Шымкентте ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ДИПЛОМАТ, АКАДЕМИК,  ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ , ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ  ПСИХОЛОГ  ҒАЛЫМЫ ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ  АШЫЛЫП, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

Шырайлы Шымкаланың төрінде, Төлеген Тәжібаев көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында  қоғам және мемлекет қайраткері , академик, педагогика ғылымдарының докторы, қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, дипломат, БҰҰ ағылшын тілінде сөйлеген тұңғыш қазақ Төлеген Тәжібавқа арналған  ескерткіштің  ашылу салтанаты өтті . Іс-шараға Шымкент қаласы  әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы , қаланың зиялы қауымы, еңбек ардагерлері, Алматы, Астана, Тараз қалаларындағы университеттердің профессорлары, Төлеген Тәжібаевтың шөбересі Лейла, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің профессорлық құрамы және Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен  «Академик Төлеген Тәжібаев: өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми жиынды Шымкент қаласы  әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы ашып, айтулы күннің кейіпкері болған  ғалымның өмір жолынан мысалдар келтіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан кейін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің басқарма мүшесі «Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек академиктің өмір жолы мен қызметі туралы мазмұнды баяндама жасады.

Төлеген Тәжібаевтың мұраларын зерттеуге 40 жыл ғұмырын арнаған төл шәкірті, бүгінде 91 жасқа келіп отырған  профессор Жолмұхан Түркпенов » Төлеген Тәжібаев -психолог -ғалым» тақырыбында баяндама жасап, өткен күндер естелігінен сыр шертті. Ол қазақтың қайраткер ұлының білімі мен парасатына ғана емес , адамға қамқор үлкен жүрек иесі болғандығына ерекше тоқталды.

Бекет Тұрғараев , Алмасбек Мәуленов сияқты зерттеушілер «Ұлыларды ұлықтау-ұрпаққа парыз» ,»Төлеген Тәжібаевтың педагогикалық зерттеулеріндегі Абай тақырыбы » атты баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды.

Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның директоры Умарова Акмарал Сәрсенбайқызы «Төлеген Тәжібаевтың мұраларындағы тәрбие және білім құндылықтары» және Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық балалар ауылының директоры Меруерт Сүйіндікованың «Біздің үйдің жұлдызы» атты баяндамалары тындалды.

Конференция барысында филология ғылымдарының докторы Алмасбек Мәуленовтың «Академик Төлеген Тәжібаев» атты 5-томдық жинағының тұсауы кесіліп, оқырманға үлестірілді.

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика