2022-08-10

Ардақты аналар, аяулы арулар!

tories/434_f99a504d5d2ed56ebe883c6111792619.jpg» border=»0″ alt=»434_f99a504d5d2ed56ebe883c6111792619″ width=»150″ height=»300″ style=»float: right;» />

Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз  Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі Сіздер Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетуіне өлшеусіз үлес қосқандарыңыз  ақиқат. «Әйел бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді әлдилейді” деген сөз текке айтылмаса керек.  Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, барлық қиындықты жеңіп, ертеңгі ерлерді өсіріп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімді білдіремін!

Қымбатты аналар, аяулы арулар! Көктемнің жұпар иісі мен шуағын ала келген мереке баршаңызға бақыт сыйласын. Отбасыларыңызға және өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр тілеймін.

Әрқашан осы өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып жүре берулеріне шын жүректен тілектеспін

 

Яндекс.Метрика