ОҚУШЫЛАРДЫҢ «ӘРЕКЕТ УАҚЫТЫ»  ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар сарайында мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» атты  қалалық балалар Құрылтайы өтті. Құрылтайға 200-ге жуық мектеп парламентінің көшбасшылары қатысты. Құрылтайдың  мақсаты азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру болды. Құрылтай  өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Жиынға  оқушылардың жан-жақты дамуына мотивация беретін  кеңестерімен, тәжірибелерімен бөлісу мақсатында жас қоғам белсенділері Жүсіп Нұрмұхаммед — Марафоншы, «Sportnation» спорт дүкенінің басқарушысы, Ашимова Жасмин Аскаровна — Шымкент қалалық волонтерлар корпусының президенті, Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің еріктісі, «TULGA GROUP» пияр агенттігінің негізін қалаушы, қоғам белсендісі, Саранова Данара – «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, Құндыз Турлан – Киноиндустрия өкілі, сценарист, актриса арнайы қонақ ретінде шақырылды.  Құрылтайда «Біз, Қазақстанның заманауи ұрпағымыз, елімізді батылдықпен,   жасампаздықпен   асқақтатуға   дайынбыз!» –  деген ұранмен, №66 мектеп  көшбасшысы Кенжебеков Исламбек «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар». №133 мектеп президенті  Сейдурасилова Балым «Табысқа апаратын жол: әрекет уақыты!», №7 мектептің көшбасшысы Міркәрім Ертұлға «Өзіңізді қалай басқаруға және командаңызды шабыттандыруға болады?»,  №9 мектеп көшбасшылары Қайырбек Дариға мен Кулбек Жания «Экологиялық  START UP жобалары және мектептегі кәсіпкерлік», №84 мектеп президенті  Умирбек Маржан «Жас көшбасшыларды дамытудағы тәлімгерлік пен менторлықтың рөлі», №75 мектеп президенті Устабаева Шадиана және №106 мектеп президенті Жүрсінбек Руслан «Эмпатияны, өзін-өзі бағалауды және өзіне деген сенімділікті дамыту» тақырыптарында өз жұмыстарын қорғап, тәжірибелерімен бөлісті. Құрылтайда Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының “New Stars” вокалды тобы  “Қазақпын” әнін орындаса, №133 мектептің парламент көшбасшылары М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыды.  «Айгөлек» би тобының өнері де көрермен қошаметіне бөленді.  «Алтын ғасыр» тобы «Шымкентім менің», «Қазақстан» сынды патриоттық әндер орындап, құрылтайға қатысушылардың рухтарын көтерді. Өзін-өзі басқаруға ата-аналардың қатысуы жылына бір рет мектептік ата-аналар жиналысында. Ата-аналармен жиналыста жұмыс жасай алмайтын жағдайда, мектептік ата-аналар конференциясы болуы тиісті және оған ата-аналар мен оқушыларды әр сыныптан теңдей таңдайды. Мектептік ата-аналар жиналысының арасында ата-аналар комитетінің жиналысы сыныптар арасындағы және сыныпта болуы керек. Мектеп педагогтары мен ата–аналардың  мекемеде өзін – өзі басқаруы және олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары әртүрлі болып келеді. Мектептегі әрбір жұмыс сайланушылардың қызығушылықтары мен өзекті мәселелерінен басталады, негізгі жұмыстың құрылымы, бағыты, қызметі өз кезегінде мекемедегі жұмыс мазмұнымен анықталмайды. Мектептегі өзін – өзі басқарудың базалық моделі төрт жүйеден тұрады: педагогикалық, ата – аналық, педагогикалық өзін – өзі басқару жүйесі, ата – аналардың өзін – өзі басқару жүйесі, мектептегі өзін – өзі басқару деңгейі басқа мекемелермен салыстырғанда алғашқы ұжым және ассоциация басқармаларымен бірге қызмет атқарады. Педагогикалық ұжымның өзін – өзі басқаруына мектеп педагогтарының кеңесі, ол мектептегі педагогикалық концепцияны талқылайды және жұмыстық талаптарын орындайды, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық негіздеріне және ата–аналар арасындағы өзара қарым–қатынасты, педагогикалық ұжымның құрылымын мектепке қатысты нормативті құжаттарды анықтайды және оларды бекітіп бөледі. Әдістемелік кеңестің жұмысы ғылыми теориялық деңгейде педагогикалық әдістемелік шеберлігі мұғалімдердің әдістемелік отырысы, олардың педагогикалық тәжірибесінен байқалады. Әдістемелік кеңестің жұмысы мынадай қызметтерді орындайды. Педагогикалық оқу ғылыми тәжірибелік конференция, конкурстар, оқу тәрбие үрдісіндегі әдістемелік база және мектептегі жұмыс тәжірибесін атқарады. Осы орайда бұл құрылтайдың Шымкент қаласының оқушылары үшін зор мүмкіндік. Жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды өзін-өзі басқарумен жетілдіру бағдарламасының мынадай қағидаларға сүйенуді талап етеді: жалпы білім беру мекемесінде еркін таңдау моделін оқушылардың өзін-өзі басқаруы өзінің спецификасы мен дәстүріне байланысты; жеке тұлғалық және ұжымдық ізденістерін бағдарлау, қажеттіліктер, тұлғалық және ұжымдық қызығушылықтарының бағдары, білім беру үдерісіндегі оқушылардың ептілігі (білім алушылар, мұғалімдер, ата-аналар); оқушылардың өзін-өзі басқаруының қызметтік негізі, өсіп келе жатқан жастарға өз энергиясын қажетті іске бағыттауды үйрету; жалпы білім беру мекемесіндегі өзін-өзі басқаруы жергілікті органдермен тығыз өзара қарым-қатынаспен байланысты. «Мектептік кеңес» моделін мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелер тәжірибе ретінде пайдаланады. Берілген өзін-өзі басқару моделінің заңнамалық және локалды актілерінің орындалуы негізгі талапқа сай болуы керек. Өзін-өзі басқарудың функциясын әкімшілік құрылым орындайды, олар жалпы білім беру үрдісіне қатысатындар, мектептік кеңес, жалпы мектептік жиналыстар, мұғалімдер кеңесі, ата-аналар жиналысы жатады.Осы моделдің арқасында білім беру процесінде мектеп оқушылары өз азаматтық құқықтарынқорғаумен өзін әлеуметтік ортада ұстауды үйренеді. Осы берілген моделдің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ойын технологиясының жаңашыл атрибуттары педагогикалық және тәрбиелеу мүлде қолданылмайды. Өзін-өзі басқару органдарының процестерінің құрылымдары оқушыларда қадағаланады.

 

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика