Табиғат жұмбағы: Қосылмайтын қос өзен

tories/1355481011.jpg» border=»0″ width=»302″ height=»209″ align=»left» />Атақты Жак Ив Кусто Гибралтар бұғазындағы су жазықтықтарын зерттеп жүріп, адам нанғысыз, тіпті, ғылымның өзі түсіндіре алмастай дерек тапқан. Ол бір жазықтықта ағып жатса да, бір-бірімен еш қосылмайтын су қабаттарын көрген. Олар тап бір жұқа қабықшамен бөлініп қойылғандай, әйтеуір белгілі бір шекарасы бар. Екі жақтың да өзіне тән температурасы, өзіндік тұздық құрамы, тіпті бөлек жануарлары мен өсімдік әлемі бар. Бұл – Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты суының Гибралтар бұғазында бір-бірімен тоғысатын жері. Ғалым дәл осы көріністің куәгері болғанда, есінен танып қала жаздаған екен.  Жергілікті тұрғындар бұл жерді «жарық дүниенің шеті» деп атайтын көрінеді.

Бүгінде ғалымдарымыз бұл табиғи құбылыстың сырын аша алмай отыр. Бір топ ғалымдар екі теңіздің қосылмауына физикалық күштер әсер етіп отыр дегенді айтады. Десе де, бұл тұжырым нақты әрі дәлелді емес. Сондықтан Табиғат-Ананың тағы бір жұмбағы шешусіз қалып отыр.

Суреттер:liveinternet.ru,hanaamaya.beon.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева.  

massaget.kz

{jcomments on}

 

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика