Өмірі ұзақ адамар Оңтүстікте тұрады

tories/01/dsc_6183.jpg» width=»276″ height=»173″ />Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында облыстың бас дәрігері Жұмағали Исмаилов БАҚ өкілдерін Шымкент қаласы «Самал 3» мөлтек ауданында орналасқан № 6 емханаға бастап барды. Сөзбасында соңғы үш жылда осы салада атқарылған жұмыстардан хабардар ете кетті.

— Балалар мен жаңа туған балалар хирургиясын, соның ішінде асқазан- ішек жолдары хирургиясын, нейрохирургия, кардиохирургияны дамыту бойынша кешенді шаралар қолға алынып отыр. Соның бір көрсеткіші ретінде халқымыздың өмір сүру ұзақтығы 69,8 жасқа жетті. Ал туу көрсеткіші 22,7 пайыз болса, табиғи өсім 18,6 пайызға ұлғайып отыр. Бұл табан тіреген емхананың бас дәрігері Кулиева Гүлнәр Жомартқызының айтқаны .

Бас дәрігер берген мәліметтерден білгеніміз облысымызда қан тамырлары аурулары алдыңғы қатарға шығып отыр екен. Бүгінгі таңда жергілікті денсаулық сақтау басқармасы осы бағытқа көп көңіл бөлуде.

Әңгімемізге тұздық болсын аталмыш № 6 емхана жөнінде аз кем айта кетейік. Бұл аурухана Елбасымыздың 100 мектеп 100  аурухана бағдарламасы негізінде кірпіші қаланған облысымыздағы теңдессіз ем қабылдау орталығы. Басқа емдеу орындарынан ерекшелігі әлеуметтік көмек көрсететін арнайы маман, психолог   әрбір науқаспен тікелей жұмыс істейді. Және ем қабылдағысы келетін әр науқас онлай режимінде www.shpq6.kz сайты арқылы кезекке тұрып тіркеле алады. 

Нұрлан ӘЛІМБАЕВ.

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Related Posts

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

  Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме…

Қызмет ПДФ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика