Мәжіліс Президенттің өкілеттігін қысқарту туралы конституциялық заңнама өзгерістерін мақұлдады

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Бұл жобалар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы саяси реформаларды толығымен жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Конституциялық заңның жобасы 7 конституциялық заңдарға түзетулерді енгізуді көздейді. Заңның жобасы 51 заңға, оның ішінде 15 кодекске түзетулер енгізуді қарастырады, — деді ол.

Оның айтуынша, заң жобалары 7 бағыт бойынша түзетулерді қамтиды.

Президентке қатысты түзетулер, заң жобалары Президенттің жергілікті атқарушы органдарға және Жоғарғы Сот Кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттіліктерді, Сенаттағы «Президенттік квотаны» қысқарту, сонымен қатар Президент лауазымын атқару кезеңінде енгізілетін жекелеген шектеулер бойынша түзетулерді қамтиды, — деді ол.

Мусин Парламенттің қызметіне, яғни Парламент Палаталарын қалыптастыру тәртібіне қатысты түзетулер туралы айтты.

 Сайлау жүйесінің аралас моделіне көшуіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ұсыныстары бойынша «президенттік квотаны» қолдану тәртібінің өзгеруіне байланысты түзетулер осы заң жобаларының аясында қарастырылған. Бұдан басқа, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Парламенттің бірқатар жаңа өкілеттіктері бойынша түзетулер бар, — деді ол.

Министр атағандай, Үкіметке қатысты түзетулер де бар.

 Енді Үкіметке Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, заңды күшіне енген уақытша қаулыларды қабылдау бойынша өкілеттіліктер беріледі. Мынаны атап өткен жөн, мұндай актілер айрықша және осындай актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін азайту талаптары және басқа жағдайлар осы заң жобаларының аясында қарастырылған, — деді ол.

  • Related Posts

    Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдарпартиясының кезекті V конференциясы өтті

    24 қаңтар күні Шымкент қаласындаҚазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясыныңШымкент қаласы филиалының кезекті Vконференциясы өтті. Іс-шараға партияның төрағасыАзаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдеріжәне экология сарапшылар қатысып, конференция күн тәртібіндегі…

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика