НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН КЕЗДЕСТІ

Назарбаев университетінің құрылысшы мамандығы студенттері әлеуетті жұмыс берушімен кездесті.  ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Бас директоры Замир Сағынов Назарбаев Университетінің «Құрылыс және экологиялық инженерия» факультетінің 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты — автожол мамандығын насихаттау, ЖАҰСО-да өндірістік ақылы практикаға үздік оқушыларды тарту, автожол саласындағы жұмысқа бейімдеу.

Замир Сағынов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Бас директоры: «кәсіпорнының жұмысы сан алуан. Бізде сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары көп.  Яғни  жас мамандар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мансаптық өсу бар. Айлық жалақысы да едәуір қымбат».

Студенттер жолшымен автомобиль жолдарында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Мысалы, З.Сағынов Назарбаев Университетінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан әлемдегі ең озық технологиялардың бірі Superpave (СуперАсфальт) әдісін енгізу жұмыстары туралы айтып берді.

Іс-шара аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақ инженерлер мен құрылысшылар көптеген сұрақтар қойып, жауап та алды. Атап айтқанда, Ұлттық сапа орталығына жұмысқа орналасу және ақылы өндірістік практика туралы (ай сайын +80 мың тг.) орталықтың цифрлық жобалары туралы: КazRoadLab— ЖҚМ сынақтарын жүргізу процестерін автоматтандыру жүйесі; InfoZhol -автожол құрылысы саласындағы барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қамтитын бағдарламалық өнім; DorSmeta -автожол жобалары бойынша ресурстық әдіспен сметалық есеп жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету;SRDS – жер жабындарының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму миниистрлігіне қарасты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 2019 жылы құрылды. Кәсіпорынның еліміздің 17 аймағында филиалы бар. Негізгі қызметі – жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстаудағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, және жолдарды диагностикалау, аспаптық тексеру. ЖАҰСО инспекторлары қызмет еткен жылдары Қазақстан Республикасының жолдарына 44 000-нан астам рет тексеріс жүргізді. 2022 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 16,9 мың км жолдарға диагностика жүргізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика