ШЫМКЕНТТІКТЕР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫН САУАТТЫ ҚОЛДАНАДЫ

  Шымкентте өткен жылдан бастап әлеуметтік қызметтер портал іске қосылған болатын. Әлеуметтік қызмет порталы мүгедектігі бар жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді. Мысалы, протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді көздейді. Оған қосымша арнаулы әлеуметтік қызметтер бар.
Арнаулы қызметке жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметі кіреді.
Порталдың жұмыс бастауына басты себеп – уақыт үнемдеу. Өйткені бұдан бұрын мүгедектігі бар тұлғалар оңалту құралдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша алатын. Оны алу мен кезекке тұруға айлап уақыт жоғалтуға тура келетін. Қазір күту мерзімі бір-екі аптаға созылса, оңалту құралдарын өз бетімен таңдауға да мүмкіндік туған. Бастысы бәрін «бір терезе» қағидасы арқылы басқаруға болады.
Ағымдағы жылдың 11 айында 55 құралдар түрі мен 3 қызмет түрі бойынша мүгедектігі бар азаматтар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруде. Нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға 28 553 құралдармен қызмет түрі көрсетілген.
Атап айтсақ,
— протездік-ортопедиялық құралдармен қамтылу көрсеткіші — 4618
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен қамтылғандар -986
— мүгедектер арбасын алушылар — 1122
— жеке көмекшінің, ымдау тілі мамандарының қызметтері — 397
Қазіргі уақытта Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар саны — 38 880 Оның ішінде І топтағы азаматтар саны- 3 691, ІІ топтағы-15 212, ІІІ топтағы -12 739 адам. Ал, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -7 238.
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істеп келеді. Портал адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік бермек. «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін күшейту арқылы Әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуді көздеп жатырмыз. Бұл мұқтаж азаматтарға қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған орай биыл министрлік жаңадан Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ұлттық ресурс орталығын құрды. Бұл ұлттық ресурс орталығы әлеуметтік қызметкерлердің потенциалын арттыру, әлеуметтік қызметтердің мамандарын кәсіби әдістемелік қолдау, әлеуметтік инновацияларды модельдеу, жергілікті деңгейде жаңа қызметтерді пилоттау сияқты міндеттерді іске асырып келеді»-деді мамандар.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика