Патриоттық сабақ отансүйгіштік қасиетті қалыптастыра ала ма?

Кімнің рухы мықты сол нағыз сарбаз бола алады
Патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналды. Патриотизм – оқыту, үйрету арқылы ғана бала санасына сіңеді деген пкірлер айтылады. Отансүйгіштік сезім қанмен берілетін қасиет деп кесіп айтатындар да кездеседі. Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір институт — жоғары оқу орындары мен басқа да білім мен тәрбие беру мекемелері. Бұл біздің кейіпкеріміз Серікбай пікірі. Жастарға патриоттық тәрбие беруде тер төгіп жүрген ардақты ұстаз Серікбай Онбаевпен сұқбаттасқан едік.
–Әдетте біз баланың бойындағы патриоттық тәрбиені оның Отанды сүюімен, ұлтқа, елге қызмет етудегі қабілетімен өлшейміз. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары әскерге баруға құлықсыз балалардың қатары көбейген сияқты. Бұл патриоттық тәрбие беруде ісімізде кемшілік бар ма, әлде басқа да себептері бар ма?
– Қазіргі таңда жастар неге армияға барғысы келмейді? Біріншіден, сарбаздар арасында өлім-жітім көбейіп кетті. Өздеріңіз естіп-біліп жүргендей, әскердегі әлімжеттік әртүрлі жағдайдағы өлімге әкеп соқтырып жатыр. Әрине, сарбаздардың қазасын тек әлімжеттікпен байланыстыруға болмас. Ондағы темірдей тәртіп рухы әлсіздерді жүнжітіп-ақ жіберетіні рас. Бірақ ержігіт қандай қиындыққа да шыдауы керек. Бойында патриоттық сезімі басым жігіт әлімжеттікке де, әлсіздікке де жол бермейді. Ал, екінші мәселе, әскери борышты өтеу мерзімінің қысқаруында. 12 ай өте аз сарбаз үшін өте аз. Біздің кезімізде, біздің ағаларымыз біздер үш жылдан, бес жылдан әскери міндетімізді өтедік.
Бес жылда адам өзінің алған әскери мамандығын жете игеріп, соның шебері болып келеді. Ал, қазір ше? Қазір 12 айдың алты айында оқу-жаттығу алаңында болады, қалған 6 айын әскери бөлімде өткізеді. Соңғы 6 айында олар альбом дайындайды, киім тіктіреді. Бұл кезеңде әскери тактиканы үйреніп үлгереді деп айту қиын. Осыны ескерсе керек, қазір Қарулы күштерге өзгеріс енгізу жөнініде ұсыныстар түсіп жатыр. Өздеріңізде білесіздер, бүгінде әскерге барамын деп құлшынып тұрған ешкім жоқ. Шақырту келсе әскерге емес құлдыққа баратындай қашатын жағдайға жеттік. «Баламды қайтсем әскерден алып қаламын» деп табанынан тозып жүрген ата-аналарды да көріп жүрміз. Әрине, сап-сау аттанып, табытпен оралып жатқан сарбаздардың белгісіз қазасы кімді болса да ойландыратыны анық. Дегенмен, армия – ажал аумағы емес!!! Кімнің рухы мықты сол нағыз сарбаз бола алады. Ал, ертеңгі сақадай сай сарбазды ата-ана, отбасы, мектеп бүгіннен бастап тәрбиелеуі керек. Үкімет осыған баса назар аударуы керек. «Әскерге барғым келеді» дейтін жасты тәрбиелеу үшін алдымен армия оларға көптеген мүмкіндіктер қарастыруы керек. Әскери борышын өтеп келгендер жоғарғы оқу орындарына түсетін болса оқуын жалғастыратын болса, Қорғаныс министрлігі оқу ақысын өз мойнына алуы керек. Мысалы, әскери міндеттеме 1 жыл 6 айға ұзарса, сол жылдары сарбаз әскери тактиканы толығымен меңгеріп, қызмет еткен жылдары ешқандай қаелікке жол бермей, тек дұрыс жағынан көрінсе оның оқу ақысын 4 жыл бойы министрлік төлеп тұрса…

Оқу ақысын министрлік төлесе…
-Осындай ұсыныс дайындалып жатыр ма?
-Иә, заңға қабылданады деген үміттеміз.
–Әскери міндеттеме 12 ай емес,18 ай болады деп жатқан себебіміз, 18 айдың 6 айы «учебкаға» кетеді де, 12 айында өзінің алған мамандығы бойынша жұмыс істейді. Ал, көтеріліп жатқан үшінші мәселе, кез-келген сарбаз армиядан бір бір пайдалы іс үйреніп келуі тиіс. Шаштараз,ағаш мастері, қол өнері секілді мамандықтарды армияда жүріп игеруге мүмкіндік берукерек. Ертеңгі күні үйіне келгенде қосымша мамандықтарды қорғаныс министірлігінің есебінен алуына мүмкіндік болыр жатыр. Әскери бөлімдерморналасқан жерлердегі 14 мамамндық бойынша мамандар дйаындайтын көпсалалалы колледждерде оқып, мамандық игере алады. Мәселен, армияда жүріп қосымша 3 ай оқып машинист мамандығын алуына болады. Одан бөлек, көрші Түрік мемлекетіндегідей баласы әскери боырышын өтеп жүрген ата-ана салықтан босатылады. Жер салығы,түтін салығы,үй салығы, көлік салығы. Салықтың өзі қалтаға әжептеуір салмақ. Бұл да бір жағынан көмек болар еді.

«Өз елінің армиясын толық қамтамасыз ете алмаған, ертеңгі күні басқа елдің армиясын тамақтандыруға мәжбүр болады»

-Қанша жерден мүмкіндіктер қарастырылып, әскери борышын өтеуге қызықтырсақ та, баланың құлшынысы болмаса одан мықты сарбаз шығуы екіталай. Қазір мектептерге патриоттық сабақты енгізу мәселесі сөз боп жатыр? Сіз қалай ойлайсыз, патриоттық сабақ отансүйгіштік қасиетті қалыптастыра ала ма?
–Мен бұл сұрақтың жауабын бір ғана мысалмен түйіндегім келеді, қаңтар оқиғасы кезінде қаланың зиялы қауым өкілдерімен бірге
екі-үш рет жиналдық. Сонда бір депутат көкеміз «бізге Қарулы күштердің керегі жоқ» деді. Неге олай айтқанын сұрасам, «Америкамен,Франциямен келісімшартқа ға отырсақ олар бізді қиын-қыстау заманда кеп құтқарып қалады» дейді. «Өз елінің армиясын толық қамтамасыз ете алмаған, ертеңгі күні басқа елдің армиясын тамақтандыруға мәжбүр болады» дейді. Шеттен келген құтқарушы күнің қарап тұрған соң бізге әке-көкелемейді ғой, қару өзінде, билік өзінде, қаласа қамшымен сабайды, мылтықпен ұрады… «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарсаның» кері келмесіне кім кепіл?!

Елдің азаматтарын үйіріп әкететін, жағдай қиындықта да ақта қонуға
үгіттеп, бас бола алатын балаларды біз тәрбиелейміз»

-Өзіңіз де көпшіліктің пікірін оқып-біліп жүрген шығарсыз, біреулер керек десе, енді біреулер түкке қажетсіз санайды. Сіз патриоттық сабақ керек деп есептейсіз ғой, солай ма?
-Өте керек. Онсыз болмайды. Бұл сабақты енгізудегі мақсаттың саяси, әлеуметтік маңызы бар. Мәселен Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс жағдайда бұл елден батыр шыға ма, шықпай ма деген сұрақ басты сұраққа айналары анық. Елдің азаматтарын үйіріп әкететін, жағдай қиындықта да ақта қонуға үгіттеп, бас бола алатын балаларды біз тәрбиелейміз. Әйтпесе ел қорғайды деп сенім артып жүрген жігіттіріміз «маған Отанның керегі жоқ деп, дүние мүлкін жинап алып, «моя хата с краю» деп Израильге, басқа жаққа кетіп қалып жатса, бұл соғыстан да ауыр соққы болады…

-Патриоттық сабақта қандай мәселеге басымдық берілуі керек деп ойлайсыз?

–Отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуді біздің ата-бабамыз жүріп өткен жолдан іздесек адаспаймыз… Б.Момышұлы батырлар жырын тыңдап өскен екен. Оның бйоындағы қайсарлық содан қалыптасқан сияқты.
Иә, патриоттық сабақ керек пе деген мәселені көп талқыланды. Мұғалімдердің бірсыпырасы «сабақтың не керегі бар, барлық мәселе тәрбиеде» дейді. «Отанды сүй дегенді басқа сабақта да айтып жүрміз ғой» дегенді алға тартады. Ал, патриоттық туралы айтқан бір бөлек, патриоттық тәрбие беріп, оны баланың бойына сіңіру бір басқа. Ақын Мұхтар Шаханов «Мен қазіргі жастардың болашағынан қорқамын» дейді… Неге десеңіз, біздің басымыздай домалақ, сопақ басты балалардың орнына монитор басты балалар туылып жатыр… Олар ештеңе ойламайды. Кітаптан, түпнұсқадан ізденіп жатқан адам жоқ. Мен айтам кейде тапсырма берем де, кітапханадан, түпнұсқадан қараңдар деймін. Себебі интернетте біреуі олай, біреуі былай айтып дұрыс ақпарат бере бермейді… Кейбірі теріс дүниеге үгіттейді. Мысалы, қол ұстасып 9- шы қабаттан бірге секіріп жатқан қайғылы оқиғалар осы теріс тәрбиенің, интернеттің кесірі. Адамның санасын улау әп-сәтте, ал оны ала сүйреу қиынның қиыны.

«Бүгін «ол сабақтың керегі жоқ» деген пікірдегі мұғалім ертең бұл пәнді оқытуға жанын салады деп айта алмаймын»

—Смартфоннан, интернетке тәуелділіктен арылту үшін осы сабақта қандай басты бағытта жұмыс жүргізу тиімді? Тәрбие құралы қандай болуы керек?
-Біріншіден, әлемдегі ең дамыған мемлекет Жапонияда ешқандай қазба байлық шықпаса да,барлық жоғары технологияларды ойлап тауып жатыр. Оларды біз күнделікті қолданысқа енгізіп, пайдаланып жатырмыз. Ал, сол әлем елдерін аузына қаратқан Жапонияда смартфон пайдалануға уақыт белгіленген екен. Мәселен, кешкі сағат 20:00-21:00 дейін ғана телефон қолдануға құқылы. Басқа уақытта жасы да, жасамысы да смартфон ұстамайды. Өйткені бұдан келіп жатқан зиян өте көп. Әлеуметтік желілерде бір бейнежазба тарады, 4 телефонды қатар тізіп, қасына жүгері қояды, 4 телефонға бір мезгілде қоңырау шалып еді, жүгерілер патыр-пұтыр қуырылып жатыр…. Демек, ол адамның миын да «қуырып» тастайды… Сондықтан бұдан арылу керек. Монитор басты бала болмас үшін, бұдан құтылу жолдарын қарастыру керек. Ал, екіншіден, өзіміздің өте бай кітапханаларымыз бар. Баяғыда әскери мектепте директордың орынбасары өызметін атқарып жүргенімде мектеп жанында кітапхана болатын. Сонда 120 курсантты жиып ап, кітапхана бастап баратын едім. Кітапханада небір тұлғалармен кездесу өткіздік. Еркін форматта өтетін кездесудерлен курсанттар жігерленіп қайттаын. Алдыңғы буынның ерлігін ақйталағысы кеп құлшынып тұушы еді.
-Қазіргі уақытта кітапханаға апарып, кездесу өткізуге не кедергі?
-Әрине, кедергі жоқ. Тек ұйымдастыру жағы кемшін. Негізі біз барлық жерде мүмкіндікті пайлалануымыз керек. Патриоттық сабақты оқытатын ұстаздың өзін таңдауда қателеспеу керек. Бүгін «ол сабақкерегі жоқ» деген пікірдегі мұғалім ертең бұл пәнді оқытуға жанын салады деп айта алмаймын.
Сұқбаттасқан Дамира МОЛДАНАЗАРОВА. (Сұқбаттың жалғасы келесі санда жарияланады)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика