tom: 0.0001pt; text-align: center;»>«Судьяның ары таза болмауы — оның тәуелсіздігінен айырылуы »
tom: 0.0001pt; text-align: left;»> Елімізде 266 аудандық және оған теңестірілген соттар жұмыс істейді. Осы соттардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 соты да бар. Неге ерекшелеп айтып отырмыз? Соттардың арасында да байқаулар болып тұрады. Жалпы сайыс бәсекеге қабілетті болуға итермелейтін көнеден келе жатқан әдістерінің бірі екені белгілі. Сондықтан қандай уақытта болмасын өз жұмысының жүйелілігіне сенген ұжымдарбіліктілік бәске түскен іс-шаралардан сырт қалмайды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан ұйымдастырылған «Ең үздік аудандық соттар» республикалық байқауы өтті . Көп кешікпей, байқау нәтижесі жария етіліп, оның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 соты жүлдегерлердің көшін бастады. Жүлдегер соттың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Мырзакентке барып, Мақтаарал аудандық №2 сотының төрағасы Қ.Мұсаевпен арнайы сұхбаттасқан едік.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: left;»> — Құнанбай Әбиболлаұлы, біз сізді өз елінің патриоты, елжанды, әр бейбіт күннің қадірін білетін мемлекетшіл азамат ретінде танимыз. Күні кеше ғана Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына 25 жыл толды. Бұл күннің сіздің өміріңізде ерекше орны бар. Қазір осы соғыс төңірегінде де тұрлі пікірлер айтылады, сіз не дейсіз?
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Ауғанс соғысы өткен ғасырдың 80 жылдарының айшықты тарихи оқиғаларының бірі. Менің айтарым соғысқа қатысқан жауынгерлер өздерінің нағыз интернационалист жауынгер екендіктерін дәлелдеді. Соның ішінде, қазақ жастары да өздерінің мемлекет алдындағы міндеттерін абыроймен атқарды. Жалпы, бұны мен Кеңестік дәуірдегі идеологияның жемісі деп бағалар едім. Бір сөзбен қайырғанда, сол жылдары біз, мемлекеттің алдымызға қойған міндеттерін абыроймен атқардық деп есептеймін.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Бұл соғысқа Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен жиналған еліміздің 18-20 жастағы өрімдей жастары қатысты. Олардан қандай саясат сұрауға болады? Ал, қазір ойлап қарасам, Ауғанстан жеріндегі соғыстың басталуына сол елде ауызбірліктің болмауы, халықтың жік-жік, тайпа-тайпа болып өзара қырықпышақ болуы себеп болған екен. Содан бері Ауғанстан жері қайсыбір елдердің қару-жарақтарын сынайтын полигонына айналды. Ауған соғысын көрген біз, бүгінгі күні Елбасымыздың ел бірлігі мен тыныштығын сақтау мақсатында жүргізіп отырған саясатын мейлінше қолдап, қуаттаймыз! Елімізде ешқашан соғыс болмасын, ата-аналар балаларынан айырылып жыламасын, елдің іргесі тыныш болсын деген тілектеміз. Осы орайда, Президентіміздің еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен өзге мемлекеттермен бейбітшілікте өмір сүру бағытында жүргізіп отырған саясаты, яғни ұстанымы өте құптарлық әрі аса маңызды мәселе деп түсінемін.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Енді бүгінгде атқарып отырған қызметіңізге келсек, өткен жыл сіздер үшін жемісті болды, республика бойынша аудандық соттардың арасында үздік атану үшін қандай жұмыстар жүргізу керек екен?
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Жалпы, былтырғы жыл біздің аудандық, облыстық соттарға ғана емес, еліміздің бүкіл сот жүйесіне көп жаңалықтар, қуаныштар әкелді деп есептеймін. Олай дейтінім, 2013 жылы Қазақстан Судьяларының төрт жылда бір рет өтетін съезіне Елбасымыз Н.Назарбаевтың қатысып, судьялардың күнделікті атқарып отырған күрделі әрі жауапты қызметіне оң баға берді. Сол сьезде Елбасы: — Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Біз «Қазақстан — 2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда экономикада, саясатта сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мәселелерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің де сот жүйесіне көп көңіл бөліп отырғаным сондықтан. Осындай үлкен жауапкершілікті баршаларыңыз түсінесіздер деп ойлаймын. Осы салада көп жұмыс істеп келе жатырсыздар. Сіздер тәуелсіздігіміздің 22 жылы барысында атқарылған шаруалардың ішіндегі басты мәселелердің шешілуіне қатыстыңыздар. Сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді» — деді.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Шынымды айтайын осы сөздерді естігенде төбем көкке екі елі жетпей қалғандай болды. Сьезге қатысып отырғандардың бәрі осындай сезімде болды ғой деп ойлаймын. Былтыр Президенттен осындай ризашылық сөзін есіттік, биыл Жоғарғы Сот басшылығы тарапынан еңбегіміз бағаланып, жүлдегер атандық. Осындай жанды жадыратын жаңалықтар есіткенде неге көңіл көтерілмейді, неге қуанбасқа!? Қатты қуандым, жасырғым келмейді. Мұның барлығы да мен басқарып отырған ұжымның ерен еңбегіне берілген лайықты баға деп қабылдаймын. Ұжымға, бізге сенім білдірген жоғары тұрған басшылыққа алғыстан басқа айтарым жоқ. Өзіңіз ойлаңыз судья, ол қызмет ететін ұжым үздік атану үшін не істеу керек? Әрине, ең бастысы әділ болу керек, жұмыста, шешімде.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Сот-прокуратура саласында еңбек еткеніңізге ширек ғасырға жуықтады, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында судья, кейін төраға қызметтерін атқардыңыз. Соңғы бес жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 сотының төрағасысыз. Судьяның тәуелсіздігі деген мәселе бар, осы жөнінде не айтар едіңіз?
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Бүгінгі күні судья тәуелсіздігі мемлекет тарапынан, материалдық-техникалық, заңнамалық жағынан толық қамтамасыз етілген деп айта аламын. «Қазақстан Республикасының cот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 25-бабында судьяның тәуелсіздігі туралы нақты жазылғаны белгілі. Әрине, бір заңда судьяның тәуелсіздігі туралы бәрін жазып көрсету мүмкін емес. Сондықтан да судья тәуелсіздігі дегеніміз менің түсінігімше, ол дүниеге құл, мансапқұмар, тәкаппар болмай, сот әділдігін айтарда өзінің ары мен заңды ғана басшылыққа алып және тараптардың жағдайын жан-дүниесімен сезіне отырып, шешім қабылдау деп білемін. Халық арасында кең тараған «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген мәтелдің мән-мағынасын сақтау үшін, еліміздің әр азаматы мен басшысы судьяның арын қорғауға және оның әділ шешім шығаруына тиісті қолдау көрсетуі керек. Судьяның ары таза болмауы — оның тәуелсіздігінен айырылуы деген сөз. Ал судьяның тәуелсіздігінен айырылуы, оның арына түскен дақ секілді. Сондықтан да, судьялар, оның ішінде төрағалар судың да сұрауы болатынын ескеріп, әрбір іс-әрекетімізге азаматтар мен мемлекет тарапынан қойылатын сауалдарға жауап беруге дайын болсақ, жағдайымыздың жаман болмағаны деп ойлаймын.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Қолданыстағы кейбір заңдардың орындалуына көңіліңіз тола ма?
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Заңның аты –заң , әрине тәртіп бар жерде заңдар міндетті түрде орындалады. Дегенмен, кейбір заңдарды орындау барысында олқылықтар да кездеседі. Мысалы: Елбасымыз ойын бизнесі бойынша, оның жастарға келтіретін зардабының орасан екенін теледидар арқылы айтты. Ойын бизнесін еліміздің екі қаласына көшірді дегенімізбен, әлі де аудан орталықтарында ойын бизнесі жастарымыздың миын улауда. Оған дәлел, қылмыстық кодекстің 269-1 бабымен азаматтардың жауапкершілікке тартылуы дер едім. Демек, атқарушы және заңның орындалуын қадағалаушы органдар мемлекеттің мүддесі үшін қабылданған заңның орындалуына құлықсыз. Осындай кейбір заңдарымыздың орындалмауына байланысты, кей жағдайда азаматтардың құқықтары бұзылып жатады.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>-Аудандық соттың жүктемесі, сот актілерінің сапасы қандай? Өзіңіз қатысып қайтқан сьезде нақтыланған тапсырмалар мен міндеттер бойынша ауданда нендей жұмыстар атқарылуда?
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— 2010 жылы аудандық соттағы 2 судья қысқарғаннан кейін, жүктеме өте жоғары болды, нақты айтсам: 2011 жылы әр судья ай сайын 70 іс қараса, 2012 жылы 97 іс, ал 2013 жылы 113 істен қарады. Бұл дегеніңіз, бір судьяға 3 еседен артық жүктеме болып табылады. Осыншама істерге судья Қалдыбекова Гүлжазира екеуміз ғана төрелік еттік. Гүлжазира Тұрарбекқызы 15 жылдай аудандық соттарда хатшы, экономикалық сотта кеңсе меңгерушісі болып қызмет істеп, әбден ысылған білікті судья.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Өткен жылы барлығы, 987 азаматтық, 107 қылмыстық және 1066 әкімшілік істер қаралып, соның ішінде 8 қылмыстық, 1 азаматтық және 21 әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды. Сот актілерінің сапасына тоқталсам, қаралған істердің 0,6 пайызына
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>(14 іс бойынша) жоғары тұрған соттарға шағым берілгенімен, олардың бәрі қаралып, барлық сот актілері өз күшінде қалдырылған.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Қорыта айтқанда, 2013 жыл біздің сот үшін үлкен жүктемеге қарамастан, абыроймен атқарған жемісті әрі жеңісті жыл болды. Ендігі жерде, былтыр съезде судьялардың жүктемесінің көптігіне байланысты бізге берілетін бірліктер (қосымша штат) мәселесі ертерек шешілсе деген тілегім бар.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Судьялардың VI съезі аяқталған соң ертеңінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми республикадағы барлық аудандық, қалалық, облыстық сот төрағаларымен жиналыс өткізіп, Елбасының судьялар алдына қойған міндеттері бойынша бағыт-бағдар беріп, Елдің және Елбасының сенімінен шығу үшін судьяларға әділ, қарапайым болып, азаматтардың арыз-шағымдарын мұқият тыңдауды және барлық істерді заң талабына сай заңда көрсетілген мерзімде қарау керектігін тапсырды.
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Төраға тарапынан біздің алдымызға қойылған талаптарды толығымен орындауға бойымыздағы барлық біліміміз бен күш-жігерімізді аямаймыз деп сендіремін
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Жұмыстан бос уақытта немен айналысасыз? Салауатты өмір салтын қалай ұстанасыз?
tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізде» дегендей, тәлімі, тәрбиесі бар шығармаларды оқуға құмармын. Спортқа бір бүйрегім бұрып тұрады, аптасына екі күн сот қызметкерлерімен доп теуіп, жүгіріп тұрамыз. Сот қауымдастығымен өткізілетін түрлі жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрміз. Ұжымда ынтымақ пен береке-бірлікті арттыру мақсатында ай сайын, жұмыстан тыс уақытта мини-футболдан спорттық жарыстар ұйымдастырамыз.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>
Сұхбаттасқан Қабыл ДҮЙСЕНБИ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>
Leave a Reply