ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Тұран шағынауданы тұрғындарының талапты төтесінен қоятынын көзі қарақты оқырман біледі. Бұл жолы шағынауданға арнайы бейне-камера сұрағандардың тілегі қабыл болды. Яғни  Шымкент қаласында әкімнің тұрғындармен жаппай кездесуінен бөлек жеке қабылдауы барысында көтерілген мәселелер де шешімін табуда деп айтуға болады.  Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қабылдауына келген Тұран алабының тұрғындары бейнебақылау камераларын орнатуды сұраған болатын.
Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының мамандары зерделеу жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде тұрғын алаптағы 2 жол қиылысына бейнебақылау камералары орнатылып, тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты.
Айта кететін жайт, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бейнебақылау камераларының санын ұлғайту жұмыстары жүргізіліп, қала аумағында жалпы саны 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 — і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Шаһар аумағында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді. Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны  3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал былтыр 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.
Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. Сергек камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды. Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, сергек, GPS карталар, пелко, ИНТЕГРА-С қосылды.
Тәртіп, тазалық пен жол ережесін сақтау, жалпы қауіпсіздігіміз үшін камералардың маңызы орасан зор. Қаланы бейнебақылау камералармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Атап айтар болсақ, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2023 жылы 1500, 2024 жылы да 1500, ал 2025 жылы 2500 бейнекамералар қойылмақ.

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика