ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХЫНАН ТАҒЫЛЫМ

Шымкент  қаласында өрт сөндіру қызметі 1930 жылы ұйымдастырылып, оның құрамында 51 адам болды. Ол уақытта қала көлемі ұлғайып, үлкен индустриалды орталыққа айналған еді. Қалалық өрт сөндіру тобы 2 өрт сөндіру автокөлігі және 10 атпен жарақтандырылды. 1932 жылы Шымкент  өрт сөндіру қызметі басқармасы құрылды.

Бұдан өзге химиялық-фармацевтикалық зауытында, мақта зауытында және қорғасын зауытында ведомстволық өрт сөндіру топтары құрылды. 1938 жылы қалалық кеңестің Өкімімен Түркістан көшесінің бойынан өрт депосының құрылысы үшін жер телімі бөлінді. Сол жерде 1952 жылы жаңа өрт сөндіру бөлімінің өрт депосы салынып, қазіргі уақытқа дейін қызмет атқаруда. Облыстың өркендеуімен қатар мемлекеттік өрт сөндіру қызметі де дамып, көптеген өзгерістер байқалды. Ол әскерилендіріліп, озық техникалар алынды, қызметкерлердің біліктілігі артты. Облыс орталығы Шымкент қаласын, Түркістан, Кентау қалаларын үш әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдері қорғап, аталған қалалардың кейбір өндірістік нысандарында салалық әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдері құрылды.

Ал, 2005 жылы  Қазақстан Республикасы  Төтенше жағдайлар министрлігінде  елеулі өзгерістер болды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасы  және «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы болып қайта ұйымдастырылды.  2008 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысымен  Оңтүстік  Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

       2014 жылғы желтоқсан айынан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына және «Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 27 қазандағы № 737 бұйрығына сәйкес  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі құрылған. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы   № 702 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгертіліп, орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылды. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

Бүгінде Өрт сөндіру қызметі  – білікті кадрларға, заманауи техникаға ие, жетілген ғылыми және оқу базасы бар дәрменді жедел қызмет болып табылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты құрылымы болып табылатын Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Жораұлы Арсланов басқарады. Жеке құрам тәрбиесі және кәсіби дайындығы бағыты бойынша бастықтың орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Серік Рахматтуллаұлы Шойманов басшылық жасайды. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша бастықтың орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алтынбек Оңалбекұлы Толтаев басшылық етеді.

         Миллионнан астам халқы бар Шымкент қаласының өрт қауіпсіздігімен  қамтамасыз ететін  Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 773 адам қызмет атқаруда. Сондай-ақ қала аумағында 9 өрт сөндіру депосы орналасқан.  52 негізгі, 22 арнайы және 45 көмекші өрт сөндіру техникасы бар.

         Өрт және апатты құтқару ісі – батыл да, қайсар адамдардың мамандығы. Осындай батыл да, қайсар Шымкенттік өрт сөндіруші және құтқарушылар  да әрдайым ел игілігі жолында аянбай еңбек етуде.

А. Көзжан

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика