« ТОЛҒАТЫП КЕЛГЕН ӘЙЕЛДЕР КЕДЕРГІСІЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ»

Мадина КӨКЕНОВА, облыстық №1 перинаталдық

орталықтың бас дәрігері:

 tories/1234.jpg» width=»200″ height=»285″ alt=»1234″ style=»float: right;» />Бүгінгі қоғамда сын тезінен өтпеген сала жоқ. Қай саланың қызмет сапасын алмайық сарапшысы халықтың өзі. Жақсысы болса, асыра мақтап жатады, кемшілігі болса аяп қалмайды. Ақ халатты абзал жандар деп аялайтын дәрігер қызметінің сын садағына ілініп жатқан тұстары да аз емес. Таразыға теңгерсек сол тұстарды қуанышқа бөленіп, шаттанған сәттер асып-ақ кетеді. Әсіресе, дүниеге сәби келгенде… осындай әдемі сезім жетелеп, медицина қызметкерлерінің төл мерекесі тұсында Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың табалдырығын аттағанбыз. Бас дәрігер Мадина КӨКЕНОВАмен сұхбаттасудың да сәті түсе кетті.

 

— Мадина Үмбетқызы қазір ған ауладан кірген сәттен бірнеше қуаныштың куәсі болдық. Дүние есігін ашқан құндақталған құйтақандай сәбилерді отбасына шығарып алып жатыр екенсіздер. Бүгінгінің кіндік шешесі өздеріңіз болып табыласыздар. Қанша кіндік балаңыз бар?

Сіздің айтып отырғаныңыз біздің күнделікті жұмысымыз. Дүниеге шыр етіп нәресте келіп, ана болу бақытын сезінген әйелдерді көргенде жауапкершілігі мол жұмысымызда біз де бір сәтке болсын сергіп, жанымыз жадырап қалады. Шынымды айтайын қаншама жүкті әйелді босандыруға қатысқанымды санамаппын. Алайда, бүгінгі күнге дейін 10000-ға жуық баланың кіндігін кестім десем жаңсақ айтпағаным болар.

— Перзенханада жұмыс істеудің мол жауапкершілік жүктейтінін айтып өттіңіз. Жалпы дәрігерлерге,кіші медицина қызметкерлеріне қандай талаптар қойылады?

Басқа да денсаулық мекемелеріндегідей перзентханада жұмыс істейтін дәрігерлерге темірдей тәртіп, кәсіби біліктілік, адамгершілік, науқастарға барынша жылы шырай көрсету, сапалы медициналық көмек көрсету талаптары қойылады. Біз де адамбыз, қалыптасқан жағдайға қарай кейде қаталдық танытамыз, кейде науқастың жағдайына қарап қолпаштап, қолдаймыз.

— Өмір болған соң түрлі жағдай орын алып жатады. Жаны қиналып тұрған жанға көмек көрсетпеуге болмайды. Толғатып келген жүкті әйелдің құжаттары дұрыс болмаған жағдайда не істейсіздер?

— Толғатып келіп тұрған әйелдер ешқандай кедергісіз қабылданады. Алайда босанып болғаннан соң, ана мен балаға көмек көрсетілгеннен кейін, нәрестеге туу туралы анықтама беру үшін, босанған әйелдің жеке куәлігінің түп нұсқасы талап етіледі. Құжаттары болмаған жағдайда жеке басын анықтау үшін полиция қызметкері шақыртылады.

— Бүгінде нәрестелердің мерзімінен бұрын шала туылу жайттары жиі кездеседі. Осындай нәрестелерді күтудегі жаңалықтармен бөлісе отырсаңыз?

Заманауи медицина күн өткен сайын дамып келе жатқанына дау жоқ. Бүгінде шала туған нәрестелерді күтудің зааманауи әдістері біздің орталықта ойдағыдай нәтижелі пайдаланылып отыр.Мысалы: Шала туған нәрестелерді «инкубаторға» салып күтіледі. Ол инкубаторлар мөлдір пластмассадан жасалған, нәрестенің қызуын бірқалыпты, денесіндегі сұйықтықты жоғалтудан, әртүрлі инфекциялардан сақтайды.СPAP аппараты арқылы жасанды дем алдыру әдісін қолданамыз.Сондай-ақ уақытына жетпей туылған нәрестелердің асқазан ішек жолдарының жақсы дамымауына байланысты, оларды ерекше тамақтандыру қажеттігі туады. Осы орайда көмекке түтік немесе көктамыр арқылы тамақтандыру әдісі келеді. Бұл нәресте өз бетінше емшек емуді және жұтуды меңгергенге дейін жүргізіледі. Кей кездері шала туған нәрестеге анасының сауып алынған сүті түтік арқылы беріледі. Ол баланың тез өсуіне ықпал етіп, нәрестенің ағзасына инфекцияның түсуінен сақтайды.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt; line-height: normal;»>— Бүгінде ғалымдар толғақ кезінде әйелінің қасында болған ер азамат көп уақытқа дейін депрессиядан шыға алмайды деген пікір айтуда. Босанатын әйелдің күйеуімен серіктес босануы Сіздіңше дұрыс па?

Меніңше, толғақ кезінде ер азаматтың әйелінің жанында болуы олардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, жанұяның бірлігін нығайта түседі. Соңғы кездері серіктестік босануға қатысуға ниет білдірген ерлер санының артқаны байқалып отыр. Көптеген ана босануға алдын – ала дайындықсыз келеді де, босану үстінде қатты қиналады. Әрине толғақ деген оңай емес. Осындай сәттерде ері жанында болып психологиялық көмек берсе, оның өзі жақсы босануына мүмкіндік жасайды. Өмірге келген сәбиге анасымен бірге әкесінің де мейірімі түсіп, ер адамның отбасына деген жауапкершілігі, қамқорлығы артады. Бұл бағытта түрлі пікірлер де айтылуда. Ол енді әркімнің өз қалауы.

— Жас аналарға мамандар тарапынан бала күтімі бойынша қандай түсіндіру шаралары жүргізіледі?

— Орынды сауал. Босанған әйелге күтім керек. Әсіресе тұңғыш баласын дүниеге әкелген анаға ерекше қамқорлық көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса қажет. Жас аналарға жеке басының гигиенасы, омырауды суық тиуден сақтау және бала күтімі, емшекпен емізудің артықшылықтары туралы, нәрестеде кездесетін қауіпті белгілер туралы әңгімелесу жұмыстары жүргізіледі.

— Бүгінгі қоғамда дәрігерлерге айтылатын сын көп. Қайсыбірі шынайы айтылады, қайсыбірі білместіктен айтылады. Соңғы күндері естіген ең жақсы жаңалығыңыз қандай, ең жағымсыз оқиға ше?

Шынында соңғы кездері халық тарапынан медицина қызметкерлеріне деген теріс ниеттің орын алуы көбейіп отыр. Дәрігерлерге не істеу керектігін үйрету, дауыс көтеру, есікті тарс еткізіп жабу, әйнектерді сындыру жағдайлары да кездесіп отырады. Жалпы айтқанда өздерін науқас секілді емес, «клиенттер» секілді ұстайды, сонысымен дәрігердің қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіреді, мазасыз хал-ахуал тудырады. Көптеген адамдар өз денсаулығын жақсарту, аурудың алдын алу мәселелеріне аса көңіл бөле бермейді. Әсіресе әйелдер қауымы. Жүкті әйелдің денсаулығындағы ақаулықтар жаңа туған нәрестеге де кері әсер етпей қоймайды.Жағымсыздық туралы осыны айтар едім. Мұндай ахуалдың туындау себептері де әр түрлі. Бұл жерде егер біз кінәліні іздер болсақ, бүкіл қоғам кінәлі боп шығар еді. Өйткені дәрігер де, кіші медициналық қызметкер де, науқас та осы қоғамның бір мүшесі. Әр адамның басында бір қиял бар. Келіп тұрған адам жақсы ма, жоқ басқа ма, ойында не бар, бетіне қарап айыру мүмкін емес. Осылай тарқата келер болсақ қоғамның әр мүшесімен жұмыс істеу керек болады.

Ал, жағымды оқиғалар туралы өте көп айтуға болады. Ең қуанарлық жағдай елімізде,соның ішінде біздің өңірімізде босану саны жылдан жылға артып отыр, сонымен бірге ана мен баланың өлім-жітім жағдайы төмендеп келеді.Бұл игілікті істе біздің ұжымымыздың үлесі бар.

Сұхбаттасқан

Әлия АХМЕТОВА

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика