2024-07-27

Шыңдалу жолы — шынығуда.

Білімді ұрпақтың алдымен дені сау болуы тиіс. Сондықтан денешынықтыру пәні оқушылардың ширақ әрі зерек болып өсуіне оң әсерін тигізеді.

Шіркін, спорт! Оған тартылмайтын, тлпынбайтын бала бар ма? Әр баланың өн бойына батылдық, ептілік, мақсаткерлік, шешімділік секілді асыл қасиеттерді дарытатын спорттың құдыреті керемет! Ендеше, шындалу жолы – тек қана шынығуда, — дейді Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылының Абай атындағы мектеп-лицейінде 18 жыл бойы денешынықтыру пәнінен дәріс беріп келе жатқан тәжірибиелі ұстаз Гүлжазира Байзақова.

Гүлжазира Медетқызы осы уақыт аралығында өзін ұстаз деген атауға қай тараптан алғандада сай келетін тұлға ретінде танытып үлгерді десек, артық болмас. Г. Байзақова әрбір денешынықтыру сабағын спорттық жаттығулардан бастайды. Мұның өзі ғұмырды ұзартуды, салауатты өмір салтына ұмтылудың алғашқы баспалдағы емес пе? Денсаулыққа көңіл бөлу, спортпен айналысу қай жағдайда да маңызды екендігін ескерсек, бала шындалып өсу үшін денешынықтыру сабақтарының маңызы зор. Елбасы еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуына арналған соңғы мақаласында да спорт мәселесіне айрықша көңіл бөлуі тегін емес. Ұдайы ізденіс үстінде болатын, шәкірт талабын қолдап, бұлақ көзін ашуға ынта танытатын, сонымен бірге талапшыл мұғалімнің ықпалы зор балаларға. Одан дәріс алып, облыстық және аудандық спорттық жарыстарға , спартакиадаларға қатысатын оқушылар әрдайым жеңіс тұғырынан көтеріліп, жүлделерге ие болып келеді.

         Елбасы тапсырған міндеттемелерге өзінің нақты ісімен жауап беруге тырысқан ізденімпаз да елгезек ұстаз Гүлжазира Байзақова дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері нағыз спортшы ұрпақ болашағын қалыптаушы ұста екендігін ешқашанда жадынан шығармайды.

А. Баймурзина.

Түлкібас ауданы.

«Қызмет» ақпарат.

Яндекс.Метрика