tories/12346538_979879785392045_903311647832859250_n.jpg» width=»448″ height=»298″ alt=»12346538_979879785392045_903311647832859250_n» style=»float: left;» />Әйгерімді жақсы көретіндер өте көп…
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Мереке қарсаңында өзімізше ең тынымсыз,ізденімпаз журналисті іздедік. Таңдауымыз Әйгерім Бегімбетке түсті. Ол ерекше. Кіл ер азаматтардың арасында әзірге бір өзі жүреді. Өзі жазады, өзі түсіреді. Кәсіби тұрғыда. Бүгінде оны фотоапаратынсыз елестетудің өзі қиын. Кәсібі мен болмысы үйлесім тапқан, бір ауылдың, бір ұжымның ғана емес елдің баласы атана бастаған тұлға. Тұлға деп айттық екен Әйгеріммен жоспарланған сұхбатымызда сол тұлғалық қасиеттерін ашуға ұмтыламыз.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Әйгерім бүгінгі мерекедегі көңіл-күйің қалай?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Керемет! Біздің мереке болған соң ба бүгінгі көңіл-күйім ерекше. Мына қоғамдағы өз қызметіңнің беделі биік, қызықты екендігін сезінетін күн секілді.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Сен үнемі іс-шараларда, түрлі бас қосуларда фотоаппаратыңызды арқалап алып бірінші көзге түсесің? Суретке түсурудің шебері екендігіңді мойындай бастадық. Осы өнерге қызығушылығың неден басталды?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Мамандығым журналист. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіргенмін. Жұмысымды жақсы көремін. Ал сурет әлемін қалай айтсам болады? Ол менің хоббиім десе де болатын шығар. Иә, солай дұрысырақ. Журналистика менің кәсібімнің бір бөлігі десем, фотоаппаратты пайдалану екіншісі.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>Қызығушылық туралы айтсам, мен бала кезімнен фотограф болғанмын десем артық емес шығар. 5-сыныпта туылған күніме Нұрсұлу әпкем маған фотоаппарат сыйға тартты. Содан тыным жоқ мектептің балаларын, үйдегі бауырларымды қызықтап суретке түсіремін. Кейін ауылдағылар суретке түсіріп берші деп ұсыныс жасайтын болды. Фотоаппарат деген мүлдем аз уақыт қой, менде ғана болатын. Осылай жұмысыма лайық табыс таба бастадым. Ауыл адамдарын түсіремінде қалаға келіп шығарып алып 50-60 теңгеден сатамын. Суретке түсіру өзіме бала кезден тауып алған жұмысым. Қолымдағы мен жұмыс істеген алтыншы фотоаппаратым екен.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>—Суретке түсірудің табыс көзі ғана емес, үлкен өнер екенін қашан түcіне бастадың?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>Өсе келе суретке түсуруге де шеберлік керек екенін түсіндім. Ерекшелігі барын, маған әлі көп үйрену керегін білдім. Әсіресе табиғатты түсіру мықты төзімділікті қажет етеді екен. Жалт ете қалған ғажап сәттерді қалт жібермеуің керек. Ол үшін түнімен ұйықтамауың да мүмкін. Мысалы бұлт күркіреп тұрғанда көлдің бетіне найзағай жарқ ете қалған сәтті дәлме-дәл түсіріп алу керек дейік. Бұл секунд ішінде орын алатын құбылыс болғандықтан үлгеру керек, түсіріп қалудың амалын жасау керек. Фотографтың әр күніғ сағаты емес, әр сәті ізденіске тола деуге болады.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Кімдерден үйреніп жүрсің?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>Алғаш маған жол көрсеткен «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Асылхан Әбдрайымұлы. Сол кісінің басшылығымен елімізде фотографтардың қоғамдық бірлестігін құрылған, қазіргі таңда белсенді жұмыс жасап жатыр. Басты мақсаты қазақ фотоөнерін дамыту. Өздеріңіз білесіздер бұл өнермен түгелдей дерлік ер азаматтар айналысады. Сол себепті де менің бұл ортаға кіруім оңай болмады. Алғашқыда кәсібіме байланысты кеңесті әлеуметтік желі арқылы алып жүрдім. Қоғамдық бірлестіктің құрамына қабылданғаныммен қыз бала болғандықтан бірлестік ұйымдастырған көптеген экспедицияларға бара алмай жүрдім. Кейін қатарымызға 2-3 қыз қосылды. Қазір жалғыз емеспін экспедицияларға сол қыздармен бірге шығамыз. Жалпы бірлестіктің Қазақстан бойынша 57 мүшесі бар. Мені үнемі қолдап, білмегенімді үйретіп, суретке түсірудің тәсілдерін көрсететін сол бірлестіктің мүшелері.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>Тағы бір мен ұстаз тұтатын адам Шүкір Шақай ағам. Ол пример-министрдің жеке фотографы. 2008 жылдары сол кісінің почтасына түсірген суреттерімді жіберіп, қалай шыққанын сұрайтынмын. Қызметінің жауаптылығына қарамастан суреттерімді көріп,ақылын айтып, кеңесін жазуға уақыт табатын. Бұл салаға келуіме сол кісінің жігерлендіруі себеп болды шынымды айтсам. Осындай орта менің сурет өнеріне деген қызығушылығымды арттыра түсті.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Журналист болғандықтан түрлі тақырыптарда мақала жазасын ғой. Айгерімнің жан-дүниесі қандай тақырыптарды ақтарғанды ұнатады?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>—Мен әлеуметтік тақырыптарды жазғанды ұнатамын. Экономика, саясат тақырыптарына шынымды айтсам бүйрегім бұра бермейді.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>-Айгерімнің балашақтағы және болашақтағы арманы қандай екен?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>Адам баласында арман да, болашақты болжауда бала кезден бастау алмай ма? Шарықтап жүре беретін бала көңіл қиялшыл ғой. Кішкентайымда қандай мықты адамды көрсем сондай болғым келетін. Кітапханашыда болғым келген. 7-ші сыныптан бастап газет-журналдарға деген қызығушылығым артты. Сол кездегі «Балбөбек» атты газетке мақалалар жазып жіберіп тұрдым. Жазғаның газет бетіне шыққандағы қуаныштың орны бөлек. Әр мақалаң шыққан сайын болашаққа деген ұмтылыс, өнерге деген қызығушылығың арта түседі. Оны оқып алып үлкендердің мақтағаны ынталандырып, оданда әсерлі, мықтырақ етіп жазғың келеді. Кейін республикалық «Ұлан» газетіне де жібере бастадым жазғандарымды. Бір жылдай жіберген материалдарым шықпай жүрді алғашында. «Ұланға» алғаш мақалам шыққанда өзімді жарқ ете қалған жұлдыздай сезіндім. Жазарым көбейді, енді менің мақалаларым кемшілігі бар деп қайтарылмайтын болды. Біркүні «Ұлан» газетінен мектебіме «Ұлан» газетінің тілшісі деген куәлік келіпті. Сондағы қуанғанымды көрсеңіз. Осылайша журналистика саласына деген алғашқы қадамдар басталды. Ал, болашақтағы арманым қазіргі қызметіммен тікелей байланысты. Менің арманым біреу ғана. Мықты маман болғым келеді. Ал, менің кәсібім қоғаммен тікелей байланысты. Біз тәуелсіз еліміздің тарихын жасап жүрміз.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 115%;»>Әңгімеміз ашық-жарқын өрбіді. Өйткені, оның көңілі кіршіксіз таза. Кәсібіне деген көңілі де сондай.Адамдарға тек қана жақсылық сыйлағысы келеді, сөйтіп те жүр. Көпшіл.Қарапайым. Ол үшін үлкен кіші жоқ. Бәрі бірдей оның сүйікті кейіпкерлері. Адам ғана емес, табиғаттың әрбір бөлшегі, әрбір құбылысы оның назарынан тыс қалмайды. Ең бастысы ол сурет әлеміне сүрлеу салған алғашқы қазақ қыздарының бірі. Оны басқа әріптестерінен ерекшелендіретін де осы тұлғалық қасиеттері. Әйгерімді жақсы көретіндер өте көп.
Ж.Шынарбекұлы
Leave a Reply