«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларға — жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Бұл жайлы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының tor»>фейсбук парақшасында мәлімет таратты деп хабарлайды kyzmet-gazeti.kz сайтының тілшісі.
Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған төлем қабілеттілігі бар отбасылар қатыса алады.
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген кірісі екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылға- 31 183теңге) кем емес (62 366 теңге), соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптары:
— қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
— тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды;
«5-10-20» бағыты аясында өтініштерді қабылдау мерзімі Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтына, әлеуметтік желілерде (@upravleniezhilya) және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында (телевидение, газет) хабарланады» делінген аталған басқарма парақшасының мәліметінде.
Leave a Reply