ДҮЙСЕНБІ АТТЫ ҚАЛА БАР, БІЛЕСІЗ БЕ?…

       Алматы-Душанбе бағыты бойынша  жолаушыларды тіркеу басталып кетті. Кезегін күткен жолаушылардың назары қолында бес литрлік бөтелке көтерген жігітке ауды. Ол жүзі жылы көрінгенге қолындағы ыдысын ала кетуді өтініп тұр екен. — Ала кетсеңіз, шекарадан  өткізіп жіберемін, ұшақтан өздері қарсы алады, — дейді. Жолаушылардың ыдыстағы сұйықтыққа күдікпен қарағандардың күмәнін сейілту үшін: «Бұл — шұбат, түйенің сүті. Салонға алып кіретін адам таппай тұрмын» дейді ақталғандай. Шет елге бара жатқандар көмектесе алмайтынын білдіріп, сырт айналды. Жігіттің меселі қайтпаған сияқты, соңғы, шекаралық бақылаудан өте бере, тағы көзім түсті.

Ыдысын жолаушылардың біріне ұстатып жіберудің сәті түспегенін білдім. Шыдамай: — Бүкіл Тәжікстанда бес литр сүт беретін түйенің болмағаны ма?! Соншама әуре болдыңыз ғой,-дедім. — Түйе тәжіктерде қайдан болсын. Сыйлас жолдасым өтініп сұраған соң, беріп жібере қояйын деп шыққаным еді. Сәлемдеменің «саудасы» осымен біткен шығар деп,  ұшаққа отырдық. Бір сағатқа жетер-жетпесте Душанбенің әуежайына келіп қондық. Шағын әуежайдың алды қарсы алушыларға толы екен. Шамамен «Көкбазарда жеміс сататындар-ау» деп топшылаған, өзіммен бірге ұшып келген  тәжіктерді ағайындары қуана қарсы алып жатты. Шет жерде айлап жүріп «мал тауып» келгендер туыстарымен сағына көрісіп жатты. Менің де алдымнан тәжіктің әдемі қызы шықты. Рамзия – «Пайванд» тәжіктер мен әлемдегі парсы тілдес халықтар қауымдастығының  атқару комитетінде жұмыс істейді. Қазақша «қайта қосылу, қауышу, бірігу» деген ұғымды білдіретін «Пайванд» әлемдегі тәжіктер мен елінде жасап жатқан этнос орталықтарының да жұмысын үйлестіреді екен. Парсы тілді халықтардың да өкілдері осы жерде тоқайласатын көрінеді. Олай дейтінім, бірнеше ауған азаматтармен және иран ақынымен кездесуіміз осы «Кохи Вахдат» яғни Келісім үйінде өтті. 

Дущанбе-Дүйсенбі

       Тәжікстанның астанасы Душанбе — осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Сары Ассия, Шахмансур және Душанбе деген үш қыстақтың орнына орналасыпты. Ол уақытта әр дүйсенбі сайын базар болады екен. Қаланың аптаның алғашқы күнімен аталуы содан қалыпты. 1929 жылдары Иосиф Сталиның құрметіне «Сталинабад» аталып, 1961 жылы бұрынғы атауы қайтарылған. Душанбе — кеңестер заманының біркелкі жобасымен салынған шағын қала. Бір көшенің бойында орналасқан мәдени-әдеби-ғылым ошақтарының сәулеті де бір жерде, еліміздегі облыс орталықтарында  көргендей әсер қалдырады.  Мұнда көк тіреген зәулім үйлер, ат шаптырым алаңдар кең көше де, ұзын даңғылдар жоқ. Биік шынар ағаштарының көлеңкесінде мүлгіген, ғимараттардың кеңестік бояуы жаңғыра қоймаған қала. Тәжіктердің бас қаласының басты ерекшелігі де осы сияқты. Одақ ыдырағанда, еншісін алған елдердің бірі — Тәжікстан Республикасында 2000 жылғы санақ бойынша  80 пайыз тәжіктер, 15 пайыз өзбектер тұрыпты. Қырғыз-орыстар бір пайыздан да аспайды, одан бөлек оған жетер-жетпестей түркімен, татарлар бар. Тәжіктер өздерін оңтүстік, солтүстіктік болып, одан қалды гиссарлық, кулябтық, ходжендік, памирлік, бұхарлық тәжік деп те шыққан  жеріне қарай  ажыратады. Тілдерінде де айтарлықтай  ерекшеліктер бар. Мұндағы өзбектердің де өз атауы бар. Өзбек-сарттар, өзбек-қоңыраттар, лақайлар болып келеді. Соңғысы тілі мен сыртқы келбеті жағынан қазақтарға көп ұқсайды. Меніңше,  барлық халықты бірегей ететін еркектерінің ала тақиясы, сұр шапаны мен әйелдерінің ұзын көйлегі сияқты. Жас-кәрісіне қарамай, әйелдердің дені ұлттық көйлегін, оның  астынан жиегі өрнектеліп әдіптелген дамбал киеді екен. Бастарын шарт байлаған орамалдарының астында қайшы тимеген  мойыл қара шаштарын  бұрымдап өрместен, жайып қояды. Жаңа түскен келіншектерді тақиясынан тануға болады. Кейбірінің тақиясының үстін ақ желегі көмкеріп тұр. Қыздарының еуропаша киінуіне алдымен ата-аналары қарсы көрінеді.   Егер жүріп-тұруға қолайлы болса ұлттық киімін киіп жүргеннің несі айып?!

. Мұндағы ирандықтардың да өзіндік сән үлгісі бар. Хиджабпен тұмшаланғандары да жетерлік. Бұл  — көшеде көргендерім. Елдің даму барысының жайын Тәжікстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Ғылым, білім беру, мәдениет және жастар саясаты комитетінің  төрайымы Мархобо Джабборовадан сұрап білдік. — Жұмыспен қамту, еңбек миграциясы, демография, білім беру, жастар мәселесі – ел саясатының басты бағыты, әрі ең күрделі мәселе болып отыр. Үкіметіміз бірқатар бағдарламалар жасап, заңнамамен негіздеп жатқанымен, атқарар істің ауқымы жетерлік. Бірнеше жылға созылған азамат соғысы елдің дамуын тоқыратып тастады. Жұмысқа жарамды азаматтарымыз, күн көріс іздеп шетелге лап қойды. Білім беру саласында да олқылықтарорыналуда. Жастардінге бас қойды. Жұмакүнібарлықоқуорындарындажастардыбайлаптұраалмайтынхалгежеттік. Дәрісханалардытастап, мешіткекетеді. Олүшінбәріноқуданшығарумүмкінемес. Уақытшақиындықтардытүрлідіниағымдар да өзпайдасынашешугеасығыпжатқаныжасырынемес. Солсебепті 17 жасқажетіп, оң-солынтанығаннанкейінғанадінінтаңдауынзаңменкүштепнегіздедік.  Бұлкөпадамдарғаұнағанжоқ, бірақжастардыңдінніңсоңынакөзсізкетудіалдыналуғажасағанбатылқадамболды. АлдыРесейде, соңыкөршібауырласелдердеқандастарымыздыңжақсықызметтеемес, базардажеміссатып, көшесыпырып, жүктасыпжүргенібіздің де жанымызғабатады. Жастардыоқытып, жақсыбілімберіпжақсыжұмыстарғақолжеткізгенінқалаймыз. Әзіргеолмүмкінболмайтұр. Еңбекмигранттарыныңтапқанақшасын да дұрысжаратудымойнымызғаалдық. Артықақшатапқандаркөршілерініңсөзінеқалмасүшін, тапқан-таянғанынбіртойғасалып, артыншақаражатсызқалыпжатқандарыболды. Солсебептізаңнамабекітіп, оданқалдыелдіңақсақалдарынаайтқызып, ысыраптыңалдыналуғатырыстық. Азаматтарымыздыңмаңдайтеріменкелгенақшаотбасыныңигілігінежұмсалуыннасихаттық.  Оны да заңменреттедік,-дедіхалыққалаулысыМархобоДжабборова.

     Қазақ үшін малдың жөні бөлек

    Алдын ала жоспарланғандай, екі-үш күн Душанбеде болып, қаланың оңтүстігінен 100 шақырымда жатқан, Вахш жазығындағы үлкен орталықтарының бірі Қорғантөбеге бет алдық. Дерек бойынша, жиырмасыншы ғасырдың басында бұл аймақта 20 мыңнан астам қазақ отбасы тұрыпты. Ал жиырмасыншы жылдарының соңында басталған қуғын-сүргін дауылынан  ыққан, мал-жанымен бірге көшкен қазақты кім санапты?! Көптің мекені болғанын қазіргі қыстақтардың шетіндегі қазақ қорымдарынан білуге болады. Сол қорымдарда жергілікті халықтың үрдісінде жоқ «төртқұлақтар» мен мұндалайды. Бұл күнде мың сан қазақтан екі мыңдай ғана қалыпты. «Есің барда еліңді тап» дейтін қазақ, қысылтаяң кезең өтісімен алпысыншы жылдардан бастап елге оралып, одан қалғаны 1992-1997 жылдары, Азамат соғысы жылдарында туған топыраққа бет қойған екен. 

    Осыдан бір ғасыр бұрын қилы заманда ауа көшкен қазақтардың ізімен жүріп өтіп, екі елдің ортасында үзіліп қалған тарихтың жібін қайта сабақтауға тырыстық. Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнамай тұрғанда бұл өңір Бұхар әмірлерінің тұрағы болған. 1924 жылы Өзбек ССР-нің құрамында автономиялық республика, 1929 жылы жеке республика  болып Одаққа өтеді. Тұрғылықты тәжіктер Памир тауында қалып, жаңа республикаға Самарқанд пен Бұхарадан тәжіктерді алып келіп қоныстандырады. Ал, қазақтардың көбі кездейсоқ аялдаған. Себебі  кеңес өкіметінің құрығынан қашқан қазақтардың дені Ауғанстан аспақ болады. Бұл жерге де кеңестің билігі жетіп, шекара  жабылғанда қалың қазақ Қорғантөбеде тосылады. Елге баратын жол жоқ,  бабаларымыз қамысты жерді құрғатып, малының күшін де маңдайының терін де аямастан  Қорғантөбені елді мекенге айналдырады.

      Бүкіл Тәжікстанда жалғыз қалған інгеннің жайы жанға батады

    Қазақстаннан  келген хабарымызды естіп, Гарауити деген жерде  тұрып жатқан Хожамқұл Нұрматов іздеп келді. Бір атадан тараған елуге тарта отбасының бетке ұстар ақсақалы «Елден жақсы хабар келсе, кетіп қалғымыз келеді» деген тілегін айтып, әңгімесін әріден бастады. 

    «Менің әкелерім сонау отызыншы жылдары мыңғырған малымен Өзбекстанға көшкен екен. Отырықшы елде мал бағып қарық болмасын білген соң, Ауғаныстан аспақ болып Тәжікстанға келеді. Мұнда келгенде чекистер әкем бар, тағы да басқа түйелі байлардың мыңғырған малын «Тәжіктрансқа» өткізіп, өздерін түйекеш етіп, қоя берген екен. Одан жаман болған жоқ, ол кезде бастың амандығын олжа көрген кезең еді ғой. Осы түйенің күшімен қала тұрғызылды, жол салынды. Тәжікстанның даласы мен тауының ортасында қатынаған жалғыз көлік — қазақтың түйелері болатын. Есігінің алдында кем дегенде екі түйесі жоқ қазақ «қазақ» емес еді. Малдың жайын біліп, жағдайын жасаған қасиетімізбен «қазақ» атанып, туған жерден шалғайда дүниеге келіп, қартайсақ та іргелі елдің баласы екенімізді  біліп жүрдік. Осыншама жыл өмір сүргенде жерден жеміс теріп жеген тәжіктің де кәсібін үйрендік. Бау-бақша егіп те күнелттік. Бірақ қазақ үшін қорасындағы тұрған малдың орны бөлек қой.

      Бүкіл Тәжікстанда жалғыз қалған інгеннің жайы жаныма батып жүр.    «Тәжіктранстың» бар ауыртпалығын көтерген сансыз түйеден қазір қорамда  жалғыз інген қалды. Бурасы алдынғы жылы өліп қалды. Бүкіл ауылдың берекесі болып тұрған түйемді пышаққа қимай отырған жайым тағы бар. Әкем өлерінде «малдан айырылма, қандай қиыншылық болса да малың болса, аштан өліп, көштен қалмассың» — деп еді. Одан бөлек, немере-шөберемнің «қазақ» екендігінің белгісіндей көретін, әрі ұзап айтсақ, отызыншы жылдары ауып келген қазақтардың көзіндей болған түйеден тірідей айырылармын ба?!»

Ақсақалдың сөзіне қарағанда, бұл інген қазақтың ата-бабасының арман-үмітін арқалап, алысқа жеткізген, талайды тура келген ажал құрығынан құтқарған түйелердің соңғы көзі екен. Бұл түйені тарихтың өткені мен бүгінін жалғастырып тұрған жәдігердей қабылдадым. Кім біледі, жалғыз түйе жат жерде боздамай, еліне  оралып, өз жерінде көбейсе ол да ырымға жақсы. Тіпті елден бура әкеліп, не қолдан ұрықтандырып, тәжік жеріндегі түйенің саны өссе, оған да қуанар едім. Мұндай қадам сондағы ағайынның рухын көтеріп, абыройын асқақтатар еді. Мәселе жалғыз түйеде емес, адамның адамға қамқоры мен тарихқа көзқарасында емес пе?!

Жалғыз інгеннің жайы бізге де батты. Білгеніміз, қаншама түйе таудың қия асуларында құлап өліпті. Жол торыған қарақшылар да қазақтың  малы мен жанына құмар болған екен. Осындай тар жолдан өтіп, елді байытып, жерді гүлдендірген нардың күші екендігі, тәжіктің тарихында қазақтың ойып алған орыны мен бауырлас халықтың ортақ тарихы соңғы түйемен бірге кетіп,  ұмытылмаса қайтсін?!.

                   Тәжік жеріндегі «Қазақ әулие»

     Жалпы тәжік халқы қазақ бауырларына ерекше құрметпен қараған. Оның бір себебі отырықшы қарапайым шаруа халықтың арасына келген  қазақтың ірі байлары мен көзі ашық, діни ілімді ишан-қожаларының беделі болса керек.  Күні бүгінге дейін әулие деп, қасиетті жай деп, қарапайым халықтың зиярат ететін орындары қазақ атымен байланысты екен. «Қазақон мазар» деген қорым Вахш ауданында өте көп. Оның бержағында, Даңғара ауданында Иманид Дилбар деген тәжік азаматының қараусыз қалған қазақтың ескі қорымын қоршап, ас бергені туралы естідік. Басы артық малы, тасып жатқан байлығы жоқ азаматтың әрекетіне риза болдық. 1992 жылдардағы азамат соғысының басты шайқастары осы өңірде өтіпті. Қала қай жақтың қолына өтсе де, аз қазақтың  үйіне күзет қойып, аз ғана отбасын соғыс өртінен сақтапты. Өз бауырын оққа қиған тәжіктер бір қазақты ажалға бермегені таң қалдырады.

    Ал, кеңес үкіметінің жандайшаптарының мұндай биік адами қасиеттен жұрдай болғанын мына оқиға дәлелдейді. «Қызылдар» қырғыны өткен жер  қасиетті орынға айналыпты. 1924 жылы қызылдар «басмашыларға көмектестіңдер» деген желеумен, тыныш отырған ауылдың ақсақалын атып тастайды. Намысқа булыққан сол ауылдың 25 мерген жігіті қызылдардан қорғанып, атысады. Екі күнгі  ұрыста жүзге тарта солдат қырылады. Қызылдар қосымша отряд алдырып, бүкіл ауылды  жермен-жексен етіп қырып тастайды. Бұл оқиға Хатлон облысы Даңғара ауданының Саңлақ деген таулы жерінде  өтіпті. Сол жерде айналасы 30-40 метрдей жер иесіз жатыр. Бұл маңнан жергілікті халық түн тұрмақ, күндіз қорқып өтеді  екен. Сонда өскен жалғыз ағашты «Әулие дарақ» атапты. Ағаштың қураған бұтақтарын  алуға да ешкімнің батылы жетпейді. Оны алған адамның басына жамандық үйіріліп, үйі отқа оранып, бақытсыздыққа ұшырайды. Ал білген жұрттан естігеніміз,  мергендер – Түркіменстаннан келген адайлар екен.

     Қазақтың ишан-қожаларының да белгісі осында қалыпты. Қорғантөбеден аса қашық емес жерде Батырабад деген елді мекеннің қорымында, «Қазақ әулиенің» зираты бар. Мұнда Аққожа ишанның немересі Әлмұхаммед қажы Мамырайымшайхұлы жерленген. 29 жасында қажылыққа барған қасиетті әулеттің ұрпағы, отызыншы жылдары қожа-молдаларды қуған кезде елден асып кеткен екен. Аңыздың айтуынша, Қажы үрім-бұтағымен Ауғанстан асып бара жатып, намазын қаза етпей, бір төбеде кідіреді. Көшті оздырып жіберіп, Асыр намазын оқып болып, көшті қуып жетеді. Артына қарап алаңдаған баласына «Мен өлгенде намаз оқыған төбеге қойыңдар» дейді. «Ауған асып бара жатып, ненің төбесі?»  деп баласы мән бермейді. Шекараға жете бере, көшті тосып тұрған қызылдарға ұрынады. Қызылдар кәрі-жасына қарамай байлап-матап, бар малын тартып алып Қорғантөбеге алып келеді. Содан көп ұзамай Әлмұхаммед қажы дүниеден өтеді. Қариялар жиналып, баласынан «не өсиет етті?» деп сұрайды. Қым-қуытта қарттың сөзін ұмытқан баласы, үндемейді. Сонда қариялар  «әкеңнің аяғына жат, бір белгісін берер» дейді. Баласының көзі ілініп кеткен екен, бір төбенің басында екі ақбоз үй тігіліпті дейді. Біріне әкесі біріне анасы кіріп барады екен. Ұйқысынан оянған баласы атты ерттеп мініп, ай жарығымен төбеге келіп орнын белгілеп, әкесін жерлейді. Жергілікті халық «Қазақ әулие» деп атап, басына зиярат ететін жайға айналдырыпты. Халықтың ықыласы бекерге аумайды ғой. Туған жерден топырақ бұйырмаған бабамыз деп, бізде құран оқып, дұға бағыштадық.

     Осы төбеге қатысты жақында мынандай оқиға болыпты. Ауғанстан асып үлгерген бір қазақтың шөбересі, Қорғантөбеде тұратын  молдамен кездесіп, сәлем айтып жіберіпті. Оның сөзіне қарағанда әкелері қуғыншылардан  қашып келе жатып өздері әбден қалжырап, аттары да шаршап осы төбеге тоқтайды. Ауыр жүкпен шекараға жете алмасын біліп, бар алтын-күмісін зорығып өлген аттың қарнына тығып, қорымға көміп қалдырады. Артық жүгі жоқ босқындар шекара асып үлгереді. Артынша екі ел арасындағы қатынас қиындап кетеді. Қазынаның нақты орнын білетін қарттар дүниеден өтеді.  Құпия қазына көкейінен кетпеген соң, «қолынан келген адам сол қазынаны қазып алып, игілігіне жаратсын» деп рұқсат етсе керек. Көлденеңнен қосылғандардың жолы болмапты. Сөйтіп, алтынның буына желіккен жұртқа жергілікті үкімет ол жерді  қазуға тиым салыпты. Жалпы Ауғанстан  шекарасы Қорғантөбеден қол созым жерде. Аласапыран жылдары екі ортада қалған қазына туралы көп естідім. Қара жерден басқа сенетін амалы қалмаған соң, қу басын сауғалап, алтынын аманаттап жердің қойнына тапсырған болар. Туған жерден зорлықпен ауған қазақтың көз жасына малынған  қазынаның шын иесі қара жер шығар…

                               Тәжіктердің Қорғантөбесінде аяқталған ұзақ жол

     Адамның адамға жасаған қамқорлығы жайында мына әңгіме әлі елдің аузында екен. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында өмір сүрген, елдің қадірлі ағасы  Махмұд ишанға да сол жылдары Қорғантөбеден дәм бұйырған екен. Асқан ілімді кісі екенін мойындап, пір тұтқан өзбек-тәжіктің арасында  Ешмұратов деген өзбек Ишанды қамқорлап жүреді. Бірде Ешмұратов мақталықта жүрген жеріне қызылдар  келіп, Махмұдты тауып бер деп әурелейді. Ешмұратов алдымен үкіметтің мақтасын суарып алуға рұқсат сұрайды. Суарып жүріп  білдірмей, аяғымен арықтың арнасын  бұрып жібереді. Соны сылтауратып көмекшісін сабай бастайды. Оған айқайлап- ұрысып жатқан болып, «ишанға жет, жылдам басқа жерге барып  жасырынсын»           деп айтып үлгереді. Қашып кеткен көмекшісін сөгіп,   қызылдардың асықтырғанына қарамай,  мақталықта жүріп алады. Біраз уақыт өтті дегенде қызылдарды  ертіп ауылына келеді. Бас салып іздесе, ешкім жоқ. Қызылдардан ыққан Ешмұратов Ишанды тауға жасырады. Тек Сталин өлгенде ғана елмен ашық араласады. Іліміне сусындап,  уағызына ұйыған өзбек-тәжік тамсанып, «Эшонымыз керемет адам, бір айыбы әйелі – қазақ» деген екен. Махмұд ишан 64 жылдары қиын күндерде қамқор болған Ешмұратовқа алғысын айтып, еліне қайтады. Ишанның батасымен көгерген Ешмұратовтың үрім-бұтағы көбейіп, жақсылыққа кенеліпті. Ишанның ұрпақтары қазіргі күнде Жаңақорғанда  тұрады.   

Тәжікстан сапарына себеп болған, тағы бір атақты бабаларымыздың өткен тарихы еді. «Халық жауы» атанған әжемнің ағаларының дерегін біліп, әкесі – Бабай ишан Жүнісұлының мәңгілік мекені  болған жерді көрмек ниетіміз еді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Тәжікстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік Комитетінен мынадай хат алған едік. Онда №С03305 мұрағаттық істегі  деректер бойынша: Қызылорда тумасы Бабаев Әбдали –06.12.1937 жылы ТәжікССР ХІІК Мемлекеттік қауіпсіздік басқарма «Үштігінің» («Тройка» УГБ НКВД ТаджССР) қаулысымен 8 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталған. Ал №П-4263 мұрағаттық қылмыстық  істегі деректер бойынша:Бабаев Қалымбет, 11.09.1937 жылы Тәжік ССР ХІІК МҚБ «Үштігінің» қаулысымен ТәжікССР ҚК-нің 62 және 58 баптары бойынша ату жазасына  кесіліп, үкім 15.09.1937 жылы орындалған деген хат алған едік.

    Сырдың жерінде имандылықтың қаймағын бұзбай сақтаған ишан-қожалардың халық арасындағы беделі  болған. Оны жазықсыз жапа шеккен зиялы азамат Әбіш Мейірмәновтың Сібірден жолдаған мынадай хатынан білуге болады.

«Сахаба отыз үш мың, төрт шадиар,

Ғаламның раушаны  Расулалла,

Атамның  пірі едің Тапал ақұн,

Нұраддин, Зиавид мақсұм, екі Шахзад,

Пірлерім Әміртемір, Бабай, Паттал,

Әбдуәли, Әлиакбар, Әбиболла,

Іскендір, Әбілхайыр, Әшен, Пазыл,

Қорғайтын келді кезің осындайда

Тұқымы Әлилердің қатар өскен,

Қалымбет, Әли, Уәйіс бұл заманда

Сіздерді жадыма алып зарланамын

Қол берер келді кезің қысылғанда,

Жарылқар келді кезің, машайықтар,..» қатарлас замандастарының атын атап, рухани сүйеніш сұраған. Бұлардың ұрпақтарының көбі Сыр елінде жасап жатыр. Бабалар дінін де, бар берекесін өздерімен бірге жат жерге алып кеткендей. Бүгінгі ұрпақтың бойынан, ірілік, тектілік түгіл, имандылық нышанын табу да қиынға соғады. Мен қазылмай қалған алтын-күміске емес, рухани қазынамыздың бірі — ишандықтың санамыздан алыстап қалғанына  налыдым. 

Бар байлығын Қорғантөбенің әр төбесінде қалдырып, өткен ғасырдың басына дейін жеткен өмір салтын да осы жерде көміп, Тәжіктердің Қорғантөбесінде аяқталған ұзақ жолмен, қасиетті бабалардың рухы риза болсын деп жүріп өттік. Бабаларымыз үшін бұл азапты сапар болса,  тарихтың жоғалып қалған беттерін тауып алғандай мен үшін олжалы сапар болды. Тағдыры еліміздің тарихымен ұштасып өткен бабаларымызға құрмет, тарихқа тағзымы емес пе?!

Айтқандай, Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшілігінің тапсырысымен тәжікстандық қазақтар туралы кітап шығарғалы жатыр. Кітапқа өткен ғасырда осы өңірде өмір сүрген   қазақтардың  өмірбаян деректері, белгілі тұлғалар туралы ел аузында жүрген  аңыздар, тәжікстанда тұрған қазақтардың тұрмыс салты, кәсібі жөніндегі мәліметтер енеді деп жоспарлануда. Осыған қатысты жадыңызда жүрген  дәйектер,  құжаттар, фотосуреттер болса хабарласуыңызға болады. Тәжікстанда: профессор: Әбдусаттор Нуралиев, +992372324119 +992919025808

                              E-mail nuraliev_41@mail.ru

   Айгүл УАЙСОВА

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика