ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім берген жобалар бойынша комиссия отырысы өткізілді.
Жоба аясында 4 грант беріледі, олардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден. Гранттар «Мәдениет», «Еріктілік», «Медиа» бағыттары бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде жүзеге асырылуда.
Жобаға Шымкент қаласының жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес 50 жас жобаға қатысты. Толығымен 12 жоба ұсынылып, комиссия отырысында 4 жоба жеңімпаз деп танылды. Олар:
«Мәдениет» бағытында – Салих Калиев «Жігерлі жүрек» жобасы;
«Еріктілік» бағытында 2 грант – Дияра Жолдасбай, Адема Досымбетова «Қолайлы спорт алаңы» жобасы, Ауғанбаев Темур «Зиянды әдеттер» жобасы;
«Медиа» бағытында – Елнұр Нұрланұлы «Mobi log» жобасы.
Грантқа ие болған жобалар жастарды тәрбиелейтін болады. Өз тілдерінде айтсақ, өзгелерге мотивация. Бастаманы қолдаған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы.  Игі бастама келер жылы да жалғасын табады деп сенейік.
Айта өтейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын анықтау оңайға соқпады. қазылар алқасы құрылып, құрамына  қалалық мәслихаттық депутаты — Рәшкүл Оспаналиева , депутат әрі журналист — Талғат Балтабаев кірді. Оған белсенді жас  Бижан Садибеков пен әнші Астана Қарғабай, Сабира Байзақова, Сейдулла Исмайловтарды қосыңыз. Комиссия құрамында болып, үздіктерді анықтағандар жеңімпазды жобасының өміршеңдігіне қарай таңдағанын жасырмайды.
Сондықтан да, жеңімпаздардың жасаған жобалары жүрекке жеткенін жеткізді. Әрі таңдаулары үшін ұялмайтынын, расында да нағыз таланттардың таңдағандарын айтып қалды. Сөздеріне сенсек, 12 жоба байқауға қатысқан. Бірі жобаны жан-жақты талдап берсе, екіншісі жолда қалған жобалардың кемшілігін өздеріне жеткізіп, кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер ететінін ескерген.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика