпбекова 1-орын, Б.Қаныбеков, Ә.Абдраймов 2-орын, М.Алтыбеков, Е.Өскенбаев 3-орыннан табылды.

       Сәуір айында өткен Валиевтің жүлдесіне арналған ҚР Біріншілігінде Д.Әшірбек 1-орын, Ә.Төлеш 3-орын. Қызылорда қаласында өткен халықаралық жарыста Қ.Нұров, С.Бөлегенов,Б.Жұмағұл 1-орын, С.Әбілдәұлы 2-ші жүлденің иегері атанды.

       Мамыр айында Тараз қаласында өткен ҚР Спартакиадасында Д.Серікбаев 1-орын, маусым айында Ташкентте өткен /Өзбекстан / Азия Чемпионатында П.Жақыпбекова 2-орын, Қ.Нұров, Н.Мырзагелдиев 3-орын, шілде айында Оралда өткен Халықтар Ойынында П.Жақыпбекова, А.Амангелдиева 1-орын, Қ.Нұров, С.Бөлегенов 2-орын, Г.Тұрмаханова 3-орын, қыркүйек айында Семейде өткен ҚР Кубогында Н.Мырзагелдиев 1-орын, Қ.Нұров, М.Нұралиев, Б.Қаныбеков 3-орынға қазан айында Болгарияда өткен Әлем Чемпионатында Дінмұхамед Серіков 1-орыннан көрініп ел намысын қолдан бермеді.

      Еркін күресі

        Ақпан айында Астанада өткен халықаралық жарыста Б.Пірімбаев, С.Омаров 1-орын, Шымкентте өткен ОҚО Чемпионатында Б.Пірімбаев 1-орын, Т.Жеңісбекұлы 2-орын, Р.Алимбаев, Н.Жүнісов, Н.Хасенов, С.Жакишев 3-орынды иеленді.

        Наурыз айында өткен ҚР Чемпионатында Е.Іңкәр 1-орын, А.Абылдатегі 2-орын, А.Нұрмағанбетов, Ж.Даулеталитегі 3-орын, София /Болгария/ қаласында өткен сайыста Б.Пірімбаев 2-орын, Қарағандыда өткен ҚР Чемпионатында Ж.Мамутов 2-орын, Е.Тұрғанбаев 3-орын тұғырынан көрінді.

        Сәуір айында өткен ҚР Біріншілігінде Б.Пірімбаев, С.Омаров 1-орын, мамыр айында Анкара /Түркия/ қаласында байрағын көтерген халықаралық жарыста Б.Пірімбаев 1-орыннан көрініп, жеңісті жолын тағы да қайталады.

       Маусым айында өткен ҚР Ауыл ойындарында Р.Шадиев 1-орын. Гуанджоуда /Қытай/ өткен Азия Біріншілігінде С.Омаров 3-орыннан көрінді.

        Шілде айында Якутияда өткен Азия Ойындарында Н.Сейітжанов 3-орын, Бішкекте өткен Азия Чемпионатында Б.Әлментай 1-орын, Б.Төребек 2-орынға шықты.

      Шығыс жекпе-жек бөлімі

        Қаңтар айында қол сайысынан Қарағандыда өткен республикалық жарыста Е.Естанов 1-орыннан көрініп бапкерлерінің сенімінен шықты. Бұл жеңісті жолды Қ.Алпысбаев,С.Ораз, Д.Айдарбеков ОҚО Чемпионатында қайталады.

       Сәуір айында Астанада қол сайысынан өткен ҚР Кубогында Н.Бетпотшаев 1-орында тұрақтады. Таеквондодан Ж.Рахмонов, М.Тастанбектер Алматыда өткен ҚР біріншілігінде тұғыр биігін бағындырды.

      Мамыр айында каратэ-до дан ҚР оқушылар спартакиадасында С.Ораз, Ж.Ораз, Ф.Алимкулов 1-орын алса, Ушу-саньшоудан өткен ҚР Чемпионатында П.Мұратова 1-орын, М.Рахымжанов 2-орын, А.Уразбеков, Н.Атанбеков 3-орыннан көрінді. Қол сайысынан Худжанддағы /Тәжікстан/ Ашық Чемпионатта Н.Бекпотшаев 1-орын, Т.Ағанасов 3-орынды иеленді.

        Шілде айында каратэ-до дан Индонезияда өткен Азия Чемпионатында Д.Айдарбеков, С.Ораз 1-орын, Төлеев, А.Айдарбеков 2-орын, таеквондодан ҚР Кубогында А.Басқынбек, Е.Мендегулов 1-орын, Якутияда өткен «Азия балалары» Халықаралық жарысында Ж.Жұмағалиева 3-орынды бағындырды.

       Қыркүйек айында ушу-саньшоудан ҚР Кубогында Н.Шаумуратова 1-орын, П.Мұратова, Н.Атамбаев 3-орын. Таеквондодан өткен ҚР Біріншілігінде А.Мергенбаева 1-орын, Ж.Жұмағалиева, Ш.Рахмонов 2-орын, Ж.Рахмонов 3-орынға ие болды.

       Бағындырған белестер аз емес әрине, бірақ ұжым мұнымен де тоқтамақ емес. Алар асу әлі де алда дейді. Жаттықтырушылар сол үшін жанын салуда. Ал жеткіншектердің мақсаты – жеңіс тұғыры. Олар өз халқының патриоты, қандай құрметке болса да лайық.

   Бетті дайындаған: Мақпал Рысбаева

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика