2024-09-23

Қазығұртқа үндістандық инвесторлар келді

Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке жасалған қылмыс. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев күні кеше халыққа арнаған Жолдауында осылай деді. Және 3 жылға дейін салықтан босату жайында сөз қозғады. Әдетте, кәсіпкерлікті қолдау тақырыбы қозғалғанда ірі қалалар мен облыстардың әр ауданында құрылған арнайы индустриялық аймақтар еске оралады. Түркістан облысында «Қазығұрт» индустриялық аймағы өткен жылы жобаларды іске қосу жағынан ең тиімді аймақ деп саналған еді.

tories/06092019-55.jpg» border=»0″ />

Аталған индустриялық аймақ Қазығұрт ауданындағы Шарапхана ауылдық округіне қарасты Майлыошақ ауылы маңынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы 40 га аумаққа орналасқан. Құрылысы 2014 жылы басталып, 2015 жылы аяқталған. Барлық инфрақұрылым желілері тартылып, өнеркәсіп орындарын салу үшін кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды мамандануына қарай екі салаға тамақ өнімдері және құрылыс заттары өндірісіне топтастыруға болады. Қазіргі таңда индустриялық аймақтағы 40 га учаскеден жалпы құны 2,3 млрд теңгелік 7 жоба үшін 13 га жер телімі бөлінген. 173 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. 7 жобаның бүгінде 4 жобасы іске қосылып отыр. Жыл аяғына дейін 1 жоба жүзеге асады. Ал, 2020 жылы 2 жоба іске қосылатын болады.

«Құжаттандыру бойынша жұмыстар «Индустриялық аймақтар» туралы заңнамалық өзгерістерге байланысты қазірше тоқтап тұр. Ол бойынша облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия құжат қабылдайды. Жаңа заңнама жобасында индустриялық аймақтан жер телімін босату кезінде жеке меншікке немесе жалға беру мәселелері қаралып жатыр» дейді Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Н.Онтаев.

Кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау – инфрақұрылыммен толық қамтылған арнайы аймақ және транспортқа қолайлы халықаралық автодәліз бойында орналасқан жер телімі.

Аймақта «Асыл бастау.kz» ЖШС-нің 2017 жылы басталған «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру жобасының» құрылысы биыл қазан айында аяқталады. Құны 602,7 млн теңгені құрайтын жоба бойынша жылына 2 мың тонна өнім шығарылып, 20 адамды жұмыспен қамтылады.

Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында субсидиялау шартымен жұзеге асуда. «Bank RBK» банкінен 6 пайызбен 225,0 млн теңге несие алынған. Қазір барлық өндіріске қажет құрал-жабдықтар орнатылып, монтаждалған, табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Сүт өнімдері аудандағы сүт фермалары мен жеке сектордан қабылданады. Дайын өнім еліміздің тұтынушыларына жеткізіледі. Сондай-ақ көрші Ресейге экспорттау мәселесі де талқыланып жатыр.

Жыл аяғына дейін мұнан өзге тағы бір кәсіпорын жаңғыртылмақ. Ол – тез әзірленетін кеспе өнімдерін өндіріп келген «Lotus foods» жобасы. Бұл жобаның бұған дейінгі иелері ауысып, қазіргі таңда үндістандық инвесторлардың қатысуымен «CG Foods Central Asia» ЖШС-гі жұмыс атқаруда. Шетелдік инвесторлар 6,8 млрд теңге қаржы салу нәтижесінде жылына 1,1 тонна өнім өндіріп, 100 адамды жұмыспен қамту жоспарлап отыр. Дайындалған 10 түрлі «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімдері отандық тұтынушылардан басқа Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне экспортталатын болады. Бүгінгі таңда тұтынушылар базасы жасақталуда.

Қызмет-Ақпарат

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика