ЕРТЕҢ ШЫМКЕНТТЕ ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ СЫНЫП АШЫЛАДЫ

Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,

Кім Мұқанша бағындырар бағытты?

Қазақ халқы – Мұхтарымен Алатау

Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты!

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда халқымыздың біртуар перзенті, ұлт жанашыры, ділмар ақын Мұхтар Шахановпен кездесу өтті.

Рухани шараның шымылдығы қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында түсірілген бейнефильммен ашылды.  Мектеп оқушылары ақын шығармасынан сыр шертетін өлеңдерді нақышына келтіре оқып берді. Сонымен қатар, белгілі өнерпаздарымыздың орындауындағы «Өмір өзен», «Бала махаббат» әндері жұрт назарын ерекше аударды. Ұлы ақын Мұхтар Шаханов – халқымыздың мақтанышы. Данышпан ақынның  есімін  әлем елдерінің  баршасы таниды. Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болады. 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алып, оқуды бітірген соң «Оңтүстік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істейді. 1966 жылы көптен күткен «Бақыт», 1968 жылы адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық», 1982 жылы «Махаббатты қорғау», 1988 жылы «Ғасырларды безбендеу» атты жыр жинақтары жарық көреді. 1984-1993 жылдар аралығында «Жалын» альманағының бас редакторы болып жұмыс істейді. Артынша 1986 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып орналасады. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болғанға дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет жасайды. Ақын шығармаларын әртүрлі тақырыпта жазады. Ғашықтық ғаламатында біреуді бақытқа бөлеп, біреуді мұңға батырған махаббаттың құдіреттілігін баяндайды. Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде Ғашық болып өлу — қандай мәртебе! — деу арқылы адам баласының өмірдегі мақсатын баян еткендей болады. «Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Арман», «Шың басындағы оқиға» сынды өлеңдері де философиялық ой түюге тұрарлық. Ақын өлең жазып қоймай, драматургия саласына үлес қосқан. Осыған дейін «Махаббат таңы», «Көкейтесті», «Сенім патшалығы» сынды пьесалары сахналанған болатын. Мұнымен қатар, «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тіліне аударылған. Қазіргі көзі тірі аңыз ақындардың бірі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері – Мұхтар Шаханов. Оның бағы да сол шығар, қай қазақты тоқтатып сұрасаң да, Шаханов өлеңдерінен кем дегенде бір шумақ оқып берер. Ол туралы фин жазушысы Юкка Маллинен “Әлемдік парасат биігіне Орта Азия ежелден өзінің ұлы ойшылдары мен ақындары арқылы көтеріліп отырған. Заманауи поэзияда М.Шаханов – сол бабалар рухының ғасырлар аралатып жарқ еткен бірегей жұлдызы. Әлемнің екінші Аристотелі атанған, Отырардан шыққан философ Әбу Насыр әл-Фарабидей ұлы бабасы секілді М.Шаханов қазіргі өркениеттің жайын әрі соншама батыл, әрі соншама ауқымды парасат биігінде талқылайды. Заманымыздың осы көреген ақынын оқыған шақта өз басым ерекше толғанысқа түстім” деп толғанса, күні кеше дүниеден өткен орыс ақыны Евгений Евтушенко “Мұхтар, сен үшін мен бақыттымын, себебі сен – кең құшақты дархан тұлғасың. Сен Қазақстанға да, Ресейге де және бүкіл адамзатқа да бірдей ұлтжандылық ете аласың. Сен – қара қылды қақ жарған әділетті адамсың және болашақтың қазағысың!” деп баға берген еді.

Шаханов десе, оның поэзиясынан бөлек азаматтық позициясы қатар көз алдымызға келеді. Желтоқсан. Наурыз. Тіл. Қазақстандық ұлт. Қай жерде де шырылдап, екі қолын кезексіз сермеп, өлең оқып тұрған немесе қазақ тілі туралы тереңнен тебіреніп, шабыттана сөйлеп тұрған Шаханов…

Американдық университеттер жыл сайын оның дәрістерін тыңдауды асыға күтеді. Ал жапон студенттері оның өлеңдерін жатқа оқыса,  неміс халқы Шахановтың Германияға барған сапарын ерекше мәртебе  деп санайды. Бірақ біздің мектеп оқушылары, дәл бүгінгі сәтте өздерін олардан да бақытты санайды.  Себебі ақиық ақын біздің мектепке келіп, дана қазақ халқының жауҺар мұралары жайында сыр шертті. Қасиетті қазақ даласының құнды тарихы жайында жырланған өршіл рухқа толы өлең-жырларын тарту етті.

Ертең  16 қазан күні Шымкенттегі  135 мектепте қалалық білім мекмелеріне арналған семинар өтіп, Мұқтар Шаханов атындағы сынып ашылады.

 

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика