«АҚЫЛ АЙТУ, ТӘРТІПКЕ САЛУ ҮШІН БІРІНШІ ӨЗІҢ АҚЫЛДЫ, ТӘРТІПТІ БОЛУЫҢ КЕРЕК»

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Орынбасар Бейсенов, полиция полковнигі:

tom: 12pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>«Ақыл айту, тәртіпке салу үшін бірінші өзің ақылды, тәртіпті болуың керек»

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Кейіпкер туралы: Бейсенов Орынбасар Тұрсынбекұлы. КСРО ІІМ-нің Қарағанды Жоғарғы мектебінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын 1978 жылы қыркүйек айында кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмысты істі іздестіру бөлімінен бастаға.1983-1989 жылдар аралығында Шымкент облысы атқару комитетінің ішкі істер басқармасы қылмысты іздестіру бөлімінің аға инспекторы,1989-1993 жылы Қызылқұм ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 1993-1995жыл аралығында ОҚО рэкетке қарсы күрес бөлімін басқарған.1995 жылдан 1999 жылға дейін ОҚО ішкі істер басқармасы криминальдық полиция басқармасының орынбасары, 1999 жылдан 2001 жылға дейін ОҚО криминальдық полиция басқармасының бастығы , 2001-2005 жылдары Арыс ауданының ішкі істер бөлімін басқарып, зейнеткерлікке шыққан.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Полиция қорғаның. Ол шын мәнінде солай. Жазалау емес, қорған болу полицияның қызметтік міндеттемесінде де солай көрсетілген. Бірақ қазіргі таңда халықтың аталған қызметті жазалаушы ретінде қабылдайтыны да жасырын емес. Осындай көзқарас қалыптасқан. Оның өзіндік себептері де бар. Жақсылықты айту мақсатымыз болғандықтан біз бүгінгі жас буын полицейлерге үлгі болатын тұлғаны іздеуді дұрыс көрдік. Полиция ардагерлерінің тыныс-тіршілігімен танысқымыз, олардың полиция қызметін жақсарту, кадр дайындаудағы пікірін білгіміз келді. Таңдауымыз Орынбасар Бейсеновке түсті.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Сұрақ: Орынбасар Бейсенұлы «Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық қылмыстарға қарсы күреске жауап береді, жол полициясының қызметін де атқарады. «Біз бұл туралы көп айтып жүрміз, бірақ оған әлі барған емеспіз. Бәрін орталықта ұстап отырмыз. Ешкім жергілікті жерлерге қызметтерді бергісі келмейді. Дәл осы жергілікті полиция қызметі жергілікті қоғамдастықпен тығыз жұмыс істеп, ұсақ қылмыстарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруы керек». Бұл Елбасымыздың көзқарасы. Президентіміз айтқан сөз. Сіз саналы ғұмырыңызды осы абыройлы қызметке арнағансыз. Қызметтің барлық баспалдағынан өтті десе де болады. Бүгінгі полиция қызметіне көңіліңіз тола ма?

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>-Бұл жерде мынаған назар аудару керек. Қай кезде, қандай қоғамда болмасын полиция қызметі еңбек заңына сай үйлестіріліп, атқарылады. Одан басқа министрліктің ішкі бұйрықтары да бар. Қызығы мен қиындығы мол полиция қызметінің ерекшелігі – біздің қызметкерлер сегіз сағат жұмыс істедік деп, жұмыс орнын немесе бітпеген тапсырмасын тас­тап кете салмайды. Қылмыстың кез келген уақытта болуы немесе сол секілді тағы басқа тәртіпсіздіктердің орын алуы уақыт таңдамайды. Ол түнде де, күндіз де, таңертең де, кеште де болады. Полиция қызметкерлері халықтың жақсылап демалуы, бала-шағаларымен уақыттарын қызықты өткізуі үшін қажетті тәртіп пен тыныштығын қадағалап, ел тыныштығын күзетеді. Полицияның қызметі – қылмыстың алдын алу, тәртіпсіздікті болдырмау, болған бұзықтықтың анық-қанығын біліп, кінәліні заңға тарту. Осы тарапта қазіргі полиция қызметкерлеріне көңіліміз толады, толмайды деп айту орынсыз болар бірақ, кейбір кемшіліктерін айтпай кетпеуге де болмайды. Полиция қызметкерлерінің ішінде қазақ тілін білмейтін, оны білуге әрекет етпейтіндер бар. Полиция деген мемлекеттің бір бөлшегі. Мемлекет халқының басым көпшілігі қазақ ұлты. Сондықтан полиция қызметкерлері мемлекеттік тілде таза сөйлеп, сауатты жаза білуі керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда еліміздің саяси, заң талаптарына сай ішкі істер қызметкерлері арасында тексеріс­тер, бақылаулар жүргізіліп оты­рылады. Министрліктің қойып отырған ең бірінші талабы – өзіміз заңды қор­ғай жүріп, өз қызметкерлеріміз­дің заңды бұзбауына қол жеткізу. Сол себепті де бірінші орынға қоятынымыз – өзіміздің ішкі тәртібіміз болуы керек. Менің айтпағым мынау: біреуге ақыл айту, тәртіпке салу үшін соны талап ету үшін бірінші өзің ақылды, тәртіпті болуың керек. Өз ісіне адал қызмет етіп жатқан жастарымыз да жеткілікті.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Қазақта «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген сөз бар. Сол секілді бір қызметкердің тәртіп бұзғандығы үшін бүкіл полиция қызметкерлерінің бәрі осындай деген түсінік қалыптаспа­уы керек.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Жас қызметкерлерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде яғни талап пен тәрбие арқылы жақсы жетістіктерге қол жеткізуде бүгінде жұмысы жүйелі жүргізіліп отырған Ардагерлер кеңесінің орны ерекше деп айтар едім.Ішкі істер органдары ардагерлерінің басты міндеттері аға буынның жастарды тәрбиелеуде, өз өмірін қылмыспен күресуге арнаған жас қызметкерлерді құқықтық тәртіпті бекітуге, патриоттыққа, интернационалистікке, адамгершілікке және кәсіби шеберлікке тәр­биелеу болып табылады. Меніңше кеше мен бүгін деп полиция қызметін бөліп жаруға болмайтын сияқты.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Деседе айырмашылық бар ғой. Жергілікті полиция қызметі құрылып, бірнеші қызметтер біріктірілді. Бұл қызметкерлердің біліктілігі мен біліміне талап күшея түскенін көрсетеді. Тәжірибеңіз бар, өзіндік пікіріңіз бар, бүгінгі полиция болмысын, танымын,келбетін қалай қалыптастыруымыз керек?

-Полиция қызметкері — халықтың қорғаны,тірегі дейміз. Сол себепті де, түрлі қылмыскерлермен күресетін тәртіп сақшылары ең алдымен өздері әлжуаз, әлсіз болмауы керек. Сондықтан да полиция қатарына қабылданатын жастардың арасында ішкі істер саласының мамандары әсіресе, спортшыларды құшақ жая қарсы алады. Әрине, бұл — қатаң талап емес.

-Полиция қызметіне барамын деген азаматтар бойынан тағы қандай қасиеттер іздеу керек?

-Қылмыс ашу, қылмыскердің ізіне түсу оңай шаруа емес, ақыл, керек, ібжілдік керек, білім керек. Оған қоса сіз екі иығына екі адам мінгендей еңсегей бойлы, ойлы жауырыныңыз қақпақтай болсаңыз бойымда біраз қасиет бар деп ойлауыңызға болады. Ал, адамдармен тез тіл табыса алатын сыпайылықты сақтасаңыз — полиция қатарына қабылданып, халықтың тыныштығын күзетуге атсалысуға мүмкіндігіңіз мол. Әрине, бұл — тек қана ақылды, қара күшті бағалаймыз деген сөз емес. Болашақ тәртіп сақшысы түр-тұлғасы сымбатты, келбеті келісті, адамдармен сөйлесе білетін, өз ісінің шебері сонымен қатар адал болуы тиіс. Адамдармен сөйлесе білуі керек деуіміздің себебі — құқық қорғаушысы қарапайым халықпен күнделікті бетпе-бет келіп, жұмыс істейді. Тұрғындармен сөйлескенде сыпайы әрі қарапайым болса, полиция қызметкерінің жұмысы да жандана түсері сөзсіз. Кейінгі жылдары ішкі істер департаментінің мамандары мен көшеде кезекшілікте жүретін жол полициясы инспекторларының арасынан толық немесе аласа бойлы, жуан қарынды тәртіп сақшыларын кездестіру қиын. Оның бір себебі — бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі, кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы келбеті, сымбаты назарға алынып отыр. Ішкі істер департаментінде полиция қызметкерінің жағымды имиджін қалыптастыру тұрғысында тыңғылықты жұмыс атқарылып келеді. Бұған қоса полиция қызметкерлерін жылда аттестациядан өткізіп отырады. Ендігі орында тек жыл сайын өтіп тұратын бұл сынақтан сүрінбей өткендер ғана халыққа қызмет етеді деген сөз.

-Отбасыңызды полиция қызметкерлерінің отбасы деуге болады. Жалпы осы қызметте жүрген азаматтардың баласының осы қызметке келуі жиі кездеседі. Мұны қызметке адалдық деп қабылдауға бола ма, жоқ басқадай себептері бар ма?

-Мамандық таңдауды есепке құруға болмайды. Бұл менің жеке пікірім. Жүрек, жан қалауына ерік беру керек.Өзің қаламайтын жұмысты атқару тиімділік көрсетпейді. Рас, ұлым –Нұрдаулет менің жолымды қуды. Қазір лауазымы: ІІД –нің Криминальдық полицияның жедел уәкілі, шені: полиция капитаны, білікті маман. Бұл қызмет — ұлымның өз таңдауы. Мамандық таңдауда кеңес беріп, сен полиция қызметкері боласың деп талап етпедім, себебі әр адам өмір жолын өзі таңдауы керек. Ол – ұлымның болашағы, өмір жолы. Мектепте оқып жүргенде, қызығып полиция қызметкерлері туралы детектив кітаптарды көп оқитын, полицейлер туралы кинолар көретін. Дегенмен, менің қызметіме деген қызығушылығының әсері болуы да мүмкін. Жастайынан полиция қызметкерлерінің отбасында туып, атқаратын қызметін көріп, олардың қызмет барысы туралы күнделікті есітіп өсті ғой.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Халықтың полицияға деген сенімін нықтай түсу үшін не істеу керек?

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғау­шы­сы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қыз­мет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақ­шы­сына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда. Бұл қай мемлекет үшін болмасын солай. Қандай қылмыстық жағдайларда болсын алдыңғы сапта полиция қызметкерлері кеудесін оққа да, отқа да тосып тұрады. Қаншама полиция қызметкерлері өзінің халық алдындағы борышын өтеу жолында өмірлерін қиып, мерт болып жатыр. Сондықтан да полицияның негізгі міндеті халық сенімін барынша иеленіп, азаматтардың консти­туция­лық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Сол себепті де полиция қызметкерлері халықтың өздеріне деген сенімі туралы үнемі ойлануы керек. Әрбір сөзінің, әрбір әрекетінің алдында.Ал, мұндай қасиеттер отансүйгіштіктен бастау алады.Қазіргі күнегі құқық қорғау органдарын реформалаудың басты себептерінің бірі, жоғарыда айтқанымыздай, қоғамның по­ли­цияға сенімін арттыруға бағыт­талып отырғаны белгілі.Осы талапқа сәйкес ішкі істер орган­дарының оң имиджін қа­лып­тастырудың арнайы бағдар­ла­малары дайындалды. Осы бағдарлама аясында бұқаралық ақпарат құ­ралдары арқылы және құқық қор­ғау қызметкерлерінің өздерінің де күш салуымен тәртіп сақ­шы­ла­рының қоғам алдындағы беделін арттыру жұмыстары жүргі­зі­ліп келеді. Солай бола тұрса да, полицейлердің кемшіліктерін жіпке тізу соңғы жылдары жалпыхалықтық лозунгке айналғандай. Бұл тәртіпті қатаңдата түсуде. Бір қызметкердің заңсыздығынан келетін залал өте үлкен, қабылданатын шаралар да өте қатал, оларды тек жұмыстан ғана шығармайды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғайды. Көріп отырсыздар полиция қызметі әрдайым сын садағына ілінетін мамандықтың бірі. Осы орайда халықтың полиция турасындағы психологиясын өзгерткен маңызды. «Полиция келеді» дегенді үреймен емес, үмітпен айту керек. Полицей ол қорғаушы, көмекші деген түсінік қалыптасқанда ғана тәртіп орнайды.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Патриот жастарды, патриот полицейлерді тәрбилеудің жолдары қандай,полиция қызметіне кіру үшін қандай талаптар қойылады?

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Полициялыққа келетін жастарымыздың бойында адами қасиеттердің барлығы болуы шарт.Сол себепті де біздің басты міндетіміз- Отанын шексіз сүйетін, адал , ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бұл орайда ішкі істер Ардагерлер кеңесі бірқыдыру жұмыстар атқарып жатыр. Жалпы патриот тәрбиелеу жалпы халықтың іс. Ол тәрбие көпшілік орындар, қоғамдық көлік, көше, мектеп, оқу орындарында жүруі керек. Тәрбие біздің әрекетіміз, жүріс-тұрысымыз, сөзімізде. Әр адам осыны терең түсінсе жастарымызда, полицейлерімізде патриот болады.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; vertical-align: baseline;»> Оның үстіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес, болашақ полиция қызметкері үлкен тексерістерден өтеді. Мектеп жасынан бастап, сол күнге дейінгі тәртібі, әскер қатарында өзін-өзі көрсете білуі, жұмыс жасаған болса, әріптестерінен мінездеме алынып, көрші-қолаңдарымен қандай қарым-қатынаста болғандығы, бұрын-соңды құқық тәртібін бұзған-бұзбағанды­ғы сияқты барлық жайттар анықталып, содан кейін арнайы медициналық тексеруге жіберіледі. Қазіргі кезде ҚР барлық аймақтарындағы ішкі істер органдарында кадр және тәрбие жұмысы саласы ерен еңбек етіп келеді. Бұндағы мақ­сат – Отанын жанындай жақсы көретін биік парасатты, дүниетанымы мен ой-өрісі кең, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қыз­метте азаматтардың конституциялық құ­қық­тары мен бостандықтарын бұзуға жол бермей, Қазақстан Республикасының заңдарын, ІІМ-нің шешімдерін қатаң сақтайтын аза­мат­тарды ішкі істер органдары қатарына қабылдау. Қазіргі таңда, кадр даярлау ісі мұқият­ты­лықты қажет етеді. Кез келген қызмет­керді жұмысқа аларда оның шыққан жеріне, отбасылық жағдайына және өз ортасындағы тәрбиесіне аса мән берген жөн. Сонымен қатар, талапкер психологиялық тестіден де сүрінбеуі тиіс. Осы талаптарды еңсергенде ғана халқының қорғаны болатын нағыз қа­һарман ұл-қыздарды саптан көре аламыз. Болашақ қызметкерлердің бойында мем­лекеттік-құқықтық дүниетаным, кә­сі­би-адамгершілік, құқықтық және патриот­тық тәрбие, жоғары тұл­ғалық қасиеттер дамыған жағдайда полиция беделі биікке көтеріледі деп ойлаймын.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Ашық-жарқын әңгімеңізге рахмет!

tom: 12pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>Зылиха Жантасова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика