Демография Бір күнде 50-60 сәби дүниеге келеді

          Соңғы жылдары Шымкент қаласында бала туу көрсеткіші күрт өскен. Медицина мамандары әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келетінін айтып сүйіншіледі. Айтуларынша, үшінші мегаполисте күніне орта есеппен 120 сәби өмірге келеді екен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылы 5 мыңнан аса сәби жылдағыдан көп дүниеге келген. Яғни бір жылда мегаполисте 33 мыңнан астам бала туған. Сала мамандары нәрестелердің көбеюіне пандемия да әсер еткенін айтады.

   Әсіресе, пандемия кезінен бері ай сайын босануға келетін аналар саны көбейген. Бір күнде  перзентханада 50-60-қа жуық бала өмірге келедіекен.

         Қазір Шымкентте 4 перинаталдық орталық бар. Алайда нәрестелердің көбеюіне байланысты бұл орталықтарда орын тапшылығы байқалуда. Сондықтан жаңа босанған аналар үйлеріне ерте шығарылады. Бірақ қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселенің шешімі емес дейді. Себебі, мегаполиске тағы бір перинаталды орталық салу қажеттілігі туындап отыр.

  –Қазір бізде акушерлік төсек-орын жетпейді. Болашақта жаңа перинаталдық орталық құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қазір салынып жатқан көпбейінді ауруханалардан босандыру бөлімшелерін ашу көзделіп отыр,- дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, демографиялық өсім жағынан Шымкент Қазақстанда алдыңғы орында тұр. Демографиялық өсім бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Яғни, әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады деген сөз. Жыл басынан бері Шымкентте 100 егіз туған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен 20 балаға көп. Айта кетейік, шаһарда ағымдағы жылы 8197 нәресте дүние есігін ашса, оның ішінде 3951 – қыз және 4246 – ұл бала. Ал, орташа есеппен қалада жылына отыз бес мыңнан аса сәби дүние есігін ашады.

                                                                        «Қызмет»-ақпарат

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика