«Ата-жұртым Башқұртстан болғанымен, Отаным — Қазақстан»

Кентау қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан Каратэ–до Шотакан федерациясының президенті, Каратэ-до-дан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт шебері — Фарит АЮПОВ осылай дейді. Біз онымен арнайы сұхбаттасып, біраз мәселелерге қаныққан едік.

 

— Сіз Кентау қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасысыз. Жалпы этномәдени орталық қандай жұмыстарды атқарып жатыр?

— Қалада қазіргі кезде 2500-ге жуық татар-башқұрт өкілдері бар.Баршамыз мемлекетімізде тыныштықтың болғанынын қалаймыз.Ұлттар арасындағы достықты сақтау ісінде жұмыс жасаудамыз. Қаладағы өзге де ұлт өкілдерімен құда-жекжат болып кеткенбіз. Жергілікті тұрғындардың қатысуымен жыл сайын өзіміздің төл мерекеміз — сабантойды үлкен деңгейде өткізіп тұрамыз. Сондай-ақ, қаламызда қандай мерекелік шара болмасын, белсенді түрде қатысып, үн қосып отыру біз үшін мәртебе.

 

                       Спорт өмірлік ұстанымы бар тұлғаға айналдырады

 

Ойын және су спорты түрлерінен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне басшылық етесіз. Жалпы Кентау бассейнінің қазіргі жағдайы қалай?

— Қазір бассейн жұмыс жасап жатыр. Балалар мен жасөспірімдер жазғы демалысты қызықты өткізуде. Мұндағы су уақтылы тазартылып, ауыстырылып тұрады. Яғни, суға шомылушылардың денсаулығы әрдайым бақылауда. Бізде әлеуметтік жағдайы төмен балаларға және «Жансая» шипажайында тәрбиеленушілер мен арнайы мектептің балаларына көптеген жеңілдіктер жасап тұрамыз. Жыл сайын бассейнге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Шағын қала бағдарламасы бойынша 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспарымыз бар.

— Сіз еліміздегі Каратэ-до Шотакан федерациясының президентісіз. Сондай-ақ, жастарды аталған спорт түріне баулу ісінде қосып жатқан үлесіңіз зор. Жалпы жастардың каратэге деген қызығушылығын қалай бағалайсыз?

— Қазіргі кезде каратэге келуші жастар көп. Спорттың қай түрін алмайық жастарды тәрбиелеудің белсенді бір құралы болып табылады. Бізде жастарға барымызды үйретіп, болашақтың белсендісі болуға атсалысып жатырмыз. Үйірмеге қатысқан 100 баланың 10-ны спортты әрмен қарай жалғастырса, 90 бала салауатты өмір салтын ұстанып, өмірлік ұстанымы бар тұлғаға айналады. Біздің басты мақсат — жастарды спорт арқылы тәрбиелеу.

 

                           Австралияда әлем біріншілігіне қатысамыз

 

— Жетістіктеріңізге тоқталып өтсеңіз?

— Қай спорттың түрі болмасын жетістікке жету өте қиын. Көп еңбектенуді қажет етеді. 1991 жылдан бері Каратэ-до Шотакан федерациясымен жұмыс істеп келеміз. Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары федерацияның президентін қалаға алып келіп, семинар өткіздік. Ол кезде жылу, су үлкен мәселе болатын. Еліміз үлкен дағдарысты бастан кешіп жатқан болатын. Сол кездің өзінде қалада 9 жыл қатарынан жарыс өткіздім. Бірнеше жарыстарға қатысып, көптеген шараларды ұйымдастырып, өз біліктігімізді дәлелдедік.

Жуырда Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласына барып, Орталық Азия чемпионатына қатысып келдік. Кентаулық екі жеткіншек, яғни, менің шәкірттерім сайыста жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, 2009 жылы Афинада өткен оныншы әлем чемпионатында шәкірттерім жеңімпаз атанды, ал өзім — 2011 жылы Киевте болған ардагер спортшылар арасында әлем кубогының күміс жүлдегерімін. Алдағы уақытта, 2014 жылы Орталық Азия чемпионатына аттанбақпыз.Сонымен қатар, қараша айында Австралияда әлем біріншілігіне қатысамыз. Оған қаламыздың каратэшілері барады. Үмітіміз күшті.

— Өзіңіз каратэге қашан және қалай келдіңіз?

— Мен қаладағы №23 мектепті бітіргеннен кейін Томскіге кеттім. Ол жақта білімімді жалғастырып жүріп, каратэге қатыстым. Біршама уақыт өткеннен кейін кеңес үкіметі елдерінде жарыстарға барып, жүлдегер атанған сәттерім болдым. Қалаға 1989 жылы келдім. «Кентау правдасы» (қазіргі «Кентау шұғыласы») газетінен ушу-дың хабарландыруын көріп, жаттығуды жалғастыруға бел будым. Каратэні тастап кеткеніме 7-8 жыл болған еді. Жаттығу залына келдім, балалар жаттығу жасап жатыр екен.Біір-екеуінің қимылды дұрыс жасамай жатқанын көріп ескерту жасадым.Нұсқаушы болып істегенімді жаттықтырушыға айтып едім, маған каратэден жеке жаттығу үйірмесін ашуға кеңес берді. Содан алғашқы жұмысты бастап жібердім.

— Каратэ-до Шотакан федерациясы өзге облыстардағы филиалдарына қандай көмек беріп тұрады?

— Бізде жалпы әр облыс, қалаларды есептегенде, 10 филиалымыз бар. Бас кеңсе Кентауда орналасқан. Қолымыздан келгенше филиалдарға әдістемелік көмек беріп отырамыз.

Ең басты мұратыңыз не?

— Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің дейді ғой. Сіздерде «ауырып емделгенше, ауырмайтын жол ізде» деген қанатты сөз бар. Басты арманым – жас жеткіншектерді спортқа баулу. Біріншіден, бұл балаларымыздың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізеді, денсаулықтарын нығайтады, сергектігі артып, сабақтарын жақсы оқуына мүмкіндік туғызады. Екіншіден, олардың келеңсіз тірліктерге назар аударуға уақыттары қалмас еді. Елімізде қазір спортқа жете көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалып отыр. Спортшылардың да еңбегі еленуде. Мұндай сәттерді дұрыс пайдаланып, бұқара арасында спортты дамытуды бәріміз бірлесе насихаттап, дамытуға күш салуымыз керек. Даңқ, атақ-дәреже дегенің туа бітті дарынмен ғана емес, еңбекпен, маңдай-термен келеді. Жаттығулар жасөспірімнің қабілеті мен жігерін, төзімділігін шыңдай түседі. Сондықтан, ата-аналар да осы жағына көбірек мән берсе деп тілеймін.

— Ата-жұртыңыз Башқұртстанға оралғыңыз келмей ме?

— Ия, шынында да ата жұртымыз Башқұртстан мемлекеті десек те, мен Кентау қаласында дүниеге келдім. Қазіргі кезде ата-жұртпен байланыс жасап тұрамыз. Көптеген туысқандарымыз сол жақта тұрады. Дегенмен де, елім Башқұртстан болғанымен, менің Отаным — Қазақстан. Өйткені, мен қазақ жерінде туылдым. Кіндік қаным да қазақ жерінде тамды. Сондықтан, туған жерімді тастап кететін ойым жоқ.

 

— Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Қайрат ЗАЙНИШЕВ

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>                                                                                                                           Кентау қаласы

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>{jcomments on}

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика