ШӘКІРТІММЕН МАҚТАНАМЫН   ӨНЕРЛІ ҚЫЗ

Шымкент қаласындағы №1 Талант жалпы білім беру мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Тұрсынбек Еркеназ Айболқызы  – үздік оқушылардың бірі. Ол – өз мектебінің үздігі ғана емес, түрлі байқаулардан орын алып жүрген өнерлі қыз.

Еркеназ «Ақбота» өнер орталығының би үйірмесіне қатысады. Би өнерін өте жақсы меңгерген ол бүгінде көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтар болсақ, Тараз қаласында өткен «Жібек жолы» атты Х республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауына қатысып,  «Хореография» номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығаға байлады. Байқауда жеңімпаз атанған Еркеназға Түркия еліне жолдама берілді. Ал топтық би жарысынан ІІ орынды иеленген болатын.

Жүлделі жеңісімен ата-анасы мен ұстаздарын қоса қуантып жүрген Еркеназдың жетістігі мұнымен бітпейді. Түркістан қаласында өткен Халықаралық «BIG STAR» көпжанрлы фестиваль-байқауына қатысып, ол жақтан да І орынды иеленіп қайтты.

Еркеназ биді ғана емес, спортты да жаны сүйеді. Ол «Спартак» спорт кешенінен ашылған дзю-до үйірмесіне қатысып, бүгінде жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.

Сонымен қатар, №1 Талант жалпы білім беру мектебінің 3 «Б» сынып оқушылар арасында 8-наурыз Халықаралық аналар мен қыздар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты сайысқа Еркеназ анасы Минкан Ұлболсын екеуі қатысқан болатын. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту, ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру, балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл жарыста қатысушылар бес кезең бойынша бақ сынасты. Алдымен таныстыру кезеңінде барлығы өз өздерін таныстырып шықты. Одан кейін «Кім тапқыр?» кезеңінде аналар қыздарымен бірігіп, сурет арқылы берілген мақалды табудан жарысқа түсті. Үшінші кезең өнер сайысы болды. Мұнда ата-аналар қыздарымен бірге өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Төртінші кезең «Дәм думан» тағамдар сайысымен жалғасын тапса, соңғы кезеңде сән үлгілері көрсетілді.

Анасымен бірге қатысқан бұл байқауда да Аруназ ерекше көзге түсті. Өзге қатысушылардың арасынан оқ бойы озық шығып, алғырлығы мен зеректігінің арқасында тағы да бас жүлдені жеңіп алды.

Расында да, Тұрсынбек Еркеназ – сегіз қырлы, бір сырлы оқушы. Сондықтан да біз, ұстаздары Еркеназдай үлгілі әрі озат оқушымыздың болашағынан зор үміт күтеміз.

Сынып жетекшісі

Елтаева Балауса Кудербаевна

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика