Абай ауданы аумағындағы Алтынтөбе тұрғын алабының жалпы ұзындығы 1,4 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Алабтағы Өтебай көшесінің ұзындығы 0,4 шқ, жолдың асфальтбетон жабындысын ауыстыру сонымен қатар, аяқжол салу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш көшеде асфальт жабындысы 2 қабаттан салынды. Сонымен қатар, Нұрлыбай және О.Жамалов көшелерінің жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған көшелердің ені — 5 метрді құрайды.
Айта кетейік, 2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, орташа жөндеу бойынша ағымдағы жылы шалғай елді мекендер мен ішкі орам көшелеріне басымдылық беріліп, жалпы 300-ден астам көше жөндеуден өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халық пен әкімдіктің арасында кері байланысты жақсарту үшін Әл-Фараби ауданында ай сайын аудан әкімі тұрғындармен кездесу тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Бүгін кезекті кездесу үш және төртінші сектор атап айтқанда, Ескі қалашық, Дулати, Қазыбек би, Байтұрсынов, Тәуке хан, Желтоқсан, Қонаев, Желтоқсан көшелері тұрғындарымен өтті. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев аталған секторларда атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап өтті.
– Мұнда инфрақұрылым мәселесі толық шешімін тапқан, электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Кәріз жүйесі 95 пайызды құрайды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 балалар ойын алаңшасы салынды. Сондай-ақ, бір спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,-деді аудан әкімі Рашид Мыңбаев.
Ағымдағы жылы 4 көшеге асфальт төселді. Жүздесуде тұрғындар Рашид Мамытұлына Қонаев жолайрығының құрылысы, кәріз жүйесі, көшені жарықтандыру, асфальт төсеуге қатысты сауалдарын қойып, жауап алды.
Расында, биыл «Халық қатысатын» бюджет аясында аудан әкімдіктері тыңғылықты жұмыс істеді. Аулаларда балалар алаңшасы жаңаланып, көшелер тегістелді. Қаланың шетіндегі шағынаудан көшелері де жарықтандырылды.
Leave a Reply