ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БЕТ БҰРЫП, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Қоғамдық көлік қызметі сапасы сынала жүріп, түзелді. Былтырдан бері тың жаңашылдыққа бет бұрып, жолаушы тасымалдау ісі сауаттана түсті. Жүргізушілер де, жолаушылар да бір жүйеге түсіп, бірін-бірі түсінісе бастады.
Әрине мұндай тірліктің басында әкімдік қызметкерлері тұрғанын жоққа шығара алмайсың. Жауапты басқарма жар құлағы жастыққа тимей, жаңа жүйенің көшін ілгерлетті. Қазір екінің бірі алғыс айтып, аялдамада аялдайтын уақыттарының қысқарғанын жасырмайды.
Айта өтейік,  Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар. Оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдап жүрсе, қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт», «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4».
Қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініш жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биылғы сәуір айында бақылау жұмыс тобы құрылған болатын. Тұрғындар мен мамандардан құрылған арнайы топ жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін, жол ақысын төлеудің заңдылығын, қоғамдық көліктердің тазалығын, автобустардың уақтылы жүруін қадағалайды.
Сонымен қатар, қала ішіндегі бағыттарда жүретін автобустарға қатысты күнделікті рейд жүргізіледі. Соның нәтижесінде жол жүру ережесін бұзудың 442 дерегі анықталып, тиісті шара қолданылды, дейді жауапты мамандар. Осылайша бүгінде қоғамдық көлік саласының қызметіне талап едәуір күшейтілген. Ал бұл, өз кезегінде, қызмет сапасының жақсаруына септігін тигізеді.
Қажетті ақпар:сБүгінде жолаушылар үшін қала іші және қала маңындағы 78 бағыт бойынша барлығы 882 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.сҚалалық транспорт бақсармасының мамандары тұрғындар тарапынан көлік санын арттыру туралы өтініштер көбейгенін айтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Еститін үкімет» тұжырымдамасына сай жергілікті билік өкілдері, халық үнін ескеріп,  бағыттарды жаңа автобуспен толықтырып отырады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика