ДОСТЫҚТА ЖАҢА ЖЫЛДА ЖАРЫҚ ӨШПЕЙДІ

Осындай үміт бар. Шымкенттегі  Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы биыл, жаз айларында басталған.  Осы кезгедейін 1206 электрбағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнанастамэлектржелісітартылды.

Одан бөлек тұрғындардың сұранысы бойынша  жобада қарастырылмаған көшелерге де қосымша әр 3 үйдің тұсынан электр бағаналары орнатылуда.

Қазіргі уақытта құрылысы аяқталған аумақтардағы тұрғынүйлерді мемлекеттік желіге қосу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 365 үй сапалы электр қуатын тұтынып отыр.

ЖалпыДостықмөлтекауданынсапалыэлектрқуатыменқамтуқұрылысыжелтоқсанның 10-на дейінтолықаяқталады.

Айта кететін жайт, мердігер мекеме электр желісін тұрғындар есігінің алдына дейін жеткізіп беріп келеді. Оны ары қарай үйг еқосып, жалғап алу әр тұрғынның өз есебінен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық Транзит» пен «Энергопоток» мекемелері абоненттеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс толықтай аяқталғанда, Достықтағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.  Сонда тариф құны да арзандайды. Тұрғындар бүгінгікүнге дейін электр қуатын тұтынғаны үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасап келсе, бұдан былай 17,9 теңге төлейтін болады.

Мұндай жұмыстар Асар-2 шағынауданында да жүріп жатыр.Елдімекенде бүгінгі таңда сапалы электр қуатымен қамту бойынша жалпы саны 2 139 электр бағанасы орнатылған. Бұған қоса 24 трансформатор сатып алынып, учаске басына жеткізіліп, орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазір 30 шақырым электр желісі тартылып, нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылып отыр.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен қала тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары қала әкімі Мұрат Әйтенов қатаң бақылауында ұстап отыр. 2021 жылы «Бозарық» және «1-М-1» қосалқы станцияларының құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Айналадағы шағынаудандар мен елдімекендерге электр желілерін тарту сол қосалқы станциялар іске қосылған соң мүмкін болып отыр. Асар-2 шағынауданымен қоса Қайнарбұлақ тұрғындары да биыл сапалы электр жарығына қол жеткізеді, – дейді басқарма басшысы Боранбай Булатбеков.

Бүгінгі таңда Қайнарбұлақ тұрғын алабының шет жағына да бағаналар орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер «Turan Energo Group» мекемесінің мамандары жалпы3280 баған орнатуы керек.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика