tom: 3.75pt; background: white;» class=»MsoNormal»>tories/01/7778888.jpg» width=»376″ height=»240″ /> Мен саған бір қызықты айтайын. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір сенаторымыз маған: «Аға, мен сізге қаржы жағынан көмектесейін, бірақ сіз 5-6 жылдың көлемінде Олимпиада чемпионын тәрбиелеп беріңіз», – деді. Мен оған күліп: «Чемпион дайындау үшін 5-6 жыл аздық етеді ғой. Ол үшін 15 жыл керек», – деп жауап бердім. Шын мәнінде солай. Шәкірт тәрбиелеу оңай емес.
Өнер қайраткерлері мен танымал адамдардың өмірінен сыр шертетін «деген екен…» атты қалжың жинақта мынадай қызық дерек бар: «көше бұзақылары әмин тұяқовқа жолығып қалып, ақша сұрап, қоқан-лоққы жасайды. Сонда ағамыз: «қуып жетсеңдер, алыңдар!» деп жүгіре жөнеледі. Жол торыған қарақшылар тілдері салақтап, өкпесі өшкенше қуады. Әмин ағамыз оқ бойы озып, оларды шаң қаптырып кетеді». Естеліктің соңы «әлгі бұзақылар оның қазақтың даңқты желаяғы әмин тұяқов екенін қайдан білсін?!» деп аяқталады. Адалын айтқанда, осынау шынайы әзіл қазақ спортының даңқты тұлғаларының бірі, желмен жарысқан желаяғы әмин тұяқовтың спорттағы бет-бейнесін толық танытып тұрғандай! Ұлт спортының мерейін өсіріп, кейінгі толқынға үлгі бола білген әмин ағамыз биыл 75 жасқа толды. Осы мерейтойы қарсаңында ел ардақтаған азаматпен арнайы жолығып, аз-кем әңгімелескен едік.
– Әмин аға, қазіргі жас буын өкілдері сіздің спорттық ғұмырыңыз туралы біле бермейді. Жас жеткіншектер үшін спортқа қалай келгеніңіз жөнінде толығырақ айтып берсеңіз. Әңгімеңізді содан бастасақ…
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Біздің жастық шағымыз қиын-қыстау заманға тура келді. Соған қарамастан марқұм әкем Елемес о бастан балаларының білім алуын қалады. Көзі ашық, көкірегі ояу азамат болғандықтан, балаларына «Болашақ білімнің заманы, білімді болсаңдар қор болмайсыңдар…» деп отыратын. Осы ойдың жетегімен 1954 жылы Атыраудағы педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға түстім. Алайда «үлкен ғалым боламын» деген арманым орындалмай қалды. Өйткені, спортқа деген ынтықтығым бәрібір жеңіп кетіп отырды. Осы білім шаңырағында оқып жүргенімде дене шынықтыру сабағында 100 метрлік қашықтықта алдыма жан салмайтынмын.
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»> Соны байқаған жолдастарым «жеңіл атлетика үйірмесіне қатыс» деп қолқалады. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» демекші, осы ақыл маған керек боп тұрған сәт еді. Көп ұзамай осы үйірмеге жазылып, шеберлігімді шыңдауға кірістім. Үйірме жетекшісі Анжелика Куликова деген тәжірибелі бапкер де бар білгенін үйретіп, ынты-шынтысымен баулыды. Уақыт өте келе 1954 жылы Атырау қаласының чемпионатына қатысып, жеңімпаз атандым. Бұл тұңғыш жеңісім мені үлкен армандарға жетелеп, үміт отын үрлей түсті. Ал, 1956 жылы Атырау қаласы құрамасының сапында Алматы қаласында өткен Қазақстанның І спартакиадасында бірінші орынды жеңіп алдым. Осы шақтан бастап ауыл-аймақта атым шығып, есімімді ел тани бастады. Осылайша республикадағы танымал бапкерлердің көзіне түсіп, кіл мықтылардың арасында бақ сынауға мүмкіндік туды.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>
– Сіздің есіміңіз 50-жылдардың аяғында ерекше жарқырай түсті. Әсіресе, 1959 жылғы Қазақстан чемпинонатында 100, 200, 400 метрлік қашықтықтарда қарсыластарыңызға шаң жұтқызып, майталман мамандардың назарына ілігіпсіз. Сол кездегі жеңісті сәттеріңізді өз аузыңыздан естісек.
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Бұл кездер менің өмірімдегі ғажап сәттер еді. Жеңіске масаттанып, қалың жанкүйердің құшағында тербеліп жүрген көріністер әлі күнге дейін түсіме кіреді. Ол кездері Одақ құрамындағы республикалардың түкпір-түкпірінде жарыстар жиі ұйымдастырылатын. Кілең мықтылардың арасында топ жару да оңай емес. Бірақ, жеңіске жетем деп мақсат қоюдың арқасында талай биіктерді бағындырдым. 1960 жылы Мәскеуде өткен «Буревестник» ерікті спорт қоғамының одақтық біріншілігінде 100 метр қашықтықты 10,4 секундта қиып өтіп, «КСРО спорт шебері» деген атаққа қол жеткіздім. Жеңісті күндерім осылайша бір-бірімен сабақтасып, 1961 жылы Ленинградта Кеңес Одағының әскерилер арасында өткен чемпионатында 60 метрде алтын медальді кеудеме тақтым. Осы жарыстан кейін сол кездегі КСРО құрамасының бас бапкері Гаврил Коробков Мәскеуде жаттығуыма ұсыныс жасады. Мен бұл ұсыныстан бас тартқам жоқ. Қуана-қуана келісімімді бердім. Кеңес Одағының үздік желаяқтарымен бір құрамада жаттығу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Толассыз төгілген тер мен тынымсыз еңбектің арқасында 1962 жылы 200 метрді 21,1 секундта жүгіріп өтіп, тұңғыш рет КСРО чемпионы атансам, 1965 жылы 200 метрді 20,6 секундта кесіп өтіп, одақтық рекордты жаңарттым.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– КСРО рекордтарын жаңартып, Еуропа чемпионы атандыңыз. Сөйте тұра 1964 жылғы Токио Олимпиадасында бақ сынауға не кедергі болды?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Менің Жапония астанасында өткен Олимпиада ойындарында өнер көрсетуіме мүмкіндігім болды. Тіпті жапон жеріне табаным тиіп тұрып, дүбірлі додадан тыс қалдым. Амал не, бапкерлердің солақай саясатының кесірінен Олимпиада ойындарында бақ сынау бақыты бұйырмады. Жасырмаймын, құраманың сол кездегі бас бапкері Бартеневтен өз басым көп қиянат көрдім. Бас бапкер бұрын-соңды таныла қоймаған Борис Савчук деген өзінің жиенін тықпалап, Олимпиадаға алып барды. Оның көрсеткіші менен нашар бола тұра бұл әрекетіне көп уақыт аң-таң болып жүрдім. Егер бас бапкер әділдіктен таймай, Токио Олимпиадасында өнер көрсетуіме сенім білдіргенде елге жүлдесіз қайтпас едім деп ойлаймын. Ол кезде нағыз бабымда едім. Сол бір сәт есіме оралса өкініштен өзегім өртенеді. Жапон жерінде көңілім жабырқап жүргенде тек Ғұсекең (Ғұсман Қосанов) ғана: «Мұңайма, Әмеш, өмір деген тақтайдай тегіс емес. Көңіліңді түсірме, сенің болашағың алда», – деп құшағына қысып, жұбатқан еді.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Ғұсекең демекші, сіз 1960 жылғы Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановпен ағалы-інілі бауырлардай жақын араласқан көрінесіз…
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Қазақ баласының арасынан тұңғыш рет Олимпиаданың медалін мойнына таққан Ғұсекеңді ерекше сағынышпен еске аламын. Өзі жігіттің сырбазы еді. Көп сөйлемейтін, әзілдері де өте әдепті еді. Оның бір ерекшелігі, Олимпиаданың күміс медалін иеленсе де кейбіреулер секілді асып-тасып кеудесін көтермейтін. Қарапайымдылығынан айнымай өмірден өтті ғой. Ол уақытта жеңіл атлетикада КСРО құрамасында қазақ жігіттерінен екеуміз ғана едік. Сол себептен бе екен, бір-бірімізді бауыр тартып, қолғабыс етіп жүрдік. Ғұсекең дүние салғанда туған бауырымнан айырылғандай есеңгіреп қалғаным рас. Ол кісіні еске алғанда көз алдыма көптеген қызықты жайттардың тізбегі оралады. Ол Молдовада техникумда оқыған ғой. Кейіннен сол елдің қызына үйленіп, біраз жыл сонда ғұмыр кешті. Бірде Молдовада өткен жарыстан қайтарда қоштасып жатып: «Ғұсеке, үйдегі жеңгейді өзге ұлттан таңдайтындай немене, қазақтың бұрымды қыздары жетпей қалды ма?!» – деп әзілдеген болдым. Арада шамалы уақыт өткенде жарықтық ағам менің осы сөзіме құлақ асып, әйелін тастап, Алматыға келгені бар. Кейіннен әйелі КСРО-ның Спорт комитетіндегі басшыларға қайта-қайта арыз жазып, бір-біріне қайта қосылды ғой. Әзілдеймін деп ақкөңіл ағамды әйелінен ажыратуға сәл-ақ қалғанмын (күліп). Қазір екі баласы үйлі-баранды, берекелі өмір кешіп жатыр.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Әмин аға, сіз кезінде Кеңес Одағы туы астында өнер көрсеттіңіз. Тәуелсіз елдегі спортшыларымыздың аяқ алысына да куә болып жүрсіз. Осы екі кезеңді ой елегінен өткізіп, сараптап қарағанда қандай ой түйесіз?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Кеңес Одағы тұсында спортшылардың жалақысы қазіргімен салыстырғанда мардымсыз болатын. Біздің кезімізде спортшылар жарлы болды. Ірі жарыстарда жүлдеге ілініп жатсақ, мақтау қағазымен марапаттап, арқамыздан қағып қоя салатын. Соған мәз болушы едік. Жоқшылық қамытын киген небір талантты жігіттер спорттан қол үзіп те жатты. Мәжбүрліктен болар, менің өзім Францияда болған жарыста түске дейін сайысқа шығып, түстен кейін елден алып барған қара уылдырықты көше бойлап сатқаным бар. Ал, қазір спортшылар халықаралық жарыстан жүлде алып келсе құрмет-қошеметке бөленіп, материалдық жағдайын едәуір түзеп, жақсартып алады. Бұл да дұрыс шығар. Мұның бәрі Тәуелсіз ел атанып, егеменді ел болғандығымыздың арқасында деп ойлаймын. Оның үстіне Елбасымыз да спортқа үнемі оң көзқарас танытып келеді. Менің ойымша, біздің спортшыларымыз сол қамқорлықты сезініп, сенімді ақтай білуі керек.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Ғұсман Қосанов пен өзіңізден кейін қаракөздеріміздің арасынан әлемді мойындатқан желаяқтарымыз әзірге табылмай тұр. Осының себебі неде деп ойлайсыз?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Жасыратын несі бар, бүгінгі таңда басқа спорт түрлеріне қарағанда жеңіл атлетикаға деген көзқарас өз деңгейінде емес. Ең басты түйткілді мәселе, әрине, спорт нысандарының аздығы. Әсіресе, елімізде жеңіл атлеттердің қысы-жазы дайындық жүргізетін манеждерінің саны аз. Мен ұлттық құрамадағы қыз-жігіттерді баптап жүрген жаттықтырушылармен үнемі пікірлесіп, ой бөлісіп тұрамын. Олар да осы мәселені алға тартады. Менің пікірімше, ел спортшыларының әлемдік сындарда өнер көрсетуін қаласақ, қазақ балаларының болашағын ойласақ, облыс орталықтарында мектеп-интернаттарды ашуды қолға алған жөн. Интернатта жатып, бір сала бойынша шыныққан балалар арнайы түзілген кестемен жұмыс істейді. Жүйе болған жерде жақсы нәтиже де болатындығы анық. Кезінде 1970 жылдары КСРО басшылығы жер-жерлерде спорт үйірмелері мен мектеп-интернаттарды ашуға бұйрық шығарды. Соның нәтижесінде Алматыдағы Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат дүниеге келді. Осы шаңырақтан талай бала тәлім алып, спорттық жетістіктеріне даңғыл жол салды. Өкінішке қарай, мұндай интернаттар 2-3 қалада ғана бой көтерді. Жарайды дейік, ол кезде жоғары жақтың қас-қабағына қарайлап, Мәскеудің шешіміне жалтақтап тірлік қылдық. Ал қазір өз алдымызға отау құрып, егеменді ел атандық емес пе? Меніңше, әр облыстың орталығынан мектеп-интернаттардың салынатын мезгілі әлдеқайда жетті. Мен бұл мәселені көтеріп жүргеніме қаншама жылдар болды.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Сіз жер-жерлерде мектеп-интернаттарын ашу керек деп үнемі шырылдап жүрсіз. Осы жанайқайыңызға назар аударған азаматтар бар ма?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Назар аударғаннан гөрі нақты іске кіріскен жөн болар еді. Өз басым аймақтарға жол түскенде облыс әкімдері мен аудан басшыларына айтудайын айтып-ақ жүрмін. Бірақ нәтижесі шамалы. «Ұл-қыздарымыздың жолын байламайық, биік белестерге шығуына жөн сілтейік» деген сыңайда жоғарыдағы талай басшыға да, қосшыға да айттым. Бәрі де уәдеден тау тұрғызып, жылы шыраймен шығарып салуға шебер. Сөз бен істің арасында алшақтық болмағаны дұрыс қой. Біз үлкен жетістіктерге жетуіміз үшін ең алдымен спорттық мектеп-интернаттардың жағдайын түзеп алуымыз керек. Мен саған бір қызықты айтайын. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір сенаторымыз маған: «Аға, мен сізге қаржы жағынан көмектесейін, бірақ сіз 5-6 жылдың көлемінде Олимпиада чемпионын тәрбиелеп беріңіз», – деді. Мен оған күліп: «Чемпион дайындау үшін 5-6 жыл аздық етеді ғой. Ол үшін 15 жыл керек», – деп жауап бердім. Шын мәнінде солай. Шәкірт тәрбиелеу оңай емес. Олимпиада чемпионын дайындау үшін соған сай жағдай жасалынуы қажет. Зер салып қарайтын болсақ, спортқа ден қойған мемлекеттер мектеп-интернаттарына аса көңіл бөледі. Мәселен, Қытайда мектеп ғимараттары бой көтерер кезде оның жанынан жер телімін бөліп, спорт залдарды біріктіре салу жобаға енгізіледі. Мен мұны 1990 жылдардың басында Қытайға барған кезімде өз көзіммен көрдім. Енді қытайлықтар қазір соның жемісін жеп отыр. Менің ойымша, облыс орталықтарынан мектеп-интернаттарын салуға еліміздің қаржысы толық жетеді. Тек ниеттің кемшін түсіп жатқаны қолбайлау болып отыр.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Еліміздегі бапкерлік мектептің әлеуеті жөнінде не айтар едіңіз? Жалпы, жеңіл атлетика саласындағы мамандардың жұмысына көңіліңіз тола ма?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Еліміздегі бапкерлердің біліктілігіне көңілім толмайды. Әрине, бірді-екілі бапкерлер спортшылардың әлемдік бәсекелерде ара-тұра жүлдеге қол созғанын мақтаныш етіп, соған мәз. Шыны керек, әлем біріншілігінде алтын медальді даусыз иеленіп, жүлдеге именбей қол созатын спортшыларымыз өте аз. Қазіргі таңда жеңіл атлеттерді дайындайтын мамандар жоқтың қасы. Бұрынғы бапкерлер қартайды, ал жаңа буыннан білікті бапкерлер табылмай тұр. Кәнігі бапкер даярлайтын Қазақ спорт және туризм академиясының түлектері де өз нәпақаларын басқа кәсіптен іздеп, күйкі тірліктің шекпенін киіп кетті.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Бапкерлердің бабын келтіру үшін ең алдымен не істеу керек?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Ол үшін арнайы бағдарламаның шеңберінде жас мамандарды аймақтарға жіберуіміз керек. Облыс әкімдіктері олардың қызметтік пәтер алуына көмек көрсетсе, тіпті басына баспана алып берсе де ешкім қолын қақпас еді. Жас мамандарды арнайы іріктеп, шетелдік семинарларға қатыстыру жағын да қолға алған абзал. Бірақ ол үшін ағылшын тілін білуі тиіс. Қазір орыс тілімен аса ұзаққа бара алмайсың. Еуропа, Америка және Азиядағы спорт орталықтарының ғылыми тәжірибелеріне қанығу үшін шет тілдерін міндетті түрде үйренгені жөн. КСРО кезінде жақсы үрдіс бар еді: шетелдік мамандармен бірігіп конференциялар мен біріккен оқу-жаттығу жиындары жиі өткізілетін. Қазір осының бәрі сиреп кетті. Мені таңғалдыратын тағы бір жайт, елімізде Қазақ спорт және туризм академиясы мен ЖОО-ның спорт кафедралары жыл сайын қаншама түлектерді тәрбиелеп шығарады. Сол мамандардың қай салада, қайда жүргені бізді аса қызықтыра бермейді. Оларды іздеп жатқан біреу-міреу бар ма? Бірен-сараны ғана қалада жаттықтырушы болып еңбек етсе, басым бөлігі өз тіршілігін күйттеп, қара басының қамымен тірлік етеді. Меніңше, солардың бабын жасап, аудандарға аттандыру қажет. Дипломын сандыққа салып, өзі шопыр немесе күзетші болып жүрген жас мамандардың қарекетіне немқұрайдылықпен қарағанымыз жақсы емес.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Бүгінгі таңда кейбір спорт түрлерінде бапкерлерден гөрі шетелдік спортшылар көбейіп кетті. Бұған қалай қарайсыз?
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Шыны керек, бұл жағдай менің жүрегімді ауыртады. Бүгінде шетел спортшыларының күш-қабілетіне қатты иек артып бара жатқанымыз ақиқат. Әсіресе, ауыр атлетика мен күрес түрлерінде өзге елдің спортшылары Қазақстан туы астында сайыстарға қатынасып жүр. Өз басым солар қанша жерден алтынмен апталып, күміспен күптеліп жатса да шын жүрегіммен қуана алмаймын. Себебі, олар спорттық ғұмыры аяқталған соң өз еліне та-йып тұрады. Біз оларға: «Айналайын, келе ғой, талантың бар екен, әйтеуір, біздің елдің атынан қатыссаң болды» деп жалынып-жалпақтап жүрміз.
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Меніңше, Қытайдан ауыр атлетші қыздарды жалдағанша өз балаларымызды баптап, тәрбиелеуге болар еді. Толағайдай тау көтерген жігіттер мен намысты қыздарды шындап іздесек, аса қиналмай табар едік. Жайшылықта «ауыл біздің тамырымыз, ырыс-құтымыз» деп айтудан шаршамаймыз. Шын мәнінде спорттағы жетістігіміз де ауылдан бастау алады. Елді мекендерде арыны тау жығардай жастар бар. Мұны соқырдың өзі тап басып танитын хал келіп қалды қазір. Біздің бапкерлер әйтеуір шиырлап қаладан шықпайды. Ауылда шаң-топыраққа көміліп, жалаң аяқ доп қуып, сыриған бойымен не істерін білмей жүрген балаларды іздей бермейді. Бұдан былай шетелден спортшы шақыруды доғару керек. Бүйте берсек, кім біледі, күндердің күні шетелдік боксшылардың көмегіне жүгініп, жалынып жүрмесімізге кім кепіл? Ал, шетелден бапкер шақыру қажет десе өз басым оны қолдаймын. Ол бүкіл әлемде бар тәжірибе. Бапкер шақырсақ, болатын баланы алыстан танитын Энвер Түркелери сынды мамандарды шақыруымыз керек. Айтары, үйретері бар ұстаздарды келісімшартпен елімізге алдыртсақ одан ұтыла қоймаймыз.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Әмин аға, сұхбатымыздың соңында отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Оқырмандарымыз алты алаштың ардақтысы атанған Әмин Тұяқовтың үй-іші туралы білгісі келеді…
tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Зайыбым Алмамен ақыл тоқтатып, алды-артымды әбден бағдарлаған шағымда, яғни отыз алты жасымда бас қостым. Екеуміздің арамызда алып-ұшқан құштарлық емес, жүрек үнімен ғана түсінісетін ынтықтық басым болған сияқты. Аллаға тәуба, тағдыр маған бір ұл мен қыз сыйға тартты. Тұңғышым – Сұлушаш орта мектепті үздік аяқтап, медициналық институтты қызыл дипломмен бітірді. Сол шақтары менің аяғым жиі ауыратын. Қызымның дәрігерлікті таңдауының бір себебі – мені емдеуге деген құлшыныстан туындаған секілді. Қызым бұл күнде балдай тәтті үш жиенімнің бақытты анасы. Ұлым Арман – мұнай саласының маманы, АҚШ-тың Техас университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәлім алды. Білім мен біліктілігін жоғарылату жолында тынбай еңбектенумен келеді. Ендігі бір арманым, сол балам өзіне сайлы жар тауып, немерелерімнің маңдайынан иіскеу бақытына жеткізсе деймін.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>– Әңгімеңізге рахмет! Аман-сау болыңыз!
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Әңгімелескен,
Сәбит ТАСТАНБЕК alasharena.kz
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>{jcomments on}
Leave a Reply