2024-09-17

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АРАЛАП ШЫҚТЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланы жылумен қамтамасыз ететін мекеме басшыларымен арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «КЕГОК» АҚ Оңтүстік Филиалы, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ мекеме өкілдері жылу беру маусымына орай, қазіргі жұмыс барысы және төтенше жағдайлардың алдын алу дайындығы туралы баяндады.
-Станцияда 2 қазандық пен 2 турбина арқылы штаттық режимде жылу берілуде. температуралық және гидравликалық көрсеткіштер бекітілген нормаға сәйкес. Құрылыс және қауіпсіздік жөніндегі тексеру жұмыстары тұрақты түрде өткізілуде”-деді, “3-Энергоорталық” АҚ бас директоры Қ.Х.Оңғарбаев.
Шаһар басшысы баяндамаларды жеке-жеке тыңдап, олқылықтар мен төтенше жағдайлардың болуы мүмкін қауіптерін анықтап, тез арада алдын алу шараларына кірісудің алгоритмін пысықтауды тапсырды. Күрделі құрылғылар мен жалпы жүйенің техникалық жағдайына қатысты ақпараттардың ашық және дер кезінде ұсынылудың аса маңызды екенін атап өтіп, қаланы жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жалпы жүйенің жыл сайын тексерулерден өтуі мен жаңартылып отыруын, сервистік жұмыстардың сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алынуын жүктеді.
Айта  өтнйік, биыл ж ылыту маусымына дайындық жұмыстары 419,3 шақырым болатын жылу жүйелері, 12 жылу қазандығы, 17 сорғы станциясы бойынша жүргізіліп, олардың қалыпты қызмет атқаруы мамандар бақылауынан өтті. Турбоагрегаттар, жылу қазандықтары, трансформаторлар техникалық бақылаудан өткізіліп, жылу қазандықтарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті қосалқы жабдықтар алынды. Тозығы жеткен жүйелер бойынша 48 жылу учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1,9 млрд. теңге бағытталды. Қазір тиісті жұмыстардың барлығы атқарылып, жылу жүйелері халыққа қызмет көрсетуге толық дайын. Бұл мәселеде тұрғындар мына мәселеге мұқият қарауы қажет. Жылу беруші ұйым – көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесіне дейін келетін жылу жүйесіне ғана жауап береді.
Тұтынушымен жасалған келісімшартқа сәйкес, құбырдың элеваторлық торапқа немесе автоматикалық жүйеге дейін келетін бөлігінде жылудың қажетті температурада болуын ұйымдастырады. Әрі қарай жылу жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне пәтер иелері өздері жауапты. Тұрғын үйдің жылу жүйелерінің тозуынан, құбырлардың тиісті талаптарға сәйкес сығымдаудан өткізілмеуінен немесе жылу радиоторларының тот қалдықтарымен тығындалып қалуынан құбырларда жылу температурасы сақталмауы мүмкін.

Тақырыпқа түздық:  Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.

 

Яндекс.Метрика