ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТЕЛЕАРНАЛАРДА НАСИХАТТАЛАДЫ

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Шакеев Сәкен Сейітханұлы бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына арнайы атбасын бұрды.

Халқымыздың дәстүрін дәріптейтін республикадағы бірегей саналатын мәдени мекеменің  жұмыс барысымен, ұлттық және қолөнер залдарындағы жәдігерлердің тарихы, қолданысы, мазмұнымен танысты.

Жиын барысында орталық басшысы Бахтияр Әбілұлы ұжымның ұйымдастыруымен өткен іс-шаралар барысы туралы айтып, жетістіктерімен қатар, өзекті мәселелердің бар екеніне де кеңінен тоқталды. Атап айтар болсақ, мекемені халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін қаржыландыру мәселесі, мекеменің тозығы жеткен техникалық базасын нығайту, республикалық және қалалық денгейде дәстүрлі ақындар айтысын, жыршы-жыраулар мен шайырлар байқауын және этно-фестивальдер өткізуге көмектесіп, алдағы уақытта қаржыландыруды назарға алуды ұсынды.

Өз кезегінде басқарма басшысы Сәкен Сейітханұлы  орталықты әрмен қарай дамыту үшін атқаратын бірқатар жұмыстарды өз тарапынан қозғап, шешу жолдары  туралы айтып, ұсыныстарын білдірді.

Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту, қалыптастыру жолында ғылыми еңбектерді жинақтап, энциклопедия жасау, ұлттық кодты насихаттау керектігін алға тартып, бірлесіп жұмыс жүргізетінін жеткізді. Нақтылап айтқанда, жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында телеарналар мен әлеуметтік желілерде (арнайы подкаст арқылы) ұлттық тағам, ұлттық ойын түрлері, ұлттық мерекелерді кеңінен насихаттау жұмыстары мен ұсыныстарымызға ықпал ететінін айтты.

Жиын соңында қызметкерлер де толғандырып жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауап алып, өз тараптарынан алғыс-тілектерін білдірді.

Қызмет ақпарат

(1530)

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

      Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме…

    Қызмет ПДФ

     

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика