: МЕМЛЕКЕТ ТҰТЫНУ САЛАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІККЕ КЕПІЛ БЕРУІ ТИІС

       Светлана РОМАНОВСКАЯ:

tories/id1.png» width=»180″ height=»238″ alt=»id1″ style=»float: right;» />

       Қазақстанда бір жарым ай бұрын құрылған тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшысы әлі тағайындалмады, ал қазақстандықтардың көбі үшін тұтынугершілік сауаттылығы бұрынғысынша тым алыста. Бұл уақытта өз құқығын қорғай алмайтын тұтынушылар өздері ғана құрбан болмай, туыстарын да қауіп-қатерге тігеді. Осы және басқалар жайлы да Қазақстан ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы, мәжіліс депутаты Светлана Романовская айтып берді.

       — Қазақстанда қазан айының ортасында құрылған тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің әлі күнге төрағасыз отыруының себебі неде?

       — Мен өзім де ешнәрсе түсінбей отырмын. Мен оны кімнен сұрамадым, бәрі таң қалады. Біздің елде бұрын ондай болмаған, агенттік құрып, ал оған не бастығын, не міндетін атқарушыны тағайындамау. Мемлекеттік органның осыншама уақытқа тоқырап тұру оқиғасы бұрын-соңды болмаған дейді. Орасан зор штат беймәлім күй кешуде.

       Мысалы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. Олар денсаулық сақтау министрлігіне жатпайды, ал жаңа агенттік құрамында іске кірісе алмай отыр. Содан келіп олар  ешнәрсе істей алмайды. Яғни, қазір біздің елдегі санэпид ахуалы нөлде.

       Әрине, біз агенттіксіз де жаман күн көреміз деп айта алмаймыз. Біздің мекеме үшін, тұтынушылар лигасы үшін, ол тамаша жәрдем болар еді. Мысалы, меморган тұтыну білімін мектептерде, ЖОО-лар мен КТУ-ларға енгізуге, қандай да бірыңғай саясат қалыптастыруға септігін тигізген болар еді. Бізде мемлекет тұтынушылардың құқығын қорғайды деп айтуға болар еді.

       — Агенттік жұмысын тежеу біреуге тиімді ме?

       — Бұл агенттік жоспарланып отырған түрде аса қауіпті емес. Егер барлық министрліктерден, оның ішінде ТКШ мен басқа да салалардағы сапаға бақылау жүргізу функциясын осы агенттікке берген болса, түсінуге болар еді. Ал әзірге СЭС қана, басқа түк те жоқ. Құрылған меморганның тағы қандай функциялары болатынын ешкім де білмейді. Негізінен — тұтынушылар құқығын қорғау саласының саясатын қалыптастыру шығар деп пайымдаймын.

       — Неліктен мемлекеттік орган деңгейінде тұтынушылар құқығын қорғау мәселесін көтеру керектігі туындады?

       — Ал сіз қарап көріңізші, не болмай жатыр! Мысалы, елімізде балабақшаларда орын тапшы. Аналар отбасылық жағдай ауыр болғаны себепті балаларын кез келген жерге орналастырып, ақша тауып, бала-шағаны асыруға дайын. Бізде балабақша жұмысын ұйымдастыру сияқты жұмыс түрлері сертификат алмайды және оған лицензия берілмейді.Қазір кез келген адам өз үйінде балаларды жинап, оған патент алуына болады. Ал ол неге үйретеді? Балалар қайда ұйықтайды, қайда отырады, олар далада қыдыра ма жоқ па? Оның салдары қандай болуы мүмкін?

       Оған қоса. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, 2012 жылы тексерілген оқушылардың 50%-ында асқазан ойық жарасы мен ішек жарасы бар екенін анықтапты. Ол мектептердегі тамақ қандай екенін көрсетеді.

       Бұрын біздің бәріміз сколиоз не екенін, арқаны тік ұстап отыру керектігін білетінбіз. Бізді мектептерде дұрыс отыруға үйретеді, парталар дұрыс көлбеулі, бәрі бейімделген болатын. Қазір оның біреуі де жоқ, балалардың барлығында дерлік сколиз — омыртқасы бір жағына қисайған.

       Әр екінші балада аллергия бар, себебі сол балабақшаларда балалардың ойыншықтарында, жиһазында формальдегид бар. Оған қоса, аналары балаларға неден істелгені белгісіз тамақ сатып әпереді. Олар қайдан білсін? Біз зерттеу жүргізіп, соядан жасалған балалар тағамында ГМО барын анықтадық. Біз осы тағамды жасаған компаниядан Қазақстанда балалар тағамында гендік модификацияланған организмдерді (ГМО) пайдалануға тыйым салынған ғой, бұл қалай болған деп сұрадық. Олар Қазақстанда кездейсоқ түрде Еуропаға арналған партия сатылып кетіпті, ал Еуропада балалар тағамында белгілі пайызда ГМО қосуға рұқсат деп түсіндірді. Олар партияны қалайша шатастырып алғаны түсініксіз. Біз оны кездейсоқ анықтадық қой, бір шағын қоғамдық ұйым грант алып соған ГМО бар-жоғына зерттеу жасаған.

        — Ал ересектер қандай проблемаға тап болып отыр?

        — Қайда болмасын және қандай түрі болмасын, проблемалар көп. Мысалы, ломбардтар. Тұтынушылар лигасына оларға келіп түсетін шағым сансыз. Ломбардты ашады, адамдардан алтынды сатып алады, ал адам біраз уақыттан соң, алтынын кері сатып алғысы келіп, ломбардқа келсе, ол ломбард бұрынғы орнында жоқ болып шығады. Не оларды тонап кеткен, не олар өртеніп кеткен болады, не басқа жаққа кетіп қалған болады. Ешқандай кепілдік пен ешқандай қорғау жоқ. Ешкім оларға назар аударып жатқан жоқ, ал тұтынушылар лигасына келіп түскен шағымдар жүздеп саналады…

        Мүгедектерге де қатысты проблема бар. Сіз білесіз бе, мүгедек болған адам, әр ай сайын дәрі алмас бұрын терапевтке кезекте тұруы керек, одан кейін емхана меңгерушісіне кезекте тұрады. Терапевтке — рецепт алу үшін, ал емхана меңгерушісіне — мөр қойдыру үшін. Әр ай сайын сағаттап кезекте тұру керек, өйтпесе дәрі бермейді.

        Неліктен елімізде тұтынушылар құқығын қорғайтын заң керек? Себебі бізде азамат ретінде бюджет шектеулі, себебі біз барлық салада да маман бола алмаймыз. Яғни, бір салада қызмет жасайтын кәсіпкер сол саланың бар қыр-сырын зерттеп меңгеріп алуы тиіс, ол осы салада бизнес жасайды. Ал тұтынушы — жеке тұлға. Компьютер біздің келешек өмірімізге қалай әсер ететінін, немесе теледидар сәулесі қандай спектрде екенін біз қайдан білеміз?

        Мен, мемлекет бізге тек шекараға, құқықтық тәртіпке, адам өміріне қол сұқпаушылыққа қатысты ғана кепілдік бермей, мемлекет бізге тұтыну қауіпсіздігіне де кепілдік беруі тиіс деп есептеймін.

        Қатардағы тұтынушы оның бәрін біле бермейді, ол үшін он жерден білім алу керек. Мектепте бізді Пифагор теоремасына оқытты, мысалы қай жерде қандай формуланы жаттап алуды. Бұл ретте сондай нәтиже алудың миллион әдісі бар, ал біз Пифагор теоремасын жаттап алып, соны пайдаланамыз.

        Сол сияқты өзін сүйетін, түсінетін, өзінің денсаулығына жауапкершілік арқалайтын адам түсінігіне де сауатты тұтыну формуласын сіңдіруіміз керек.

         — Адамдар банктерден несие немесе ипотека алып, кейін банктер ешқандай жеңілдіктерге барғысы келмей жүргендіктен қарыздарын банктерге қайтара алмай жүруіне қатысты шағымдар да жаңа мемлекеттік агенттік міндетіне беріледі ме?

        — Қазақстан несиелерінің қайтарылмау жағынан бірінші орында деуге болады. Неге? Себебі адамдарда қаржылық сауат жетіспейді. Олар әйтеуір несие алсақ дейді, ал оны қалай қайтаратындығын білмейді. Кім оларды үйретер екен?

        Ал біздер тұтынушылар ретінде бір әрекетке бармас бұрын толық нақты ақпарат алуға құқығымыз бар. Қазір тұтыну несиелері 20% өсіммен беріледі, ал жалақы мен кірістер 8% ғана көтерілді. Адамдар қарыздарын қайтара алмағандықтан, оларды банктер кепілге қойылған пәтерлерінен бала-шағалары және қарттарымен шығарып жатыр деп ашуланады.

        Тұтынушылар лигасы да, мәжіліс депутаттары да қазір жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң әзірлеуде (Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттануы туралы заң әлі дайындалған жоқ — ҚазТАГ).  Неге бізде жұмысшыларына жалақы төлемей отырса да кіріс тауып отырған компания банкрот деп таныла алады, ал жеке тұлға банкрот бола алмайды? Банкрот деп танылғанда адамға тым болмаса баспанасын қалдыруы керек қой. Америкада адамға қандай болмасын, миллион доллар тұратын болса да баспанасын адамның меншігіне қалдырады. Бізде ондай жоқ. Біздегі адамдар тауы шағылып қалғандар.

        Қазақстандық тұтынушылар, айталық нан сатып алсын, ол сапасыз болса, оны лақтыра салды, кіммен соғысып жатады. Ал ол арсыз, жауапсыздықты ынталандырады. Нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер де, беларустық, ресейлік кәсіпкерлер де өз тұтынушыларына осылай қарайды. Алдымен демпингтеп, нарықтан бәрін қуады да кейін бағаны көтере бастайды. Ал тұтынушыларға оның ауыртпалығы түседі. Бізде өмір сапасын арттыру керек дейді, ал ол көбінде бізге де байланысты. Жыламаған баланы емізбейді дейді. Біз өз құқығымызды қорғауды бастамайынша, өмірімізді жақсы жаққа өзгертпейінше ешнәрсе өзгермейді.

       — Бізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы көп айтылады. Бұл тұтынушылардың құқығының сақталуына әсер ете ме?  

       — Шындығында, қазір  барлығы соларды қорғайды, оларды енді үш жыл бойына тексеруге болмайды. Менің бір танысым Бельгияда тұрады, сол жақта мейрамхана ашқан.  Алайда ол 2 жыл оқыды,  бір жыл тәжірибеден өтті, тамақ дайындау, санитарлық жағдай, өрт қауіпсіздігі, тағы да басқа тармақтар бойынша бірқатар емтихандар тапсырды. Сосын барып қана оған мейрамхана ашуға рұқсат берген.

        Бізде не болып жатыр?  Кез келген адам қоғамдық тамақтану орындарын ашып жатыр.    Шелекке ыдыс жуып жатқан жағдайлар да болған, кәріз де жоқ,  біз де олар туралы білеміз.  Енді оларды да тексермейтін болады.  Оларды тексерместен бір ай бұрын  хабарлама жіберу керек.   Сосын хабардар болған   жоғарыдағыдай кафелердің иелері жақын орналасқан мейрамханалардан тексеріс кезінде асхана жабдықтары мен тоңазытқыш алады. Тексеріс біткеннен кейін қайтып береді.

        20 жыл бұрын «тұтынушы» сөзі балағат сөзіндей болды, тіпті зәбірлеу сияқты болып көрінетін. Негізі біз – тұтынушылар — нарық королі емеспіз бе?  Кәсіпкерлер бізден өздерінің қызметтері үшін ақша алады, әсіресе орта және шағын бизнес.   Сөйте тұра бізге зиян келтіруде. Тұтынушы өзінің нарықтағы соңғы тұлға емес екенін сезінбейінше, өзінің мүддесін қорғамайынша, ешқандай мемагенттік бізді қорғамайды.

         — Сіз тұтынушылардың құқығын қорғаған кезде, бизнес қарсыласпай ма? 

         — Ал бізге бәрібір, бизнес қарсыласа ма, жоқ па.  Біз тексеруге құқылымыз. Біз оларға айтамыз: «Жігіттер, ақша табыңдар, бірақ арларың да таза болсын». Бізге бизнесмендерден ештеме керек емес, біз тек тұтынушыларды қай дүкенде немесе қай жанармай құю тұрағында неше рет сынама алынғандығы және оның нәтижесі қандай болғандығы туралы хабардар етеміз.   Біздің мақсатымыз біреуді жазалау емес, біздің мақсатымыз- дау-жанжал тудырмау үшін тәрбиелеу. Жеке менің өзімде ешқандай бизнес жоқ. Әлеуметтік желілерде біздің жанармай құю тұрақтарындағы акцияларымыздың бірі туралы айта бастағанда, маған «Жарар, Романовская, одан да сенің жанармайдағы желің қандай соны айтшы?» деген секілді комментарийлер келді.   Мен депутат болғаннан бастап,  лига құрамына кіретін өңірлердегі тұтынушылар құқығын қорғайтын біздің қоғам, менің атымнан тауықтар ала бастаған. Яғни, олар бизнесменге  келеді де: «Романовскаяны білесіз бе?   Ол -депутат. Біз сенде бәрібір бірдеменің дұрыс емес екенін білеміз, сондықтан ең болмаса тауық бер» дейтін көрінеді.

          Маған сосын таныс кәсіпкерлер қоңырау шалып: «Сіздікілер мында келіп, тауық сұрап жатыр» дейтін болды. Сол кезде біз ойлана келе қайта тіркеуден өттік. Енді кез келген жеке тұлға ұлттық лигаға кіре алады. Өз өкілеттігімізді Қазақстанның барлық өңірінде, барлық облыс орталықтарында аштық.    Егер басшы өз жұмысын дұрыс атқара алмаса, оны біз жұмыстан шығарамыз және адамдар басқасын таңдайды. 

           — Тұтынушылар лигасының алдағы жылға жоспары қандай? 

           — Қазір біз бензинің сапасын тексеру бойынша тағы да акция бастап жатырмыз. Мәскеуде мұнай және газ институты жанынан зертхана таптық.   Оларда  ноу-хау — индикаторлар бар, лакмус сіңірілген қағаз сияқты. Яғни, жанармай құрамында қандай да бір қоспалар болса, олар лакмус қағазының түсін өзгертеді.  Біз осы акцияны бастап жатырмыз, кез келген адам осы индикаторларды бізден тегін ала алады. 

           Бір кемшілігі  — тұтынушылар лигасына кірген азамат арнайы төлқұжат алады, себебі егер ол құжатын көрсетпесе, кәсіпкерлік нысанның күзетшісі оған рұқсат етпеуі мүмкін. Ал біздің өкілдердің тұтынушылық тексеру жүргізуге құқықтары бар. Яғни, адамдар жанармай тұрақтарында тексеру жүргізе алады. Біз мұны Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғастырамыз.

           Келесі акция — балалар тағамы бойынша. Әркімнің балалар тағамының бөлігін сатып алып, бізге келіп, тексеру жүргізуіне болады.  Ол үшін де біз адамдарды қалай тексеру жүргізуге болатынына үйретеміз.   Егер дұрыс жасамаса, басқалар қораптағы заттың ол емес екендігін айтып, жала жабулары да мүмкін. Сондықтан сатып алу дерегі мен тағы басқалары да түсіріліп алынуы керек. Оған   сынаманы қалай алу керектігін,   кем есептелген жағдайда   актіні қалай жазу керектігін үйрету керек.

           — Тұтынушылар лигасы бұған оның мүшесі болып табылмайтын қарапайым қазақстандықтарды үйретеді ме?

           — Әлбетте, біз міндетті тұтынушылық білімнің енгізілуін алға тартып отырмыз. Себебі біз қандай меморган құрсақ та, кез келген кәсіпкерге тексерушіні таңып қоя алмаймыз.  Тек тұтынушының өзі саналы түрде іріктеу жасай отырып, нарықты сапасыз өнімнен тазарта алады. 

            Біз Астанада тұтынушылардың ұлттық лигасының кеңсесін аштық, ол жерде баспасөз орталығы да бар.   Адамдардың арыздарын жинаймыз, әрбір нақты жағдайдың басын ашамыз, заңнамаға қарсы келетін, тұтынушылар құқығына нұқсан келтіретін нәрсені (тағам немесе қызмет көрсетуді-ҚазТАГ) анықтау дерегі бойынша бірнеше шағым дайындаймыз.

           Тұтынушылық білім болмайынша бізде ештеме алға жылжымайды, министрлік те, агенттік те ештеме жасай алмайды, алдымен адамдардың санасын өзгерту керек. Қазір жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бір оқулығымыз келісуде жатыр, сонымен қатар университеттердің бірінің базасында тұтынушылардың ұлттық лигасының өкілдігі ашылды.  Екінші жартыжылдықтан бастап жоғары оқу орындарының базасында тұтынушылар құқығын қорғауға оқыта бастаймыз.  Яғни, елімізде аталмыш білімді өмірде қолданып қана қоймай, оны мектептерде оқыта жүріп, балаларға үйрететін мамандар да болатын болады.

             — Сұхбатыңызға рахмет!

                                                            ҚазТАГ — Анастасия Прилепская.




Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика