Сот залынан: Жиен ел болмас деген осы ма?

tom: 0pt;»>tories/knife_10_2_9.jpg» />     Тағдыр-ай десеңізші! Адам баласында алдында не күтіп тұрғанын жазбай болжай алатын қабілет болса ғой дейсің! Сонда тосыннан келер қасіреттердің алдын ала алар ма еді? Ең қорқыныштысы — ниеті бұзық жауыздардан да онша қауіп қылмай, қапы қалу. Одан да сорақысы – жақыныңның ұрымтал қаскөйлігі. Әйтпесе, адал еңбегімен ел қатарлы алаңсыз күн кешіп жатқан П.Киштаевтың отбасы бір күнде қара жамылып қаламыз деп ойлап па? Ондай жаманат келіп қалады-ау деген қылаудай күдік те жоқ еді. Ешқандай да бас араздыққа бармаған туған жиенінен айуандық күтпегені анық.

tom: 0pt;»>Сонымен, оқиға қалай болған еді?

tom: 0pt;»>Туған жиені Төрегелдиев Бауыржан 1985 жылы Арыс ауданында дүниеге келген. Білімі орта, уақытша жұмыссыз. Алматы қаласы, Әуезов аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігімен 5 жылға сотты болған. Мұнан кейін Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 21.07.2011 жылғы қаулысымен қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес 1 жыл 3 ай 15 күн мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Өкінішке қарай әлі отызға тола қоймаған жігіт түзелуді, адамша өмір сүруді ойламапты. Бостандықтың қадірін ұрлықпен, қарақшылықпен күн кешіп, өзгенің мүлкін тонау арқылы жан қинамай, шалқып жүру деп түсінген сыңайлы. 2011 жылы Жаңа Жыл қарсаңында тергеуде анықталмаған сыбайластарымен сөз байласып, бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде иелену туралы жоспар түзеді. Сөйтіп, Қазығұрт ауданы, Еңбекші елдімекеніндегі А.Қуандықовтың жайылымда жайылып жүрген, нарықтық бағасымен әрқайсысы 200 мың теңгеден тұратын 6 жылқысын ұрлап, Түркістан қаласының мал базарында Б.Тазабековке сатып жіберген. Өткен жылдың
8-наурызында тергеу барысында тағы да анықталмаған сыбайластарымен топ құрып, пайда табу мақсатымен қарақшылықпен ұштасқан кісі өлтіруге барды. Яғни, түнгі 12-де Шардара ауданының Қ.Тұрысбеков ауылындағы туған нағашысы Пірмаханбет Киштаевтың үйіне келеді. Жас қарақшы бұл үйде қай бөлмеде кім жататындығын, бөлмелерінің қалай орналасқандығын, қомақты ақша бар екенін де жақсы білетін. Б.Төрегелдиев қылмыс құралы ретінде ауладағы арматураны, сыбайласы тұрғын үйдің қолданыстағы «шот» құралын алып, қарақшылық жасау мақсатында Бауыржан бірінші болып үйге кіріп, асхана бөлмесінде Жайсанкүл Киштаева мен Пірмаханбет Кіштаевтың ұйықтап жатқанынын көрген. Сол кезде Жайсанкул оянып кетіп, Бауыржан оған дыбыс шығармай жатуын бұйырған. Сосын бейқам ұйқыдағы П.Киштаевтың басынан және денесінен өзі алып келген арматурамен бірнеше рет ұрған. Нағашысы қимылдамай қалғаннан кейін оны өлді деп ойлап, қылмысты ақырына дейін жеткізу үшін жәбірленушісінің пиджагынан 15 мың теңгені ұрлаған. Осы кезде Бауыржанның жанында болған сыбайласы темір шотпен Ж.Киштаеваның басынан бірнеше рет ұрып-соғып, өлтірген. Б.Төрегелдиев пен оның сыбайластары ақша, алтын бұйымдар мен бағалы заттарды алу мақсатында бөлмелерді тінтіп жүрген кезде, осы үйге қонаққа келген Ж.Киштаеваның туған інісі Сансызбай Жандаров алдынан шыққан кезде, Бауыржан оны да арматурамен қасындағы сыбайласы шотпен ұрып-соғып, бейкүнә жәбірленуші сол заматта-ақ тіл тартпай кетеді.

tom: 0pt;»>Түн жортқан қаскөйлер үйден 10 мың теңгелік ұялы телефонды, 130 мыңның алтын сырғасы мен алқасын, 6 миллион теңгесін, бір миллион теңге тұратын автокөлікті ұрлап кетеді. Жалпы, П.Киштаевтың отбасына 7 миллион 155 мың теңге
көлемінде материалдық залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

tom: 0pt;»>«Керек болса, әке-шешемді де өлтіріп кете аламын»

tom: 0pt;»>Қарақшы жиен мұнан кейін азаматтық некедегі әйелі Г.А-ның үйіне барып ұйықтайды. Оянған соң оған 8500 теңге беріп, кейін моншаға барып, қан дақтары бар киімдерін азаматтық некедегі әйеліне бермей, өзі жуып тастайды. 10-наурызда
Бауыржан анасымен хабарласып, нағашысының тірі қалып кеткенін естіп, Алматыға қашып кетеді. Бір аптадан соң Г.А-ға хабарласып, құжаттарын Алматыға жіберуін өтінеді. Г.А. одан; «мені қашан алып кетесің?» дегенде, «сені алып кетпеймін» деген жауап естиді. «Сені іздеп жатыр, не істеп қойғансың, нағашыларыңды өлтіргенсің бе?» деген сауалына да: «Иә, оларды мен өлтірдім, мені ешнәрсе қызықтырмайды, керек болса, әке-шешемді де өлтіріп кете аламын», — деген. Және онысымен қоймай, мені полицияға сататын болсаң, сенің ініңді менімен бірге қылмыс жасады деп қоса алып кетемін деп қоқан-лоққы жасаған. Дегенмен, Г.А. Бауыржанды іздеп Алматыға барады, адамдардан сұрастырып іздегенде, оның басқа әйелдермен көңіл көтеріп, ақша шашып жүргенін естіген. Туған нағашысын қарақшылықпен тонап өлтіріп, шімірікпей әйелдермен көңіл көтеріп жүрген қанішердің бұл сауығына қалай баға береріңді де білмейсің. Бір мезеттік қызығын өзгенің қасіретінен іздеген қылмыскерге қандай ауыр жаза берсек те лайық. Ал, өмірге қауіпті ауыр дене жарақатын алған нағашысы тірі қалғанмен, бас ми жарақатынан кейінгі деменция түріндегі кемақылдылықпен ауырады. Қандай аянышты тағдыр!

tom: 0pt;»>Қанды қылмысты жасаған Б.Төрегелдиев нашақорлықпен немесе алкоголизммен, психикалық сырқатпен, кемақылдылықпен, психиканың өзге дерттерімен де ауырмайды. Қылмыс істегенде іс-әрекеттерінің іс жүзіндегі сипаты мен
қауіптілігін ұғына алған. Сотталушының кінәсі өзіне тағылған айыпты мойындауымен қатар, қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, заттай дәлелдемені алу хаттамаларымен, сотталушының алдын ала тергеуде берген
жауаптарымен, фотосуреттерімен, бейнежазбалармен, беттестіру хаттамаларымен және осы іс бойынша жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 13-бабының 3-бөлімінің «в» тармағына сәйкес, егер
адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда қылмыстың қайталануы аса қауіпті деп танылады. Ендеше, бұрын аса ауыр қылмысқа барып сотталған Б.Төрегелдиевтің қазіргі істеген ауыр қылмысы қылмыстың аса қауіпті қайталануы деп тануға жатады. Сот барлық мән-жәйларды ескере отырып, Б.Төрегелдиевті жеке мүлкін тәркілеумен бірге, 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыскер жазасын «ерекше» режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

tom: 0pt;»>Азаматтық талапкер М.Киштаевтың талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Үкім бойынша сотталушыдан жәбірленушінің өкілі М.Киштаевтың пайдасына 6 миллион 155 мың теңге материалдық шығын және моралдық зиянның өтеуі ретінде 3 миллион теңге өндірілген.

tom: 0pt;»>Түйін

tom: 0pt;»>Сот үкімімен мұқият танысып отырып, терең ойға қалдық. Осыншалықты қатігездік қайдан шығады деп толғандық. Ойланып, толғанып қана қойған жоқпыз, қоғамда қандай да қатігездіктен шімірікпейтін хайуан кейпіндегі адамдардың
барына алаңдайды екенсің. Жауласпай-ақ, дауласпай-ақ, бәле деген де аяқ астынан шыға келетінін білсең, қалай ғана үрейленбессің?! Мұндай қанішерлер 25 жылдан кейін де түзеліп шыға ма, әлде одан сайын тағдырына өшігіп, тағы баяғы әдетіне баса ма деп, шынайы жауабын таппай мең-зең күй кешесін. Бәрінен бұрын олардың ел бетіне қарауға дәті шыдамайтын ата-анасын, туған-туыс, бауырын аяйсың. Олар үшін де ар жазасы-бар жазадан ауыр. Кез-келген ана балам қылмыскер болсын деп тумайды. Қоғамда мұндай қылмыстың орын алуы — әлеуметтік мәселенің қандай деңгейде екенін көрсететін өлшем. Оған қарсы не айлаң бар қазақ қоғамы? Рас, оларды атып тастау керек, өмірлік бас бостандығынан айыру керек деп те ашынасың. Ал, жәбірленуші тараптың көңіл-күйін жеткізу бұдан да қиын. Бірақ, мұнымен де мәселе шешілмейді. Бірін атсаң, екіншісі шығады. Әлеуметтік мәселемен терең айналыспай, алапат қанды оқиғалардың ауылынан ұзай алмаспыз.

tom: 0pt;»>Жәбірленушінің өкілдері Б.Төрегелдиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындауды сұрап, апеллияциялық шағым түсірген. Бірінші сатылы сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, Б.Төрегелдиевтің жеке басын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды толық ескере отырып, істеген қылмысына лайықты заң шеңберінде жаза тағайындағанын, үкім заң талаптарына сай іс бойынша жүргізілген тергеу амалдары мен сот отырысында толық зерттелген дәлелдемелерге негізделіп қабылданғандықтан, судья Ә.Рахымбаевтың төрағалығымен өткен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа сот үкімін өзгеріссіз, шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

tom: 0pt;»>Небәрі 28 жастағы сотталушыға 25 жыл да аз жаза емес. Отбасын құрып, бала-шағаның рақатын көріп отыратын-ақ жөні бар еді. Амал қанша? Ол өзіне де ауыр жаза кескенің енді түсінетін болады. Тек мұндай қасіреттер қайталанбаса екен
деп тілейсің.

tom: 0pt;»>Сурет: alaman.kz 

tom: 0pt;» align=»right»>Дидар Бегалиев

tom: 0pt;» align=»right»>«Қызмет» ақпарат

tom: 0pt;» align=»right»>{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика